Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы



бет6/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8

Практикалық тапсырмалар:

1. Тақырып бойынша негізгі ұғымдарға анықтама жазып келу.

2. Өзі басынан кешірген бақылау түрлерін сипаттау

Лекция №2

Тақырыбы: Мектеп басшысына қойылатын талаптар.

Жоспар:

1. Мектеп басшысына қойылатын кәсіби талаптар.

2. Мектеп басшысына қойылатын өнегелік талаптар.

3. Мектеп басшысына қойылатын экономикалық талаптар.

4. Мектепті басқару стилі.

Негізгі ұғымдар: кәсіби талаптар, адамгершілік талаптар, экономикалық .талаптар

Мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруланады, оқу-тәрбие жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзіретін, дербестігін,ынтымақтастығы мен жауапкершілігін бағалайды.Мектеп директорының оқу- тәрбие жұмысын басқарудағы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер :шығармашылық, педагогикалық шеберлік, білімдарлық, жоғары идеялық ұжымшылдық. Сонымен бірге оның бойындағы құзіреттілік, шешімділік,тапқырлық сияқты қасиеттердің де болуы тиіс.

Мектеп директоры мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналар жұршылығымен ұласу әдістерін, ынтымақтастық принципін жүзеге асыруда негізгі рухтандырушы, ұйымдастырушы.

Мектеп басшыларына кәсіби және адамгершілік-психологиялық талаптар қойылады.



Кәсіби талаптар-бұл кәсіби бағытта ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттілігі.

Адамгершілік талаптар - ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық т.б.

Мектеп директорлары өз ісіндегі жауапкершілік сезімді дамытады, ұжымшылдық, ізгілендіру принциптерін басшылыққа алады. Ол өзінің басқару әдістерінде ең алдымен қоғамның, халықтың мүддесін мектеп ұжымының қажеттігін қанағаттандыруды еске алады.

Мектептің іс-әрекетін басқару әдістерін үйлесімді етіп шеберлікпен пайдалану жұмысты басқарудың стилін анықтайды.

Басқару стилі - бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Стиль объективтік және субъективті факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады. Объективтік фактор – ұжымның ұйымшылдығы, іс қабілеті, басты міндеттерді шеше білуі, ұжым мүшелерінің сауаттылығы және сапалық деңгейі. Субъективтік фактор басшысының жеке басының қасиеттері.

Әлеуметтік психология және мектепті басқару теориясына сүйеніп, басқару стилінің үш түрін атауға болады : өктемдік стиль, демократиялық стиль, ымырашылдық стиль.

Өктемдік стиль - бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының ролін көтеру, ұжымының мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлерімен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.

Демократиялық стиль - бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.

Практикалық тапсырмалар:

1. “Егер мен директор болсам...” деген тақырыпта шығарма жазу.

2. Ұсынылған педситуацияны шешу.

Лекция №3

Тақырыбы. Мектеп жұмысын жоспарлау

Жоспар:

1. Жоспарлаудың маңызы.

2. Жоспарлаудың түрлері. және құрылымы.

3. Жоспарлауға қойылатын талаптар



Негізгі ұғымдар: жоспарлау, жылдық жоспар, жоспардың құрылымы.

Мектеп жұмысын жақсарту және оны жетілдіру оқу-тәрбие процесін дұрыс ғылыми – педагогикалық негізінде жоспарлай білуге байланысты. Мектеп жұмысын директор жоспарлайды.



Мектеп жұмысын жоспарлаудың мынандай тиімді жолдары бар:

-арнайы топ құрайды, оның құрамына тәжірибелі мұғалімдер, сынып жетекшілері, әдістемелік бірлестіктердің, проблемалық топтардың, психология-педагогикалық семинардың жетекшілері, кабинет меңгерушілері кіреді. Олар директордың басшылығымен жұмысты өзара бөліседі, жоспардың әрбір бөлімі бойынша жазған және жинақтаған материалдарды тамыз айында мектеп директорына тапсырады.Ол оқу-тәрбие жұмысы салаларындағы орынбасарларымен материалды тексереді, жинақтайды, зерттейді. Осының негізінде мектеп жоспарын жасайды. Жоспарды жаңа оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесінде талқыға салып бекітеді.

Жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы:

1. Кіріспе - өткен оқу жылындағы мектеп жұмысына қысқаша талдау жасау, негізгі жетістіктерді, олардың себептерін көрсету.

2. Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді өткен оқу жылының нәтижелеріне сәйкес анықтау.

3. Жоспардың негізгі бөлімдері, олардың мазмұны.



Практикалық тапсырмалар:

Мектептің жұмыс жоспарының үлгісін құрыңыз. Оған талдау жасаңыз.



Лекция №4

Тақырыбы: Мектептегі әдістемелік жұмыстар.

Жоспар

      1. Әдістемелік жұмыстың дербес формасы

      2. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық формалары

Негізгі ұғымдар: педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, әдістемелік пән бірлестігі, педагогикалық-психологиялық семинар.

1. Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады. Дербес формалары:

а) педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды;

ә) әдістемелік ұсынбалар, оқу құралдарын жасау, конференцияларға қатысу;

б) пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу;

Ұжымдық форомалар:

а) педагогикалық кеңес;

ә) әдістемелік кеңес;

б) мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестігі;

в) сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі;

г) кіші шығармашылық топтар;

д) пед-психологиялық семинарлар;

е) ғылыми-практикалық конференциялар;

ж) педагогикалық оқулар;



Практикалық тапсырмалар:

Педпрактика барысында мектептің әдістемелік кеңесіне қатысыңыз. Қандай мәселелер қаралғанын, шешімдердің орындалуы қалай бақыланғанын күнделікке жазу.



Лекция №5

Тақырыбы: Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру

Жоспар:

1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

2. Мұғалімдерді аттестациялау

Негізгі ұғымдар: кәсіптік біліктілікті көтеру, аттестациялау.

Мектептің педагогикалық кадрларын аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейін аттестациялау жүйесіне бірнеше өзгерістер, толықтырулар енгізілді.

Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде, ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады.

Әр комиссия өз компетенциясына сәйкес мәселелерді қарайды. Ал аттестациялау комиссисяның негізгі шешімі - біліктілік санат беру. Жоғары санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, ал екінші санатты мектептің аттестациялау комиссиясы береді.



Практикалық тапсырмалар:

1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының жұмысымен танысыңыз.

2. Аттестация нәтижесі бойынша мұғалімнің қызметін ынталандырудың формаларын атаңыз.

Лекция №6

Тақырыбы: Педагогтық әдеп және шеберлік

Жоспар:

1. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік. Педагогикалық шеберлікті зерттеген ғалымдар.

2. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен педагогикалық әдебі.

3. Педагогикалық шеберлікке жету жолдары.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық шеберлік, әдеп, іскерлік.

Педагогтық шеберлік дегеніміз - оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері. Педагогтық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар:



        1. Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың талаптарына сәйкес дәрежеде білуі керек;

        2. Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс;

        3. Мұғалім мектепте сабақ берумен қатар, тәрбие жұмысын да ұйымдастырушы.

Педагогикалық әдеп деп мұғалімнің бойындағы жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушылар арасында өзін ұстай білуі тиіс, қайырымдылық пен әділдік те әдепке жатады. Мұғалім өте көреген, мәселені терең зерттеп барып, шешім қабылдағаны дұрыс.

Практикалық тапсырмалар:

1. Шеберлік, іскерлік, дағды, ынтымақтастық, этика, әдеп, т.б. анықтама жазып келу.

2. Педситуациялар шешу.

Лекция №7

Тақырыбы: Білім берудегі инновациялар

Жоспар:

1.Білім берудегі инновациялар.

2.Педагогикалық инновацияның критерийлері.

3.Инновациялық оқу орындары



Негізгі ұғымдар: инновация, гимназия, лицей.

Инновация ағылшын сөзі - жаңалық деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізген мектептер инновациялық мектептер деп аталады.

Гимназия - оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына қарай оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия 1-ші сыныптан басталады.

Лицей - 2-ші не 3-ші сатыдағы оқушыларды қамтиды, әрі жоғарғы сатыдан бастап кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асырады.



Практикалық тапсырмалар:

1. “Инновациялық процесс” деген терминнің анықтамасын жазу.

2. Инновациялық оқу орнын дәстүрлі оқу орнымен салыстыру.

3. Көкшетау қаласында қандай инновациялық оқу орындары бар екенін анықтаңыздар.



Лекция №8

Тақырыбы: Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері

Негізгі ұғымдар: жаңашыл педагог, педагогика шеберлеріі озат тәжірибе.

Соңғы кездері біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері, педагогика шеберлерінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген құнды еңбектер жазылды. Олардың авторлары профессорлар Ш.А.Амонашвили мен П.И.Иванов, мұғалімдер В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, т.б. Осы авторлардың әрқайсысы оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Ш.А. Амонашвили алты жастан бастап оқытуды ұйымдастырды, И.П.Иванов А.С.Макаренконың идеясын ары қарай дамытты. И.П.Волков оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдірудің жүйесін жасады.

Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп жүрген Республикамыздағы жаңашыл мұғалімдер: А.Мыңбаев, Қ.Нұрғалиев, Қ.Бітібаева, т.б. Олардың идеялары туралы Б.Аймамбетованың “Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері” (А.1991) деген кітапшасында жазылған.

Практикалық тапсырмалар:

1. Негізгі ұғымдардың анықтамасын жазу.

2. Бір жаңашыл педагогтың іс-тәжірибесін зерттеу.

3. Қазіргі кездегі ұлттық мектептің проблемасы жайлы реферат дайындау.



Лекция №9

Тақырыбы: Мектеп жұмысын басқаруда халықтық

педагогиканың кейбір мәселелері

Негізгі ұғымдар: халықтық педагогика, этнопедагогика.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру пороцесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері :

1. Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

2. Азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

3. Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

4. Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;

5. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.



Практикалық тапсырмалар:

      1. Халықтық педагогика, этнопедагогика терминдеріне берілген әр түрлі анықтамаларды жазып алып, оларды салыстырыңыз.

      2. Халықтық педагогика мен ғылыми педагогиканың байланысын көрсетіңіз.

Ү тарау. Жоғары оқу орындарындағы менеджмент

Лекция №1

Тақырыбы: Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процесі

Негізгі ұғымдар: жоғарғы оқу орны, студент, менеджмент.

Ж.О.О. студент оқу-тәрбие процесінің объектісі, әрі субъектісі болғандықтан, оның әлеуметтену және психологиялық ерекшеліктерін, талабы мен тілектерін жете білмейінше, қазіргі заманғы кадрларды ойдағыдай даярлау мүмкі емес. Бұл қағиданың әсіресе педагог мамандарын даярлау үшін маңызы зор, өйткені болашақ ұстаздардың бойында мұғалімге тән жоғары адамгершілік сапалар мен мінез-құлық студенттік шақта қалыптасады.

Болашақ мамандарды даярлауда қазіргі заман мамндарына қойылатын жоғары талаптарды басшылыққа алуға тиіспіз. Қазіргі маман – жоғары мәдениеттің, мол эрудицияның адамы, жалпы алғанда ол - жаңа қоғамның нағыз интеллигенті.

Дидактиканың нені және қалай оқыту керек - деген негізгі сұрақтарының Ж.О.О. оқыту процесіне де тікелей қатысы бар.

Оқыту поцесі - оқытушылар мен студенттердің бірлесіп жасайтын іс-әрекетін қамтитын екі жақты процес. Бірақ орта мектепке қарағанда Ж.О.О. студенттердің оқу қызметінде дербестігі анағұрлым артық. Ж.О.О., әсіресе педагогикалық мамандықтардың оқыту процесі болашақ мұғалімдерге тәрбиеші, ұйымдастырушы, насихатшы болып қалыптасуына көмектеседі. Осыған орай студент өздігінен білім алудың дағдыларын игеріп, ертең мектепте оқушылардың және ата-аналарының арасында кең түрде лекторлық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге өзін әзірлеуге тиіс.

Казіргі Ж.О.О. оқыту процесінің ерекшеліктерін мынадай талаптар анықтайды: Студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары дәрежеде болуы: мамандар даярлаудың салаларын кеңейту; оқу пәндерінің интеграциясын жүзеге асыру; оқытуда стденттердің дербестік, шығармашылық қасиеттерін арттыратын белсенді ғылыми зерттеудің әдістеріне жақын келетін оқыту әдістерін кең түрде қолдану қажет.

Ж.О.О.оқыту процесі студенттерге универсалдық және фундаменталдық білім беруді көздейді, жан-жақты ғылыми білімі бар мамандықты терең меңгерген, кең салалы мамандар даярлауды қамтамасыз етуге тиісті. Ж.О.О. оқыту процесі қандай күрделі процес болса да педагогтар тарапынан басқару функциясын дұрыс ұйымдастыра білуге қабілетін керек етеді.

Ж.О.О оқыту әдістері.

Ж.О.О. оқыту әдістерінің орта мектептердегі әдістерден айырмашылығы мынада: Ж.О.О. оқыту әдістері студенттерге берілетін ғылымдардың мазмұнына және олармен тығыз байланысты болады.

Ж.О.О. оқыту әдістерінің атқаратын функциясына қарай оларды негізінен үш топқа бөлуге болады.

1. Оқыту әдістерінің тобы /лекциялар, жаттығулар, лабораториялық, практикалық әдістер, білімді бақылау, бағалау әдістері т.б./

2. Ғылыми –зерттеу әдістерінің тобы /бақылау, эксперимент, ғылыми әдебиеттермен, архивтік материалдармен жұмыс істеу, баяндамалар жасау, дискуссияларға қатысу т.б/

3. Өздігінен дербес жұмыс істеу әдістерінің тобы /аудиториядан тысқарыда, кітапханада, үйде уақытты дұрыс пайдаланып, кітаппен жұмыс және басқа білім бұлақтарымен тиімді түрде жүйелі жұмыс істеудің дағдыларын меңгеру т.б/. Бұл топтардағы әдістердің әрқайсысын оқыту процесінде белгілі функцияны атқарып отыратынын ескеру қажет: жаңа материалды баяндауда – лекцияның ролі ерекше болса, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жаттығулар мен практикалық жұмыстардың орны бөлек, сол сияқты білім мен дағдыларды бақылауда және бағалауда – бақылау жұмыстарды, коллоквиум, аттестация, зачет, арнайы тестер, емтихандардың атқаратын ролі де ерекше орын алады.



Ж.О.О. оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары.

Ж.О.О. оқыту процесін ұйымдастырудың қалыптасқан түрлі формаларының жүйесі қолданылады. Оларға: лекция, консультация, семинар, практикалық және лабораториялық оқу жұмысы, студенттердің өздігінен жұмыс істеуі, өндірістік /педагогикалық/ практика, экскурсия, курстық және дипломдық жұмыстар, бақылаудың түрлері /жазбаша, бақылау жұмыстары, коллоквиум, зачет, емтихан/



Студент туралы жалпы түсінік.

Студент деген ұғымға анықтама бергенде социологтар оның белгілі бір айырмашылығы бар әлеуметтік топқа жататынын, оның әлеуметтік белгілерін, қоғамдағы алатын орны, интеллегенцияның резерві екендігін атап көрсетеді. Б.Рубин және Ю.Колесников мынадай анықтама береді: “Студент дегеніміз материалдық және рухани өндірісте жоғары әлеуметтік және мамандық рольдер атқаруға ұйымдасқан түрде белгілі бағдарлама бойынша дайындалуды басты мақсаты деп санайтын өзгермелі топ”. Ал Т.В.Ищенко былай деп жазды: “Студенттерді қоғамдық топ ретінде айқындайтын белгілер мыналар: Ғылыми негіздегі білімді оқып үйреніп, бойға сіңірумен сипатталатын студенттердің еңбегі, еліміздің жас ұрпағына жататындығы және интеллегенциясының резерві ретінде атқаратын әлеуметтік ролі”. В.Т.Лисовский мен А.В.Дмитриевтің пікірлерінше студенттер өзіне тән ерекше өмір салтымен, еңбегімен және тұрмысымен, әлеуметтік мінез-құлқымен және психологиясымен, бағалық бағдарлау жүйесімен сипатталатын, жастардың құрамдас бөлігі болып есептелетін арнайы ерекше әлеуметтік топ.

Студенттердің алға қойған негізгі мақсаты - мамандықты меңгеруге байланысты қажетті кәсіптік білім және дағдылар жүйесімен қаруланып қоймай, сонымен қатар өздерін - өздері жетілдіруге, тәрбиелеуге белсенді түрде іс-әрекет жасау. Студенттің оқуына, оның әлеуметтік дамуына, бірге оқитын тобы ерекше әсер етеді.

Оқу тобы - ол студенттер үшін алғашқы ұжым болып есептеледі .Студенттік топ - ол өзіндік ерекшеліктері бар әлеуметтік организм. Жеке студенттер өзінің оқу тобының ғана мүшесі болып қоймайды, сонымен қатар олар басқа да бірлестіктердің мүшесі болуы мүмкін. Кейде топтың ішінде 2, 3, 4, 5 студенттерден тұратын микротоптар пайда болуы мүмкін. Мұндай микротоптар әдетте, жеке студенттердің бір-біріне деген қарым-қатынастар, олардың көңіліне, достық сезіміне, жерлестік қатынасына, жатақханада бір бөлмеде тұруларына, бос уақытты, демалысты бірге өткізулеріне т.б. себептеріне байланысты туады. Мұндай микротоптардың көздеген мақсаттары мен міндеттері, ықыластары мен қажеттері оқу тобының ортақ мүддесінен алшақ болса, онда олар ұжым өміріне кедергі келтіреді. Студенттік ұжым – күрделі динамикалық құбылыс, ол үнемі қозғалып ,алға қарай жылжып, дамып отыруға тиіс.

А.С. Макаренконың пікірінше, алғашқы ұжым - жолдастардың жиналған тобы компаниясы емес, әлеуметтік құбылыс. Оның жеке мүшелерінің ісі, достығы,т ұрмысы, идеологиясы жағынан біріккен, оның белгілі міндеттері, борышы, жауапкершілігі болады.

Ұжымның студенттің өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпалы.

Ұжымда қоғамдық пікір, сын, өзара сын, саналы тәртіп, дәстүр берік қалыптасады және жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеу ісі маңызды орын алады. Ұжымның және жеке студенттің даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекетінің маңызы зор. В.А.Сухомлинский өзіне-өзі тәрбиелеу туралы жастарға былай дейді: Егер өзіңді -өзің көндірмесең, өзіңе-өзің талап қоя білмесең - онда мейлі сені бір түгіл, жүз ұстаз баулысын бәрі-бір олар да дәрменсіз болар еді. Жеке студенттің өзіне-өзі тәрбиелеуіне мынадай факторлар: қоғамдық талаптар, ұжым талабы, ұжымда өзіне лайықты орнын алуға деген ниеті, өзінің тиісті ролін ойдағыдай атқару ниеті, кәсіптік конкурстар, олимпиадалар, үлгі-өнеге т.б. әсер етеді. Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты “Жеке адамның даму барысында өзін-өзі тәрбиелеудің ролі”, “Ұжым және жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі ”, “Еңбек және адамның өзін-өзі тәрбиелеуі”, “Адамгершілікке өзін-өзі тәрбиелеу”, “Өз мінезіңді білесің бе?”, “Эстетика жағынан өзін-өзі тәрбиелеу” т.б.тақырыптарға әңгімелер өткізу пайдалы. Кейбір зерттеулерге қарағанда студенттердің еңбегіне, мамандығына байланысты өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесі бірдей болмайтыны және осыған орай студенттерді бірнеше топқа бөлуге болатыны айқындалған. Мысалы: Б.П.Зязин мынадай 4 топқа бөледі:

1. Инициативті шығармашылық топ деп аталады. Бұған жалпы дамуы мен өзін-өзі тәрбиелеуі жоғары сатыдағы, мұғалімдік мамандыққа ынтасы мен мүмкіндіктері мол қоғамдық жұмысқа белсенді қатысатын студенттер жатады.

2. Өзіндік белсенді топ деп аталады. Бұған жалпы дамуы мен өзіндік санасы ерік-жігер қасиеттері айтарлықтай қалыптасқан, өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы бар, қоғамдық жұмысқа онша белсенді қатыспайтын, мамандыққа деген ынтасы айқын емес студенттер жатады.

3. Пассивті бейімделгіш топ. Бұған сыртқы ортаның әсеріне, педагогикалық талаптарға үйренуге бейімделгіш, қоғамдық жұмысқа ынтасыз араласатын, өзін-өзі тәрбиелеуге онша мән бермейтін, мұғалімдік мамандыққа немқұрайлы қарайтын студенттер жатады.

4. Баяу консервативті топ. Бұған жалпы дамуы,е рік-жігер қасиеттері шамалы, Ж.О.О.–ның жаңа жағдайларына қиындықпен үйренетін, қоғамдық жұмысқа араласпайтын, өзін-өзі тәрбиелеуді ойламайтын, мұғалімдік мамандыққа ешқандай ықыласы жоқ студенттер жатады.



Ж.О.О студенттерінің сапасын арттыру мәселелері.

Болашақ мұғалімдер үшін қоғамдық ғылымдардан оқылатын арнайы курстардың да маңызы зор. Өйкені мұғалімдер саяси-идеологиялық жұмысты ғылыми тұрғыдан жүргізу үшін олар көптеген жұмыстар атқаруда. Ж.О.О. оқу жұмысының сапасын арттыруда, оның нәтижесін біліп отыруда студенттердің біліміне бақылау жүргізу және олардың өздігінен жұмыс істеу процестерін дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Білімді бақылаудың көптеген түрлерін негізінен 3 топқа бөлуге болады. Олар:

1. Оперативтік бақылау

2. Күнделікті бақылау/ағымдағы бақылау/

3. Қорытынды бақылау.

Оперативтік бақылау – тікелей оқу процесінде студенттердің оқу жұмысының нақты түрлерін қалай орындап жатқанын тексеру мақсатында қолданылады.Мұндай бақылау әсіресе бағдарламалы оқыту кезінде көбірек орын алады.

Күнделікті бақылау - студенттердің оқу пәнінің белгілі тақырыптары мен білімдерін қалай игергенін білуге мүмкіндік береді. Мұндай бақылау әдетте үйге берілген тапсырмаларды тексеру, коллоквиумдар, семинар сабақтарындағы студенттердің берген жауаптары т.б. осы сияқты жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды бақылау – курстан курсқа өту емтихандары және мемлекеттік емтихан, сынақ, диплом жұмыстарын қорғау жатады.

Ж.О.О педагогикалық практиканың маңызы.

Ж.О.О. болашақ мұғалімдердерді даярлауда педпрактиканың маңызы зор. Педпрактика студенттерге теориялық білімді практикада қолдануға, ұстаздық шеберліктің негіздерін игеруге мүмкіндік береді. Педпрактиканы ұйымдастыруда оның үйрету дамыту, тәрбиелік функцияларын іске асыруды мақсат еткен жөн.



Педпрактиканың үйрету функциясы студенттердің теориялық білімін практикада қолдана білудің, олардың кәсіптік педагогтық іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етуді талап етеді.

Педпрактиканың дамыту функциясы студенттерде педагогикалық ойлауды, шығармашылық іздену қабілеттерін дамытуды қажет етеді.

Педпрактиканың тәрбиелік фуңкциясы, студенттердің саяси-идеялық сенімдерін, педагогтық қызметке, балаларға деген сүйіспеншілігін баулуды талап етеді.

Кейбір авторлар бұдан басқа, педпрактиканың тағы бір функциясын диагностикалық функцияны бөліп көрсетеді. Бұл функцияның мәні мынада: студенттердің педпрактикада мұғалімдік мамандыққа даярлығы мен жарамдылығының шамасы байқалып, анықталады. Сондай-ақ педпрактиканың комплекстік сипатын еске алу, яғни әдістемеден, педагогикадан, психологиядан, мектеп гигиенасынан берілген тапсырмаларды орындау үшін студенттер түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын /сабақ беру, сынып жетекшілерінің жұмыстарын орындау, психологиялық бақылау жүргізу, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу, ғылыми іздену жұмыстарын орындау т.б/ ұштастырып іске асыру қажет.

Педпрактика студенттердің атқаратын жұмысы комплексті сипатта және педпрактиканың 1-ші курстан бастап соңғы курстарға дейін үзіліссіз сипатта болуы да педпрактиканы дұрыс ұйымдастырудың принциптері болып табылады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет