Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы



бет5/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8

Практикалық тапсырмалар:

1. Мектептегі педпрактика барысында оқытудың жаңа бір формасын бақылау.

2. Топта өткен бір сабақты бақылап, жазу.

3.Экскурсияны ұйымдастырып өткізудің жоспарын құру.



Лекция №13

Тақырыбы: Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Жоспар:

      1. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

      2. Сабаққа қойылатын талаптар.

      3. Сабақта оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру

Негізгі ұғымдар: сабақ, мұғалімнің басшылығы, сабаққа қойылатын талаптар.

1. Сабақ дегеніміз - оқушылардың топқа ұйымдасқан класс деп аталатын тұрақты тобымен, мұғалімнің басшылығымен жүретін оқу жұмысы. Сабақтың оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы болатын себебі - ол алдымен мұғалімге оқытатын пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сабақ оқушының оқу әрекетінің класстан тыс және үйдегі түрлеріне бағыт-бағдар беріп, жетекшілік роль атқарады.

2. Қазіргі мектептегі сабаққа мынадай талаптар қойылады:


      1. Әр сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары болуы керек.

      2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы керек.

      3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.

      4. Сабақтың мазмұны оқытылатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

      5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, ойындарды тиімді қолдануы керек.

      6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.

      7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін, мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы қажет.

      8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.

      9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу, дамыту қызметін біртұтастық принципіне сай жүргізілуі керек.

      10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет.

      11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалім сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының болуы, тұрғылықты жердің табиғаты, т.с.с.) ескеріп отыруы шарт.

3. Мұғалім сабақты бекіту, қайталау кезінде оқушылардың белсенділігін оятуы тиіс. Ол үшін оқушылардың жеке, топпен, ұжыммен бірлесіп орындайтын түрлі жұмыстарын ұйымдастырады. Жаке дара жұмыс оқушыны өз бетімен білім алуға ынталандырады. Топтық жұмыс оқушыларды міндетті ақылдасып шешуге үйретеді. Ұжымдық жұмыс әрбір оқушыға алдына қойылған міндетті түсінуге көмектеседі.

Практикалық тапсырмалар:

1. Мектептегі бір сабаққа қатысыңыз. Сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бақылаңыз.

2. Мұғалім талаптарды қалай ескергенін бақылаңыз.

3. Атақты педагогтардың сабақ туралы пікірлерін жазу.



Лекция №14

Тақырыбы: Сабақтың типтері мен құрылымы

Жоспар:

      1. Сабақтың классификациясы жайлы түрлі пікірлер.

      2. Сабақтың құрылымы туралы түсінік

      3. Сабақтың түрі және құрылымы

Негізгі ұғымдар: классификация, құрылым, кезең.

    1. Сабақтың типтері мен құрылымы маңызды проблемалардың бірі. Әсіресе сабақтың жіктелуі жайлы әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы:

        • И.Н.Казанцев - оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына қарай 10 түрге бөледі;

        • С.В.Иванов - оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай 7 түрге бөледі;

        • Данилов пен Есипов - сабақтың негізгі дидактикалық мақсатына қарай 6 түрге бөледі.

    1. Сабақтың құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып,, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін керек.

    2. Жаңа сабақ жаңа материалды хабарлау мақсатын көздейді және сабақтың басым бөлігі осыған арналады. Бекіту сабағының мақсаты өтілген жаңа материал бойынша оқушылардың білімін бекіту. Қайталау сабағының мақсаты - өтілген оқу материалдарын бір жүйеге келтіру, қайталап, пысықтау. Аралас сабақ мектеп тәжірибесінде ең жиі қолданылатын сабақтың түрі. Онда бірнеше міндет жүзеге асырылады. Тексеру (бақылау) сабағында өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімі тексеріледі, бақылау жұмысы орындалады.

Практикалық тапсырмалар:

1. Сабақтың типтері туралы педагогтардың әртүрлі топтастыруларын жазу.

2. Өзі қатысқан бір сабақтың типін анықтап, құрылымына талдау жасау

3. Аралас сабақтың жоспарын құрып, үзінді көрсету.



Лекция №15

Тақырыбы:Дәстүрлі емес сабақтар

Жоспар:

      1. Дәстүрлі емес сабақтардың ерекшелігі

      2. Дәстүрлі емес сабақтардың сипаттамасы

Негізгі ұғымдар: дәстүрлі емес сабақ.

    1. Дәстүрлі емес сабақтар - бұл ойдан шығарылған сабақтар. Оның негізгі құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданылатын конкурс, сайыс, көкпар, ойын, бәйге, аукцион т.б. жеке тәсілдерді сабақтың элементтері деп қарау керек. Дәстүрлі емес сабақтардың, дәстүрлі сабақтар сияқты, мақсаты мен міндеттері, жоспары болады. Сабақтың мазмұны, барысы мұғалімнің шеберлігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

    2. И.Подласыйдың “Педагогика” оқулығында дәстүрлі емес сабқтардың 36 түрі ұсынылады: іскерлік ойындары сабағы, кВН-сабақ, концерт-сабақ, сот-сабақ, аукцион-сабақ, ертегі сабақ, т.б. Сайыс-сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын артырады, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелейді. Ертегі-сабақ балалардың артистік қабілеттерін жетілдіреді, өздерін еркін ұстауға, ситуацияны өз бетімен шешуге үйретеді. Соңғы кездері теледидардан көрсетіліп жүрген “ХХІ ғасыр лидері”, “Не? Қайда? Қашан?”, “Кім миллион ұтып алады?”, “Алтын қақпа”, “Атажұрт”, т.б. интеллектуалдық, танымдық бағдарламаларға негізделген сабақтар да өткізіледі.

Практикалық тапсырмалар:

1. Педпрактика барысында өзі бекітілген сыныпта дәстүрлі емес сабақты бақылап, нәтижесін дәптерге жазу.

2. Мұғалімнің оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттырудағы жұмыстарына назар аудару.

3. Дәстүрлі емес сабақтың бір түріне жоспар құру, үзінді көрсету.



Лекция №16

Тақырыбы: Сабаққа талдау жасау

Негізгі ұғымдар: сабақтың талдауы, хаттама.

Оқу жұмысын тексерудің барысында сабақтың сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Сабақты талдау шамамен мына үлгі бойынша жүреді:



      • Оқу пәні

      • Сынап

      • Мұғалім

      • Сабақ тақырыбы

      • Сабақ мақсаты

Талдау барысында мына мәселелер еске алынады:

      1. Сабақтың типі мен құрылымы;

      2. Сабақтың мазмұны, оқу материалының сапасы;

      3. Оқыту әдістері;

      4. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеті;

      5. Мұғалімге мінездеме беру;

      6. Сабақтың нәтижесі;

Сабаққа қатысу аяқталғаннан кейін талдау басталады. Алдымен сабқты мұғалімнің өзі талдайды, содан кейін басқа қатысушылар өз пікірлерін, ұсыныстарын айтады.

Практикалық тапсырмалар:

Педпрактика барысында өзі бекітілген сыныптың бір сабағына қатысып, хаттамасын толтыру.



Лекция №17

Тақырыбы: Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Жоспар:

      1. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

      2. Тақырыптық жоспарлау

      3. Күнделікті жоспарлау

Негізгі ұғымдар: сабақтың жоспары, тақырыптық, күнделікті жоспарлау.

1. Жақсы жоспарланған, шебер ұйымдастырылған сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады. Мұғалім әр сабағына мұқият дайындалып, оның мазмұнын, өтілуін жан-жақты ойластыруы керек. Егер мұғалім сабаққты дұрыс жоспарламаса, ол өз пәнін жетік білгенімен, сабақтың ірі кемшіліктері болады. “40 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабағыңа әзірленуді ұмытпа!” деген ережені есте ұстаған дұрыс.

2. Оқу жұмысы тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша жүреді. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқулық негізінде жарты жылға, немесе бір жылға құрылады. Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарды ойластыруға мүмкіндік береді. Тақырыптық жоспарда тақырыптардың сағатқа бөлінген аттары, сағат саны, өтілетін күні, көрнекі құралдары көрсетіледі.

3. Күнделікті сабақ жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Онда сабақтың тақырыбы, мақсаты мен құрылымы, сабақтың мазмұны, әдіс-тәсілдері, үй тапсырмасы көрсетіледі. Сабақтың әрбір кезеңіне жұмсалатын уақытты көрсетудің мәні зор. Жас мұғалімдерге сабақтың жоспарын толық жазған дұрыс. Кейін тәжірибе жинақтаған кезде қысқартулар қолдануға болады. Бірақ жоспар қандай формада жазылса да, онда сабақтың барлық кезеңдері қамтылуы керек.



Практикалық тапсырмалар:

1. Мұғалімнің тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларымен танысу.

2. Өз пәні бойынша тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын құру.

Лекция №18

Тақырыбы: Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру, бағалау

Жоспар:


      1. Тексеру мен бағалаудың маңызы

      2. Бақылау мен бағалаудың түрлері, әдістері, формалары

Негізгі ұғымдар: білімді тексеру және бағалау

    1. Оқушылардың БІД-рын тексеру, бақылау мен бағалау - оқыту процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бақылау мен бағалау арқылы мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру деңгейі мен көлемін, сапасын анықтайды. Тексеру бақылау арқылы жүзеге асады. Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру дегенді білдіреді. Бағалау деп оқушылардың БІД-ның сапасын анықтауды айтады.

2. Бақылаудың түрлері: күнделікті, тақырыптық, қорытынды. Бақылаудың әдістері: ауызша, жазбаша, практикалық, өзін-өзі бақылау. Бақылаудың форомалары: фронтальдық, топтық, дербес. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымдарында бағалаудың “5 баллдық” жүйесі қолданылады. Сонымен бірге тақырып бойынша тексеру зачет түрінде жүргізіледі, ал жыл соңындағы қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді.

Практикалық тапсырмалар:

1.Мұғалім сабақта бақылаудың қандай түрлері мен формаларын қолданғанын бақылау.

2. “5 баллдық” жүйенің тиімділігін анықтаңыз.

3. “Шетелдегі бағалау түрлері” деген тақырыпта хабарлама дайындау.



Лекция №19

Тақырыбы:Оқушылардың БІД-рын бағалаудың жаңа технологиясы

Жоспар:

      1. Рейтинг жүйесі

      2. Тест.

Негізгі ұғымдар: тест, рейтинг.

Оқыту процесінің сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. “5 баллдық” жүйе арқылы бағалауда обьективтілік толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан соңғы жылдары бағалаудың жаңа технологиялары енгізілді. Олар - рейтинг және тест арқылы бағалау.

“Рейтинг” сөзі ағылшын тілінен аударғанда бағалау, жетістік өлшемі деген мағынаны білдіреді. Рейтинг әдісі оқушылардың сабақтағы, үйдегі, қоғамдық орындағы барлық іс-әрекетін баллдық көрсеткішпен бағалап, оқу процесі бойында жинақтап, тоқсандық, жылдық нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді.

“Тест” сөзі ағылшын тілінен аударғанда тексеру деген мағынаны білдіреді. Тестілеу - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Педагогикада оқушылардың білімін тексеруге арналған тесттер жиі қолданылады. Бұндай тестте сұрақтардың саны 10-15-тен кем болмау керек. Әр сұраққа 5 жауап дайындалады. Олардың ішінде тек біреуі ғана дұрыс, қалғандары мүлдеи қате, жартылай қате немесе толық емес болады.

Рейтинг және тест арқылы бағалау үшін барлық оқу материалы модульдерге (блок) біріктіріледі. Бағалау нәтижесі баллмен есептеледі. Рейтинг-тест бақылау түрлері: күнделікті (текущий), аралық (рубежный), қорытынды (итоговый).

Практикалық тапсырмалар:

1. Топтың рейтинг деңгейін анықтау.

2. Пән бойынша тест сұрақтарын дайындау, өткізу.

Тарау бойынша тест сұрақтары

“Дидактика” термині қай елдің сөзі?

A) Орыс

В) Латын

С) Грек

Д) Араб


Е) Қазақ

Дидактика сөзі қандай мағынаны білдіреді?

A) Тәрбие

В) Мектеп

С) Оқушы

Д) Оқыту


Е) Үйрету

Дидактиканың негізін салған ұлы педагог

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Д.Ушинский

Е) Ж.Руссо

4. Россияда дидактиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Д.Ушинский

Е) А.Макаренко

5. Қазақстанда дидактиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Д.Ушинский

Е) М.Жұмабаев

6. Дидактикаға қазақ тілінде анықтама берген педагог

A) А.Байтұрсынов

В) М.Жұмабаев

С) Ж.Аймауытов

Д) Ы.Алтынсарин

Е) Н.Құлжанова

7. Оқыту процесінің функциялары

A) Білімдік, тәрбиелік, дамытушылық

В) Үйрету, көрсету

С) Әдіс-тәсілдерді меңгерту

Д) Іскерлікті қалыптастыру

Е) Үйрету

8. Дидактиканың негізгі ұғымдары

A) Білім, іскерлік, дағды

В) Бақылау, зерттеу

С) Ойлау, қиял

Д) Тексеру, бақылау

Е) Мұғалім, оқушы

9. Оқыту процесі дегеніміз не?

A) Оқулықпен жұмыс істеу

В) Оқытудың мақсатын жүзеге асыру

С) Оқушыны дамыту

Д) Жоспар құру

Е) Тәрбиелеу

10. Оқытудың ерекшелігі

A) Жеке адамға тән

В) Топтық жұмыс

С) Сыныпта өтеді

Д) Қоғамдық құбылыс

Е) Қоғамнан тәуелсіз

11. Оқытудың мақсаттылығын талап ететін принцип

A) Көрнекілік

В) Мақсаттылық

С) Беріктілік

Д) Проблемалық

Е) Саналылық

12. Оқушылардың табиғат, қоғам дамуының заңдылықтарын білуін талап ететін принцип

A) Беріктілік

В) Интеграциялық

С) Ғылымилық

Д) Ынталандыру

Е) Көрнекілік

13. Жеңілден қиынға қарай оқытуды көздейтін принцип

A) Түсініктілік

В) Ғылымилық

С) Саналылық

Д) Бірізділік

Е) Жүйелілік

14. Оқу бағдарламаларын, оқулықтарды құрастырғанда басшылыққа алынатын принцип

A) Ғылымилық

В) Түсініктілік

С) Жүйелілік

Д) Көрнекілік

Е) Проблемалық

15. Қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципі

A) Жүйелілік

В) Көрнекілік

С) Түсініктілік

Д) Қарапайымдылық

Е) Интеграциялық

16. Оқыту процесіне қойылатын талаптар

A) Әдіс-тәсілдер

В) Құралдар

С) Принциптер

Д) Ережелер

Е) Қасиеттер

17. Тақырыптардың бірізділікпен өтілуін көздейтін принцип

A) Саналылық

В) Жүйелілік және бірізділік

С) Ынталандыру

Д) Беріктіілк

Е) Ізгілендіру

18. Білімнің мазмұнын саналы түрде меңгерту принципі

A) Беріктілік

В) Ізгілендіру

С) Ғылымилық

Д) Саналылық және белсенділік

Е) Ынталандыру


    1. Оқушылардың білімді көру арқылы қабылдауын қадағалайтын принцип

A) Көрнекілік

В) Ынталандыру

С) Беріктілік

Д) Саналылық

Е) Проблемалық

20. Оқушылардың өткенді қайталап, еске түсіруін талап ететін принцип

A) Көрнекілік

В) Ынталандыру

С) Беріктілік

Д) Саналылық

Е) Интеграциялық

21. Оқу пәндерінің құрамын анықтайтын құжат

A) Оқулық

В) Оқу бағдарламасы

С) Оқу жоспары

Д) Сабақ кестесі

Е) Күнделік

22. Пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын құжат

A) Оқулық

В) Оқу бағдарламасы

С) Оқу жоспары

Д) Сабақ кестесі

Е) Тақырыптық жоспар


    1. Өтілетін тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат

A) Оқулық

В) Оқу бағдарламасы

С) Оқу жоспары

Д) Сабақ кестесі

Е) Оқу құралы


    1. Оқушыларға білім берудің негізгі көзі

A) Сөздік

В) Оқулық

С) Дәптер

Д) Күнделік

Е) Анықтамалық


    1. Оқытудың мақсатын жүзеге асыру жолдары

A) Әдіс-тәсілдер

В) Құралдар

С) Принциптер

Д) Ережелер

Е) Үйрету


    1. Оқыту әдістері қандай сұраққа жауап береді?

A) Кімді оқыту керек

В) Қалай оқыту керек

С) Неге оқыту керек

Д) Не үшін оқыту керек

Е) Кім үшін оқыту керек?


    1. Сұрақ-жауап түрінде қолданылатын әдіс

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Жаттығу


    1. Мұғалімнің материалды бірізділікпен баяндауы

A) Көрсету

В) Үйрету

С) Түсіндіру

Д) Сұрау


Е) Бақылау

    1. Диафильм, кинофильм көрсету қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Ойын


    1. Оқушылардың өсімдікті бақылауы қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Жаттығу


    1. Приборлармен жұмыс қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Сұрау


    1. Оқулықпен жұмыс қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Жаттығу


    1. Жаттығу орындау қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Үйрету


    1. Оқытуды ұйымдастырудың ең алғашқы формасы

A) Жеке-топтық

В) Трамп-план

С) Сабақ

Д) Семинар

Е) Лекция


    1. Класстық-сабақтық оқытудың негізін салушы

A) Ы.Алтынсарин

В) Я.А.Коменский

С) И.Песталоцци

Д) И.Гербарт

Е) Ж.Руссо


    1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

A) Лекция

В) Сабақ

С) Семинар

Д) Факультатив

Е) Үйірме


    1. Сабаққа басшылықты кім жасайды?

A) Директор

В) Ата-ана

С) Оқушы

Д) Мұғалім

Е) Орынбасар


    1. Табиғат, музей, көрме т.б. орындарда өтетін оқыту түрі

A) Сабақ

В) Экскурсия

С) Саяхат

Д) Лекция

Е) Семинар


    1. Оқушылардың қалауы бойынша өтетін оқыту түрі

A) Экскурсия

В) Семинар

С) Лекция

Д) Факультатив

Е) Сабақ


    1. Жоғары сыныптарға арналған сабақ түрі

A) Үйірме

В) Лекция

С) Әңгіме

Д) Сабақ


Е) Жарыс

    1. Мектепте жиі қолданылатын дәстүрлі сабақтың түрі

A) Жаңа

В) Қайталау

С) Аралас

Д) Бекіту

Е) Бақылау


    1. Жаңа материалды хабарлау сабағы

A) Қайталау

В) Бекіту

С) Аралас

Д) Жаңа


Е) Бақылау

    1. Өтілген материалды жинақтау, жүйелеу сабағы

A) Бекіту

В) Қайталау

С) Бақылау

Д) Аралас



    1. Бірнеше міндет жүзеге асырылатын сабақ

A) Жаңа

В) Қайталау

С) Аралас

Д) Бекіту

Е) Үйірме


    1. Білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыратын сабақ

A) Жаңа

В) Қайталау

С) Аралас

Д) Бекіту

Е) Экскурсия


    1. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін бақылау түрі

A) Тарау бойынша

В) Тақырыптық

С) Қорытынды

Д) Күнделікті

Е) Ұжымдық


    1. Тоқсан соңындағы бақылау түрі

A) Тарау бойынша

В) Тақырыптық

С) Қорытынды

Д) Күнделікті

Е) Жеке-дара


    1. Жыл аяғындағы бақылау түрі

A) Тарау бойынша

В) Тақырыптық

С) Қорытынды

Д) Күнделікті

Е) Дербес


    1. Оқушылардың білімін бағалаудың дәстүрлі формасы

A) Бес балдық жүйе

В) Тест


С) Ауызша

Д) Жазбаша

Е) Рейтинг


    1. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың жаңа түрі

A) Бес балдық жүйе

В) Тест


С) Ауызша

Д) Жазбаша

Е) Сұрау

ІҮ тарау. Мектептану негіздері

Лекция №1

Тақырыбы: Мектепішілік басқару, бақылау, мектепішілік менеджмент

Жоспар:

1. Мектеп басшылары және олардың қызметтері.

2. Мектепішілік бақылаудың мазмұны мен түрлері

3. Мектепішілік менеджменттің мәні



Негізгі ұғымдар: басқару, бақылау, менеджмент

Мектеп ісін бақылау үшін оған бірнеше педагогикалық талаптар қойылады. Олар:

- бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру;

- бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану;

- бақылаудың әділеттілегі жариялылығы;

- бақылаудың тиімділігі және нәтижелілігі.

Мектепшілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:

а/ оқу жоспары мен оқу бағдарламалары,олардың орындалуы;

ә/ сабақ берудің және оқудың жағдайы /сабақ берудің теориялық және әдістемелік деңгейі,оқушылар білімнің ,іскерлігінің және дағдысының сапасы/

б/ жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату және оқу-тәрбие процесіне енгізу;

в/ тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару /сыныптар бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары/;

г/ әдістемелік жұмыстар /педагогикалық және әдістемелік кеңестер, әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар т.б/;

д / ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;

е/ мектеп құжаттары;

ж /педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.

Оқу - тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар:

- жаппай, мысалы,барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары;

- бірнеше күн оқушылардың сабаққа қатынасуын, яғни сабаққа келушілер санын бақылау т.б.;

- тақырыптық - оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып бойынша тексеру;

- дербес - кейбір мұғалімнің ,тәрбиешінің, мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау;

- ұжымдық - сынып ұжымының,оқушылардың ұзартылған күн тобының, кейбір үйірмелердің іс-әрекеттерімен танысып бақылау.

Бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп ,бақылаудың түрлерін, орындау мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында көрсетеді, жоспар педагогикалық педагогикалық кеңесте бекітіледі.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет