Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы



бет2/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8

Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогикалық-методикалық басылымдардың тізімін жасау.



Лекция №11

Тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Жоспар:

1. Педагогиканың әдіснамасы туралы түсінік.

2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық проблемалары.

3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы



Негізгі ұғымдар: әдіснама, педагогикалық зерттеу, зерттеу проблемасы, зерттеудің құрылымы.

Ғылым әдіснамасы бұл - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама, идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр.

Педагогикалық зерттеудің бес кезеңі бар:


      1. Диагностикалық кезең - мәселенің пайда болуы мен қазіргі кездегі жайы анықталады;

      2. Прогностикалық кезең - зерттеу пәні мен обьектісі анықталады, гипотеза қойылады;

      3. Ұйымдастыру кезеңі - зерттеу мерзімі, базасы анықталады;

      4. Практикалық кезең - эксперимент жүргізіледі;

      5. Қорытынды кезең - нәтижені талдау, безендіру;

Практикалық тапсырмалар:

1. Әдіснама туралы әртүрлі анықтамаларды салыстыру.

2. Педагогикалық зерттеу туралы педагогикалық басылымда жарық көрген бір мақалаға талдау жасау.

Лекция №12

Тақырыбы: Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері

Жоспар:


    1. Дәстүрлі зерттеу әдістері

    2. Педагогикалық эксперимент

    3. Педагогикалық тестілеу

    4. Ұжымдық құбылыстарды зерттеу әдістері

Негізгі ұғымдар: педагогикалық бақылау, анкета, сұрау, интервью, эксперимент, тест, социометрия.

    1. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, іс-тәжірибені зерттеу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылығын зерттеу, әңгіме әдістері жатады. Бақылаудың түрлері: ашық және жасырын, тікелей және жанама, жаппай және ішінара, ұзақ және қысқа мерзімді. Бақылау барысында педагогикалық құбылысты қалыпта жағдайда байқайды. Әңгіме -бұл зерттеушінің сұрақтарына оқушының жауап беруі. Бұл әдістердің жетістігі де кемшілігі де бар.

    2. “Эксперимент” сөзі латын тілінен аударғанда тәжірибе деген мағынаны білдіреді. Пед.эксперимент бұл педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу. Эксперимент табиғи және лабораториялық болып бөлінеді.

    3. “Тест” сөзі ағылшын тілінен аударғанда тексеру деген мағынаны білдіреді. Тестілеу - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Тест әдісі педагогикаға психологиядан енді.

    4. Ұжымды зерттеу әдістеріне анкета, социометрия әдістері жатады. Анкета - параққа жазылған сұрақтар. Бұл сұрақтар зерттелуші шын көңілімен жауап береді деген оймен құрастырылады. Анкетаның түрлері: ашық және жабық, атаулы және анонимдік, полярлық. Социометрия әдісі ұжымдағы балалардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін қолданылады. Оқушылар сұрақтарға жауап бергенде, олардың таңдау еркі көзделеді. Бір оқушылар көп, екіншілері аз, үшіншілері мүлдем таңдалмауы мүмкін. Жауаптарға талдау жасап, кімнің беделі жоғары, кімнің беделі төмен екені анықталады.

Практикалық тапсырмалар:

1. Топтан бір студентті бақылап, нәтижесін жазу.

2. Анкета арқылы зерттеу жүргізу.

3. Эксперимент арқылы топтың тәрбиелілік деңгейін анықтау.

4. Тест арқылы топты зерттеу.

Лекция №13

Тақырыбы: Болашақ маманның ғылыми-зерттеу мәдениеті

Жоспар:

1. Зерттеу жұмысының болашақ мұғалімнің қалыптасуына әсері.

2. Зерттеу жұмысын безендіру

3. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары



Негізгі ұғымдар: ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми ізденіс, әдебиеттерді зерттеу.

Қазіргі кезде қалыптасқан қоғамдық практиканы қайта бағалау жалпы білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Бұл орайда, болашақ маман-педагогтардың кәсіптік деңгейін арттыруға қойылатын талап, олардың жалпы педагогикалық және арнаулы білімі мен қабілет сапасын заман талабына сай жан-жақты жетілдіру айрықша маңызға ие болуда. Болашақ мамандар алған білімін жадында сақтаумен қатар, шығармашылық қызметке, кеңінен ойлауға қабілетті болулары тиіс. Алайда, қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғанындай, оқу орнын бітірген жас мамандардың кәсіптік міндеттерді шеше білуге бейімділігі, шығармашылық ізденісінің аздығы жиі ұшырасады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жалпы оқу-тәрбие процесіне кіріп, негізінен, семинарлық, практикалық сабқтарда жүзеге асырылады да, сабақтан тыс уақытта ары қарай жалғастырылады. студенттердің зерттеу жұмыстарының мақсаты - теориялық білімдерді тереңдету, және ғылыми проблемалардың шешімдерін іздестіру әдісін игеру.

Ғылыми-зерттеу жұмысы студентті ғылыми зерттеуге баулудың неғұрлым жоғары дәрежесімен сипатталады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын дайындағанда алдын-ала мынандай екі міндетті шешу керек:


    1. Оқылып отырған пәннің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу кезеңінің дидактикалық міндеттеріне сәйкес, студенттерге күрделілігі түрлі дәрежедегі тапсырмалар дайындау;

    2. Тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда студенттердің ізденімпаздығының түрлі деңгейлерін анықтау;

Зерттеу жұмысы жұмысты безендірумен аяқталады. Зерттеу жұмысын безендіру онымен басқалардың танысуына мүмкіндік береді. Кез келген жұмысты безендіру белгілі талаптарға сәйкес жүргізіледі:

    1. Жазба жұмысы стандартты А4 форматты парақта орындалады.

    2. Парақтың сол жағынан - 2,5 см, оң жағынан - 1,5 см, жағарғы және төменгі жағынан - 2,5 см бос орын қалдырылады.

    3. Жұмыс таза, ұқыпты, түзетулерсіз орындалуы керек.

    4. Әр бетке номері қойылады.

Ғылыми ізденістер жүйесі студенттердің көзқарасын кеңейтуде, интеллектін дамытуда, болашақ маманның әлеуметтік психологиялық сипаты мен жеке қасиеттерінің дамуына елеулі әсер етеді. Студенттердің еңбексүйгіштігі, танымдық белсенділігі, ғылымға үлесі, оған қызығушылығы артады. Ғылымға қажетті ізденімпаздық, табандылық сияқты қасиеттері қалыптасады. Сөйтіп, студенттің қажетті бағытты таңдауына, өзінде әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруына жағымды әсер етеді.

Практикалық тапсырмалар:

1. Еркін тақырыпқа зерттеу жұмысын дайындау, безендіру.

2. Таңдаған тақырып бойынша зерттеу жұмысының жоспарын құру.

 

Тарау бойынша тест сұрақтары

“Педагогика” термині қай елдің сөзі

A) Латын

В) Грек

С) Орыс


Д) Араб

Е) Қазақ


“Педагогика” термині қандай мағынаны білдіреді?

A) Баланы оқыту

В) Бала жетектеу

С) Баланы тәрбиелеу

Д) Баланың дамуы

Е) Баланың қалыптасуы

Педагогика ғылымы нені зерттейді?

A) Жеке адамның дамуын

В) Жалпы адам тәрбиесін

С) Қоғамның дамуын

Д) Жеке адамның қалыптасуын

Е) Оқытуды

Педагогика ғылымының негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) К.Д.Ушинский

Д). Ы.Алтынсарин

Е) А.Дистервег

Россияда педагогиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) К.Д.Ушинский

Д) Ы.Алтынсарин

Е) Л.Толстой

Қазақстанда педагогиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) К.Д.Ушинский

Д) Ы.Алтынсарин

Е) Ш.Уәлиханов

Қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы

A) Ш.Уәлиханов

В) А.Байтұрсынов

С) М.Жұмабаев

Д) Ш.Құдайбердиев

Е) А.Құнанбаев

Алғашқы ғылыми педагогикалық еңбек

A) “Педагогика”

В) “Психология”

С) “Ұлы Дидактика”

Д) “Тәрбие туралы”

Е) “Қирағат”

“Ұлы Дидактика” еңбегінің авторы

A) Я.Коменский

В) И.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Ушинский

Е) Ж.Руссо

“Қазақ хрестоматиясы” еңбегінің авторы

A) Я.Коменский

В) И.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Ушинский

Е) А.Байтұрсынов

Тұңғыш “Әліппе” оқулығының авторы

A) М.Жұмабаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Аймауытов

Д) М.Дулатов

Е) Н.Құлжанова

“Педагогика” оқулығының авторы

A) М.Жұмабаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Аймауытов

Д) М.Дулатов

Е) Ш. Құдайбердиев

“Психология” оқулығының авторы

A) М.Жұмабаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Аймауытов

Д) М.Дулатов

Е) Х.Досмұхамедов

“Есеп құралы” оқулығының авторы

A). М.Жұмабаев

В). А.Байтұрсынов

С). Ж.Аймауытов

Д). М.Дулатов

Е) Н.Құлжанова

Алғашқы адамдар қоғамындағы тәрбие

A) Дене


В) Ақыл-ой

С) Еңбек

Д) Адамгершілік

Е) Эстетикалық

Құл иеленушілік қоғамдағы тәрбие

A) Дене


В) Ақыл-ой

С) Еңбек

Д) Адамгершілік

Е) Экологиялық

17. Негізгі педагогикалық ұғымдар

A) Әдіс-тәсілдер

С) Оқулық, оқу құралдары

В) Тәрбие, білім беру, оқыту

Д) Көрнекі құралдар

Е) Мұғалім, оқушы

18.“Білім беру” ұғымын педагогикаға кім енгізді?

A) Я.Коменский

В) И.Песталоцци

С) А.Дистервег

Д) И.Гербарт

Е) Ы.Алтынсарин

19. Білім беру дегеніміз не?

A) Ғылым негіздерін меңгерту

С) Белсенділікті қалыптастыру

В) Өзін-өзі тәрбиелеу

Д) Дағдыға үйрету

Е) Тәрбиелеу



    • Білім берудің жолы

A) Оқыту

В) Үйрету

С) Түсіндіру

Д) Көрсету

Е) Жаттықтыру

21. Тәрбиенің ерекшелігі

A) Қарым-қатынас құралы

В) Белсенділікті дамытады

С) Жеке адамға тән

Д) Қоғамдық құбылыс

Е) Қоғамнан тәуелсіз

22. Оқытудың мақсаты

A) Жаттықтыру

В) Дамыту

С) Білім беру

Д) Қалыптастыру

Е) Үйрету

23. Тәрбиенің тар мағынадағы анықтамасы

A) Мектептің ұйымдастырған жұмыстары

В) Тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп жүргізетін жұмыстары

С) Қоғамдық жұмыстар

Д) Жұртшылықтың жұмыстары

Е) Жеке тұлғаның дамуы


    1. Тәрбиенің кең мағынадағы анықтамасы

A) Мектеп, отбасы, бүкіл қоғамның ықпалы

В) Табиғат пен қоғамның байланысы

С) Еңбек адамдарының жұмысы

Д) Қоғамдық мекемелердің жұмысы

Е) Жеке тұлғаның дамуы


    1. Тәрбиенің шығуын, дамуын зерттейтін педагогиканың саласы

A) Методика

В) Педагогика тарихы

С) Дидактика

Д) Мектеп педагогикасы

Е) Дефектология


    1. Жеке пәндерді оқытудың әдістемесін зерттейтін педагогиканың саласы

A) Методика

В) Педагогика тарихы

С) Дидактика

Д) Мектеп педагогикасы

Е) Әлеуметтік педагогика


    1. Оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың саласы

A) Методика

В) Педагогика тарихы

С) Дидактика

Д) Мектеп педагогикасы

Е) Дефектология


    1. Соқыр балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Методика


    1. Саңырау-мылқау балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Дидактика


    1. Тіл кемістігі бар балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Педагогика


    1. Ақыл-ойы кем балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Психология

32. Педагогикалық құбылысты ұзақ және жоспарлы зерттеу әдісі

A) Анкета

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Жарыс

33. Ауызша сұрақ қою арқылы зерттеу әдісі

A) Анкета

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Тест


Е) Бақылау

34. Зерттеудің жазбаша сұрау әдісі

A) Анкета

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Байқау

35. Педагогикалық процесті арнаулы жағдайда зерттеу әдісі

A) Тест

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Рейтинг

36. Таңдалған жауаптарды талдау арқылы зерттеу әдісі

A) Анкета

В)Тест


С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Модельдеу

37. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар

A) Табиғат, қоғам

В) Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие

С) Еңбек, ойын

Д) Мектеп, мұғалімдер

Е) Дін

38. Жеке адамның дамуына әсер ететін әлеуметтік фактор



A) Тәрбие

В) Орта


С) Тұқым қуалаушылық

Д) Дін


Е) Еңбек

39. Жеке адамның дамуына әсер ететін қоғамдық фактор

A) Тәрбие

В) Орта


С) Тұқым қуалаушылық

Д) Дін


Е) Мектеп

40. Жеке адамның дамуына әсер ететін биологиялық фактор

A) Тәрбие

В) Орта


С) Тұқым қуалаушылық

Д) Дін


Е) Мектеп

41. Жеке адамның дамуындағы әлеуметтік ортаның ролін жоққа шығаратын бағыт

A) Преформизм

В) Экзистенциализм

С) Неотомизм

Д) Педология

Е) Идеализм

42. Жеке адамның дамуындағы тұқым қуалаушылықты асыра бағалайтын бағыт

A) Преформизм

В) Экзистенциализм

С) Неотомизм

Д) Педология

Е) Материализм

43. Жеке адамның дамуын құдайдың жаратуымен байланыстыратын бағыт

A) Преформизм

В) Экзистенциализм

С) Неотомизм

Д) Педология

Е) Утопизм

44. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасай білу қабілеті

A) Ұйымдастырушылық

В) Коммуникативтік

С) Академиялық

Д) Конструктивтік

Е) Дидактикалық

45. Мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп жеткізе білу қабілеті

A) Экспрессивтік

В) Ұйымдастырушылық

С) Дидактикалық

Д) Коммуникативтік

Е) Академиялық

46. Мұғалім қабілетінің пәніне сәйкестігі

A) Дидактикалық қабілет

В) Академиялық қабілет

С) Коммуникативтік қабілет

Д) Конструктивтік қабілет

Е) Ұйымдастырушылық

47. Мектеп жасына дейінгі кезең

A) 3-5 жас

В) 4-7 жас

С) 7-10 жас

Д) 10-12 жас

Е) 12-15 жас

48. Бастауыш мектеп жасындағы кезең

A) 7-11 жас

В) 8-9 жас

С) 12-14 жас

Д) 6-8 жас

Е) 11-15 жас

49. Жеткіншек кезең

A) 9-11 жас

В) 10-14 жас

С) 12-15 жас

Д) 15-17 жас

Е) 7-11 жас

50. Жасөспірімдік кезең

A) 10-14 жас

В) 15-17 жас

С) 16-19 жас

Д) 18-20 жас

Е) 9-12 жас

 

ІІ тарау. Тәрбие теориясы



Лекция №1

Тақырыбы: Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы

Жоспар:

1. Даму және қалыптасу туралы түсінік

2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар

3. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы жайлы түрлі идеялар.



Негізгі ұғымдар: даму, қалыптасу, тұқым қуалаушылық, қоршаған орта, тәрбие.

1. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Бала туғаннан бастап оның денесі дамиды, сөйлеуді үйренеді, іс-әрекеттерді меңгереді. Танымдық қызмет барысында ойлауы дамиды, көзқарастары қалыптасады. Ал қалыптасу деп жеке адамның дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін айтады.

2. Жеке адамның дамуына үш фактор әсер етеді:

а) Биологиялық - тұқым қуалаушылық;

ә) Әлеуметтік - қоршаған орта, табиғат;

б) Қоғамдық - тәрбие.

3. Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялық көзқарастар бар.

а) Платон мен Аристотель - алдын ала тағдыр белгілеген табиғаттың заңы;

ә) Преформизм - баланың барлық қасиеттері анасының құрсағында жатқанда пайда болады (Америка психологы Э.Торндайк);

б) Экзистенциализм - туа пайда болатын инстинкт (Америка философы, психолог Д.Дьюи);

в) Алғашқы гуманистер - әлеуметтік жағдайға байланысты (Т.Мор, Т.Кампанелла);

г) Қиялшыл социалистер - білім мен тәрбиеге байланысты (Ш.Фурье, Р.Оуэн, Сен-Симон);

ғ) К.Маркс, Ф.Энгельс - жан-жақты дамыту, тәрбиелеу.

Практикалық тапсырмалар:

1. Даму, қалыптасу, белсенділік жайлы “Психология” оқулығынан анықтамалар жазу.

2. Аңдардың арасында өскен балалар жайлы мәліметтер жинау.

3. Мына тақырыптардың біріне реферат дайындау: “Тәрбие және жеке адамның дамуы”, “Ұжым және жеке адамның дамуы”



Лекция №2

Тақырыбы: Тәрбие және балалардың жас және дербес ерекшеліктері

Жоспар:

1. Жас ерекшелігі жайлы түсінік.

2. Ғылымдағы жас кезеңдеріне сипаттама

3. Акселерация құбылысы.

4.Тәрбиеде дербес ерекшеліктерді ескеру.

Негізгі ұғымдар: жас және дербес ерекшелік, темперамент, жас кезеңдері, акселерация.

1. Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру - оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мектептің ішкі ережесі, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалынады.

2. Жас кезеңдері жеті сатыдан тұрады:


        1. Жаңа туған бала (туғаннан 1-2 айға дейін)

        2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жасқа дейін)

        3. Ерте сәбилік шақ (1-3 жас)

        4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4-7 жас)

        5. Бастауыш мектеп шағы (7-11 жас)

        6. Жеткіншектік шақ (12-15 жас)

        7. Жасөспірімдік шақ (16-18 жас)

3. Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі. Бұл құбылыс ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. басында байқалды. Бұл жан-жақты зерттеуді талап ететін құбылыс.

4.Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау, мінез-құлық, темперамент, т.б. қасиеттер жатады. Психологияды темпераменттің төрт түрі бар: холерик, сангвинник, меланхолик, флегматик. Күнделікті оқу-тәрбие процесінде оқушылардың осы ерекшеліктерін ескеріп отыру маңызды.



Практикалық тапсырмалар:

1. Жас кезеңдерінің психологиялық сипаттамасын жазу.

2. Акселерация ұғымына анықтама беру.

3. Психология оқулығынан темперамент, мінез-құлық ұғымдарына анықтама жазу, темперамент түрлеріне сипаттама беру.

4. Мына тақырыптардың біріне реферат дайындау: “Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері”, “Қиын кезеңнің ерекшеліктері”, “Жасөспірімдердің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері”.

Лекция №3

Тақырыбы: Тұтас педагогикалық процесстегі тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

Жоспар:

1. Тәрбиенің мақсаты

2. Тәрбиенің міндеттері

3. Тәрбиенің қазіргі кездегі мақсаты.



Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, тәрбиенің міндеттері, жан-жақты дамыту.

1. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

2. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері: а) теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу; ә) политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру; б) кәсіптік бағдар беру;

3. Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты тәрбиенің мақсаты да өзгереді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, “Білім туралы”, “Жастар саясаты туралы” Заңдардың қабылдануы тәрбиенің мақсатын қайта қарастыруды талап етеді. Сонымен қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.



Практикалық тапсырмалар:

1. Тәрбиенің мақсаты түрлі әртүрлі ғалымдардың анықтамаларын жазу, салыстыру.

2. Тәрбиенің мақсаты мен қоғамның дамуының арасындағы байланысты түсіндіру.

Лекция №4

Тақырыбы: Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері

Жоспар:

1. Тәрбие процесі туралы түсінік, ерекшеліктері.

2. Тәрбие процесінің заңдылықтары

3. Тәрбие принципі туралы түсінік

4. Тәрбие принциптеріне сипаттама.

Негізгі ұғымдар: тәрбие процесі, заңдылықтар, принциптер

1. Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс. Ерекшеліктері: Көпфакторлы процесс, ұзақ, үзіліссіз, комплексті, нәтижесінің бірмәнді және анық болмауы, екіжақты.

2. Заңдылық - процестің маңызды бөлшектерінің арасын байланыстырып отырады. Тәрбие процесінің заңдылықтары:

1) Тәрбиенің қоғаммен байланысы;

2) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі;

3) Іс-әрекеттің маңызы;

4) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру;

5) Ұжым мен жеке адамның өзара байланысы;

3. “Принцип” сөзі латын тілінен аударғанда ереже, талап деген мағынаны білдіреді. Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесіне қойылатын негізгі талаптар.

4. Тәрбиенің мақсаттылық, өмірмен байланыс, ұжым арқылы тәрбиелеу, тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принциптері бар.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогика оқулықтарының біреуінен тақырып бойынша конспект жазу.

2. Бір принципті таңдап, оның маңызы жайлы өзінің көзқарасын жазу, дәлелдеу.

Лекция №5

Тақырыбы: Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу

Жоспар:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу жайлы түсінік.

2. Қайта тәрбиелеу жайлы түсінік.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің жеке адамның дамуындағы ролі.



Негізгі ұғымдар: өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.

1. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушылардың іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында оқушы өзінің сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

2. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу - тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмыстары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктер жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы кемшіліктердің орнын толтырады. Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілік дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық, қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-құлықтың орынды тәжірибесін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді басқару, тұлғаның одан әрі дамуына бақылау. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу нақты тұлға үшін мақсаты, міндеті, жүзеге асыру жолдарын қамтитын бағдарлама жасаудан басталады.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет