Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы



бет3/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8

Практикалық тапсырмалар:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

2. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құру.

3. Мына тақырыпта реферат дайындау: “Жеке адамның дамуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролі”



Лекция №6

Тақырыбы: Тәрбие әдістері

Жоспар:

      1. Тәрбие әдістері туралы ұғым.

      2. Тәрбие әдістерін топтастыру.

      3. Тәрбие әдістерін таңдау шарттары.

Негізгі ұғымдар: тәрбие әдісі, әдістерді топтастыру, әдістерге қойлатын талаптар.

1. Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл жөнінде түрлі көзқарастар бар. Әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады:

“ Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері”.

Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады. Тәсіл - әдістің құрамды бөлігі. Әрбір әдістің тәсілдері болады. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында шекара жоқ.. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, коммуникация құралдары жатады.

2. Тәрбие әдістерін жіктеуде белгілі педагогтар Гончаров Н.К., Конникова Т.Е., Огородников И.Т., Болдырев Н.И., Марьенко И.С., Щукина Г.И., Сластенин В.А. т.б. зор үлес қосты.

3. Тәрбие әдістерін жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйде әртүрлі іс-әрекетке үйретуге болады.



Практикалық тапсырмалар:

1. Тәрбие әдістері жүйесінің схемасын сызу.

2. Әртүрлі тәрбие әдістерінің өзара байланысын түсіндіру.

3. Педагогикалық практика барысында тәрбие әдістерінің қалай қолданылғанын бақылау

4. Ұсынылған педагогикалық ситуацияларды шешіп, талдау жасау.

Лекция №7

Тақырыбы: Ұжым және оның дамуы

Жоспар:

1. Ұжым туралы түсінік.

2. Ұжым проблемасының зерттелуі

3. Ұжымның даму кезеңдері

4. Ұжымның перспективалары

Негізгі ұғымдар: ұжым, ұжымның дамуы мен қалыптасуы, ұжымның перспективалары.

1. “Ұжым” термині латынның “коллективус” - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.

Педагогикада қолданылатын ұжым ұғымының бірнеше белгілері бар:



      1. Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.

      2. Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілібір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері. Іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімі сипаттайлы.

      3. Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.

      4. Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.

2. Ұжымның теориялық мәселелері көптеген ғалым-педагогтардың еңбектерінде барынша терең зерттелді.

Н.К. Крупская жеке адамның даму мен қалыптасу ортасы – ұжым деп атады. Ол мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдарына, олардағы балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берді.

С.Т. Шацкий де ұжым мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол өзі басшылық еткен мектептің балаларын тату ұжымға біріктіруге тырысты. Педагогтарды балалар ұжымын терең зерттеп білуге шақырды.

Балалар ұжымын дамыту теориясына орыс педагогы В.А.Сухомлинский де айпарлықтай үлес қосты. Ол ұжымда балалар мен тәрбиешілер арасында рухани қарым-қатынас дамиды деп есептеді.

Ұжым тақырыбын терең зерттеген орыс педагогы А.С.Макаренконың еңбектері әлі күнге дейін өзінің құндылықтарын жойған жоқ. Ол ұжымдағы балалар арасындағы қарым-қатынас, ұжымды қалыптастыру жолдары жайлы терең жазған. Жеке адамды ұжымда тәрбиелеудің маңызын көрсетті.

А.С.Макаренко ұжымның төмендегідей белгілерін көрсетті:



      1. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

      2. Ұжым басқа ұжымдармен табиғи байланысты.

      3. Ұжым адамдарды ортақ мақсатқа, еңбекке ұйымдастырады.

      4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және ұйымдастырушылары болады.

А.С.Макаренконың айтуынша, ұжым бір орында тұра алмайды, ол үнемі дамып отырады.

3. А.С.Макаренко ұжымның дамуының төрт сатысын көрсетеді:

1) Ұжымның құрылуы;

2) Белсенділердің ықпалының артуы;

3) Қоғамдық пікірдің пайда болуы;

4) Ұжымның кемелденуі.

4. Ұжымның дамуы мен қалыптасуында алға қойған мақсат - перспектива маңызды роль атқарады. А.С.Макаренко перспективаны үшке бөледі:


      1. Жақын перспектива - күнделікті өмірде пайда болып, орындалатын міндеттер, мысалы жарыс, жексенбілік саяхат, үйірмеге қатысу, т.б.

      2. Орта перспектива - оқу жылы ішінде орындалатын міндеттер, мысалы балалар лагеріне бару, конкурстар өткізу, т.б.

      3. Қашық перспектива - ұзақ мерзімге жоспарланған жұмыстар. Мысалы, мамандық таңдау, мектеп бітірген соң оқуға түсу, т.б

Перспективалар оқушыға, мектепке, қоғамға пайда келтіретіндей болуы керек. Перспективаларды жоспарлағанда мұғалім балалардың жас және дербес ерекшеліктерін, қызығушылығын, дайындығын ескеруі керек.

Ұжымның өмірінде дәстүрдің тәрбиелік мәні зор. Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, адамдар арасындағы қатынастарды көрсететін нормалар мен принциптер. Дәстүр ұжымды нығайтады, ұжымның өмірінің қызықты өтуіне әсер етеді. Мысалы, мектеп мерекелері, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыға көмектесу, т.б.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың ұжым туралы еңбектерінен конспект жазу.

2. Педагогикалық ситуацияға талдау жасау

Лекция №8

Тақырыбы: Ұжым және тұлға

Жоспар:

1. Жеке адам мен ұжымның арасындағы қарым-қатынастың түрлері.

2. Ұжымға педагогикалық басшылық

Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, лидер, конформизм, гармония, ұжымға басшылық.

Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас маңызды болып саналады. Көп уақыт бойы ұжымның жеке адамға тәрбиелік әсеріне көңіл бөлінбеді. Жеке адам ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп есептелді. Қазір бұл мәселеге жаңа көзқарас пайда болды.

Оқушының ұжымға енуі - күрделі, қарама-қайшылықты процесс. Өйткені бір ұжымға енетін балалардың мінез-құлқы, сыртқы келбеті, денсаулығы, білімі, көзқарастары, т.б. ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан олар ұжымға әртүрлі енеді, жоолдастарының талаптарына әртүрлі қарайды.

Егер оқушының әлеуметтік тәжірибесі ұжымның тәжірибесіне сәйкес келсе, ондай оқушы ұжымға жаңіл енеді. Егер оқушының тәжірибесі төмен немесе, керісінше, жоғары болса, онда оған құрдастарымен қарым-қатынас жасау қиынырақ болады.

Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас тек оқушыға ғана емес, ұжымға да байланысты. Жоғары дәрежеде дамыған ұжымда қарым-қатынас та жақсы деңгейде болады.

Әрбір адам ұжымда өз орнын табуға тырысады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастын 3 түрін көрсетуге болады:



      1. Жеке адам ұжымға бағынады.

      2. Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынас.

      3. Жеке адам ұжымды бағындырады.

Жеке адамның ұжымға бағынуының екі жағы бар: 1). Жеке адам өз еркімен бағынады. 2). Жеке адам сырттай бағынғанымен, іштей өз көзқарасын сақтайды, үнсіз бағынады. Ашық қарсы шығу сирек кездеседі. Өйткені өзін-өзі сақтау инстинкті жұмыс істейді.

Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынаста өзара түсінушілік, келісушілік орын алады.

Жеке адамның ұжымды бағындыруы сирек кездеседі. Егер лидердің көзқарасы, білімі, қызығушылығы, т.б. ерекшеліктері ұжымнан жоғары болса, ұжымның дамуына жағымды әсер етеді. Егер керісінше болса, онда ұжым дамымайды.

Практикалық тапсырмалар:

1. А.Макаренконың еңбегінен конспект жазу.

2. Педагогикалық ситуацияға талдау жасау

Лекция №9

Тақырыбы: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру

Жоспар:

1. Дүниетаным және оның компоненттері.

2. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары.

Негізгі ұғымдар: дүниетаным, сенім, мұрат.

1. Дүниетаным дегеніміз обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Дүниетанымның компоненттері: білім, дүниетаным, сенім, мұрат.

Білім обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы ой тұжырымы. Сенім терең, тиянақта ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мақсат-мұраттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.

2. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру сабақта, пәндерді оқыту барысында, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асады. Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. ол адамның өмірін түгел қамтиды. Оқушының дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Дүниетанымды қалыптастыруға барлық пәндердің қатысы бар. Сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс жұмыстар оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қажетті құралы. Осы бағытта көркемөнерпаздар үйірмесі, жас техниктер клубы, т.б. оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.



Практикалық тапсырмалар:

1. Сенім, мұрат деген ұғымдар туралы өзінің пікірін жазу.

2. “Дін және жастар”, “Дүниетанымды қалыптастыруда АБҚ-ның ролі” деген тақырыптарға реферат дайындау.

Лекция №10

Тақырыбы: Тәрбие технологиясы

Жоспар:

1. Тәрбие технологиясы және оның ерекшеліктері.

2. Тәрбиенің комплекстілігі.

3. Тәрбие ісі туралы түсінік, оның мақсаты.



Негізгі ұғымдар: технология, тәрбие істері, ұжымдық шығармашылық істер.

1. Тәжірибеде теория технологияның көмегімен жүзеге асады. “Технология” термині “техно” - өнер, шеберлік және “логос” - ғылым деген сөздерден құралған Тәрбие технологиясының ерекшелігі - оның біртұтастығы, жеке шеберлікпен ұштастыру және барлық тәрбиешілерге ортақтығы.

2. Тәрбие комплектігінің маңызды шарты - тәрбие мақсаттарының, міндеттерінің, мазмұнының, әдістері мен формаларының бірлігі.

3. Тәрбие істері - тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі (формасы). Тәрбие процесі үздіксіз, жалғасты тәрбие істерінен тұрады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.



Практикалық тапсырмалар:

1. Технология термині туралы анықтамаларды жазу.

2. Бір тәрбие ісін жоспарлау.

Лекция №11

Тақырыбы: Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау

Жоспар:


    1. Сынып жетекшісінің жеке басына қойылатын талаптар

    2. Тәрбие жұмысын жоспарлау

    3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының үлгі жоспары

Негізгі ұғымдар: сынып жетекшісі, педагогикалық шеберлік, тәрбие жоспары.

      1. Сынып жетекшісі – кәсіптік даярлығы, арнайы білімі бар, өз пәнін,тәрбие

жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, практикалық дағдысы мен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы оңды қалыптасқан адам болуы керек.

Сынып жетекшісі – оқушылармен, ата-аналармен, педагогтар ұжымымен, жұртшылықпен тіл табысуға міндетті.

Сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігінің құрамына педагогикалық,

психологиялық, әдістемелік білімінің, эрудициясының, өрісінің болуы, кәсіптік қабілетінің (көрегендік, ұйымдастырушылық, іскерлік, дербестік) дамығандығы, ғылыми хабардың бастауы бола білуі, өзін-өзі ұстау мәнерінің беріктігі жатады.

2. Тәрбие жұмысын жоспарлағанда төмендегі педагогикалық талаптар ескеріледі:

а) Сыныптан тыс тәлім-тәрбие жұмысы оқу ісінің логикалық жалғасы;

ә) тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне, бағыттарына сәйкес келуі;

б) тәрбие жұмысы оқушылардың талап-тілектеріне сәйкес келуі;

в) тәрбие жұмысы жоғары идеялық-құқықтық, ғылыми дәрежеде, шебер сынып жетекшісінің басшылығымен өткізілуі;

г) тәрбие жұмысында оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері, білімі мен тәжірибесі, қызығушылығы ескеріледі;

3. Тәрбие жұмысының жылдық үлгі жоспары:


р/с

Жұмыстың мазмұны мен бөлімдері

мерзімі

жауаптылар

 

 

 

 

Тәрбие жұмысының апталық үлгі жоспары

күндер

Сыныппен жұмыс

Белсенді оқушылармен жұмыс

Жеке жұмыс

Пән мұғалімдерімен жұмыс

Ата-аналармен жұмыс

 

 

 

 

 

 

Практикалық тапсырмалар:

1. Тәрбие жұмысының үлгі жоспарын құру.

2. Тәрбие жұмысының сценариін құру.

Лекция №12

Тақырыбы: Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жұмыстар

Жоспар:

1. Девиантты мінез-құлықты балалардың ерекшеліктері.

2. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер.

3. Сынып жетекшілері ескеретін мәселелер.



Негізгі ұғымдар: девиантты мінез-құлық, қиын балалар, қайта тәрбиелеу.

1. Девиантты мінез-құлықты балалар немесе педагогикалық тәрбиесі қиын балалар - бұлар еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.

2. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер: отбасы тәрбиесіндегі кемшілік, отбасындағы сәисіздік, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысындағы кемшіліктер.

3. Тәрбиесі қиын балалармен жұмыста сынып жетекшілері мына мәселелерді ескеруі керек:

а) Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін;

ә) Кемшіліктерін терең зерттеу;

б) Тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру;

Практикалық тапсырмалар:

1. Қиын балалармен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлаңыз.

2. Тәрбиесі қиын балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлаңыз.

3. Педагогикалық ситуацияны шешіңіз.



Лекция №13

Тақырыбы: Тәрбие түрлері

Жоспар:

1. Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі

2. Еңбек және экономикалық тәрбиесі

3. Құқық және дене тәрбиесі.

4. Экологиялық және эстетикалық тәрбие.

Негізгі ұғымдар: адамгершілік, мораль, еңбек, экономикалық, экология, эстетика, құқық, дене тәрбиесі.

1. Оқушылардың саналы тәртібі, жағымды мінез-құлқы, соған сәйкес сенімі мен сезімі - адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Адамгершілік тәрбиесі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғасады. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері - оқушыларды қоғамдық моральдық нормаларды орындауға қатыстыру, Отанға, халыққа деген жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу. Ақыл-ой тәрбиесі жастарға білім берудің негізгі құралы. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттері - білім қорын жинау, ойлау операцияларын меңгерту, дүниетанымды қалыптастыру.

2. Мектептегі еңбек тәрбиесінің жүйесі - оқу еңбегі,, өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Еңбек тәрбиесінің міндеттері - еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбекті құрметтеу, кәсіптік бағдар беру. Еңбек және экономикалық тәрбиелер бір-бірімен тығыз байланысты. Экономикалық тәрбие дегеніміз оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, экономикалық саясатты, қатынастарды түсіндіру.

3. Жеке адамды жан-жақты тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы зор. Дене тәрбиесін ұйымдастыруда туризм, спорт, дене жаттығулары, ойын маңызды роль атқарады. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде құқықтық лекторийлер мен кинолекторийлер, заңтану мектептері, лекция, баяндамалар, кездесулер қолданылады. Сабақта басталған құқықтық білім беру ісі сыныптан тыс жұмыстар арқылы жалғасады. Аданың құқықтық білімі неғұрлым толық әрі терең болған сайын оның құқықтық мәдениеті соғұрлым бай болады, заңдылық сезімі бекиді, Мемлекеттік құқық, герб, ту әнұранға деген құрмет пайда болады. Саналы тәртіп пен мінез-құлықты құқықтық мәдениеттің іргетасы деп қарастыруға болады.

4. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары - экологиялық нормалардың қажеттілігін балалар мен жастардың бойында тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу, жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы табиғатты көркейту, күту, экологиялық білімді насихаттау. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - өнер, әдебиет, табиғат. Сонымен қатар ана тілі, музыка, бейнелеу өнері сабақтары. Басқа сабақтарда да тақтаға, дәптерге әдемі жазу, мәнерлеп сөйлеу, өзін ұстау дағдылары қалыптасады. Экологиялық және эстетикалық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыс формалары - экскурсия, конкурстар, т.б. қолданылады.

Практикалық тапсырмалар:

1. Әр тәрбие түріне байланысты сыныптан тыс жұмыстың сценариін құрыңыз.

2. Әр тәрбие түріне байланысты мақал жинаңыз.

Лекция №14

Тақырыбы: Балалар мен жастар ұйымдары

Жоспар:

1. “Атамекен” бағдарламасының мақсаты мен мазмұны.

2. “Жұлдыз” бағдарламасының мақсаты мен мазмұны

3. “Елім-ай” бағдарламасының мақсаты мен мазмұны

4. “Кәусар бұлақ” бағдарламасының мақсаты мен мазмұны.

Негізгі ұғымдар: бағдарлама, жастар ұйымдары.

“Атамекен” бағдарламасының авторы М.Құрсабаев. Бағдарламаның мақсаты - қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, өнерін оқып-үйрену, оны құрметтеу, сақтау. “Атамекен” бағдарламасы бойынша мектепте “Атамекен” ордасы құрылады, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш бірлестікке бірігеді: бастауыш сынып оқушылары 1-4 сыныптар - “Балдырғандар ата-баба елінде”, 5-8 сыныптар - “Мирас”, 9-11 сыныптар “Мұрагер” бірлестігі деп аталады. “Атамекен” бағдарламасы 30 шығармашылық бағыттан тұрады.

Ал “Жұлдыз” төрт кезеңге бөлінеді: “Балапан” 6-8 жас, “Балдырған” - 9-11жас, “Жас ұлан” - 12-14 жас, “Мұрагер” - 15-18 жас. Осы кезеңдер жеті сәуле бойынша жұмыс жүргізеді. “Жұлдыз” бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіңе, қиындықтарды жеңуіңе, нағыз достар тауып, бақытты болуыңа көмектеседі. “Жұлдыз” бағдарламасының авторы Е.А.Дмитриенко.

“Кәусар бұлақ” бағдарламасының авторы З.Ахметова. Бағдарлама сегіз бөлімнен тұрады. Бағдарлама оқушы балаларды халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбиелейді.

“Елім-ай” бағдарламасының авторы М.Балтабаев. Бағдарлама оқушыларға халықтық өнер негізінде эстетикалық тәрбие беруді көздейді.

Практикалық тапсырмалар:

1. Бағдарламалардың мазмұнын конспектілеу.

2. Бағдарламаны негізге алып, тәрбие жұмысының сценариін құру.

Лекция №15

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы

Жоспар:

1. Отбасы- баланың алғашқы ұжымы.

2. Мектеп -тәрбие жұмысының орталығы.

3. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы.



Негізгі ұғымдар: отбасы тәрбиесі, ынтымақтастық.

    1. Отбасы - бала алғаш өмірге келіп, ең алғашқы сөзін айтатын, тәй-тәй аяғын басатын ортаы. Отбасындағы тәрбие баланың дамып қалыптасуындағы маңызды фактор. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың” деген халық мақалында айтылғандай, баланың болашақта қандай адам болатыны отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Егер отбасындағы жағдай бірқалыпты, ата-анасы бір-бірін сыйлап, ақылдасып әрекет етсе, бала да ертең өзінің отбасын солай құрады. Алайда кейбір отбасында теріс қылықтар да көрініп қалады. Бұл балаға кері әсерін тигізеді.

    2. Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырады және басқарады. Мектептің басшылығымен ата-аналармен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.

    3. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар: ата-аналар жиналысы, педагогтардың оқушының үйіне баруы, насихат жұмысы, ата-аналар комитетінің жұмысы.

Практикалық тапсырмалар:

1. Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы бір баяндама дайындау.

2. Ата-аналар арасында анкеталық зерттеу жүргізу.

3. Ата-аналардың қатысуымен өткізілетін тәрбие жұмысының сценариін дайындау.

 

Тарау бойынша тест сұрақтары


    1. Тәрбие процесі дегеніміз не?

A) Тәрбие жұмысының мақсатын жүзеге асыратын процесс

В) Тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесі

С) Тәрбие жұмыстарын өткізу

Д) Тәрбие жұмысын жоспарлау

Е) Тәрбие жұмысын бақылау


    1. Тәрбие принциптері дегеніміз не?

A) Тәрбие әдістері

В) Тәрбие ерекшеліктері

С) Тәрбиеге қойылатын талаптар

Д) Тәрбиенің мақсаты

Е) Тәрбие түрлері


    1. Тәрбие жұмысының мақсаттылығын талап ететін принцип

A) Көрнекілік

В) Беріктілік

С) Мақсаттылық

Д) Ынталандыру

Е) Бірізділік

4. Тәрбие шараларының сабақтастығын талап ететін принцип

A) Ізгілендіру

В) Проблемалық

С) Сабақтастық

Д) Мақсаттылық

Е) Ынталандыру

5. Оқушының өзінің тәртібі мен мінез-құлқына сын көзбен қарауы

A) Өзін-өзі тәрбиелеу

В) Үйрету

С) Қайта тәрбиелеу

Д) Жаттықтыру

Е) Мадақтау

6. Оқушылардың теріс қылықтарын түзету

A) Өзін-өзі тәрбиелеу

В) Үйрету

С) Қайта тәрбиелеу

Д) Жаттықтыру

Е) Жазалау

7. Тәрбиенің мақсатына жету жолдары

A) Әдіс-тәсілдер

В) Құралдар

С) Принциптер

Д) Сөз


Е) Еңбек

8. Тәрбие әдістері қандай сұраққа жауап береді?

A) Қалай оқыту керек?

В) Қалай тәрбиелеу керек?

С) Неге тәрбиелеу керек?

Д) Кім үшін тәрбиелеу керек?

Е) Не үшін тәрбиелеу керек?

9. Балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру әдісі

A) Үйрету

В) Талап қою

С) Қоғамдық пікір

Д) Сұрау


Е) Өнеге

10. Ұжым мүшелерінің баға беруі

A) Өнеге

В) Жарыс

С) Анкета

Д) Қоғамдық пікір

Е) Пікірталас

11. Оқушыларды қажетті дағдыға төселдіру әдісі

A) Мадақтау

В) Жаттықтыру

С)Жазалау

Д) Үйрету

Е) Әңгіме

12. Төменгі сынып оқушыларының санасын қалыптастыру әдісі

A) Пікірталас

В) Әңгіме

С) Сұрау

Д) Анкета

Е) Мадақтау

13. Оқушылардың жағымды мінез-құлқын ынталандыру әдісі

A) Мадақтау

В) Өнеге

С) Жазалау

Д) Үйрету

Е) Жарыс

14. Жоғарғы сынып оқушыларының пікір айтуын қалыптастыру әдісі

A) Әңгіме

В) Жаттықтыру

С) Пікірталас

Д) Үйрету

Е) Жарыс

15. Оқушылардың теріс қылығын тежеу әдісі

A) Жарыс

В) Мадақтау

С) Жазалау

Д) Әңгіме

Е) Өнеге

16. Балалардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі

A) Пікірталас

В) Әңгіме

С) Өнеге

Д) Жарыс


Е) Бақылау

17. Тәрбиедегі үлкендердің үлгі көрсетуі

A) Әңгіме

В) Өнеге

С) Ұрысу

Д) Мадақтау

Е) Жазалау

18. Ұжым дегеніміз не?

A) Ұйымдасқан адамдар тобы

В) Кез келген адамдар тобы

С) Оқушылар тобы

Д) Ересектер тобы

Е) Шағын топ

19. Ұжымды қалыптастырудың негізгі шарты

A) Қоғамдық пікір

В) Талап қою

С) Жарыс

Д) Әңгіме

Е) Сынау

20. Жақсы ұйымдасқан ұжымның белгісі

A) Мұғалімді тыңдау

В) Бірін-бірі сынау

С) Өзін-өзі басқару

Д) Өзін-өзі сынау

Е) Бірін-бірі тексеру

21. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі жолы

A) Экскурсия

В) Лекция

С) Семинар

Д) Әңгіме

Е) Үйрету

22. Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы

A) Сабақ

В) Жарыс

С) Ойын

Д) Еңбек


Е) Дін

23. Сыныптағы кезекшілік еңбектің қай түріне жатады?

A) Қоғамдық пайдалы еңбек

В) Өзіне-өзі қызмет көрсету

С) Өнімді еңбек.

Д) Шефтік жұмыс

Е) Қарапайым еңбек

24. Көшелерді көгалдандыру еңбектің қай түріне жатады?

A) Қоғамдық пайдалы еңбек

В) Өзіне-өзі қызмет көрсету

С) Өнімді еңбек.

Д) Шефтік жұмыс

Е) Күрделі еңбек

25. Еңбек, соғыс ардагерлеріне көмектесу еңбектің қай түріне жатады?

A) Қоғамдық пайдалы еңбек

В) Өзіне-өзі қызмет көрсету

С) Өнімді еңбек.

Д) Шефтік жұмыс

Е) Пайдасыз еңбек

26. Өзіне, қоғамға қажетті құндылықтарды жасау еңбектің қай түріне жатады?

A) Қоғамдық пайдалы еңбек

В) Өзіне-өзі қызмет көрсету

С) Өнімді еңбек.

Д) Шефтік жұмыс

Е) Қарапайым еңбек

27. Экономикалық тәрбиенің мақсаты

A) Экономикалық саясатты түсіндіру

В) Сұлулыққа тәрбиелеу

С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу

Д) Денені шынықтыру

Е) Мінезді қалыптастыру

28. Дене тәрбиесінің мақсаты

A) Экономикалық саясатты түсіндіру

В) Сұлулыққа тәрбиелеу

С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу

Д) Денені шынықтыру

Е) Табиғатты қорғау

29. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты

A) Экономикалық саясатты түсіндіру

В) Сұлулыққа тәрбиелеу

С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу

Д) Денені шынықтыру

Е) Білім беру

30. Құқық тәрбиесінің мақсаты

A) Экономикалық саясатты түсіндіру

В) Сұлулыққа тәрбиелеу

С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу

Д) Денені шынықтыру

Е) Еңбекке тәрбиелеу

31. Табиғатты қорғауды мақсат еткен тәрбие түрі

A) Дене тәрбиесі

В) Экологиялық тәрбие

С) Адамгершілік тәрбиесі

Д) Еңбек тәрбиесі

Е) Құқық тәрбиесі

32. Дене тәрбиесінің негізгі құралы

A) Еңбек

В) Ойын


С) Дін

Д) Табиғат

Е) Сөз

33. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құқралы



A) Ойын

В) Жарыс

С) Еңбек

Д) Өнер


Е) Сөз

34. Дене тәрбиесін ұйымдастырудың мектептен тыс формасы

A) Туризм

В) Секция

С) Сабақ

Д) Ойын


Е) Еңбек

35. "Атамекен" бағдарламасының авторы

A) З.Ахметова

В) М.Құрсабаев

С) Н.Құлжанова

Д) Қ.Жарықбаев

Е) Ә.Табылдиев

36. "Кәусар бұлақ" бағдарламасының авторы

A) З.Ахметова

В) М.Құрсабаев

С) Н.Құлжанова

Д) Қ.Жарықбаев

Е) С.Ұзақбаева

37. "Ұстаздық дастан" еңбегінің авторы

A) Н.Крупская

В) В.Сухомлинский

С) А.Макаренко

Д) А.Блонский

Е) Ы.Алтынсарин

38. "Коллективтің құдіретті күші" еңбегінің авторы

A) Н.Крупская

В) В.Сухомлинский

С) А.Макаренко

Д) А.Блонский

Е) Ж.Қоянбаев

39. "Атамекен" бағдарламасы неше бағыттан құралған?

A) 25

В) 30


С) 35

Д) 40


Е) 15

40. "Кәусар бұлақ" бағдарламасы неше бөлімнен тұрады?

A) 6

В) 7


С) 9

Д) 10


Е) 8

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет