Инклюзивті білім беруді дамыту алғышарттары мен бағыттары туралы



Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#84257
Байланысты:
Инклюзивті білім беруді дамыту Ешімбай Н.С ИРК-81
1 Семинар Ешимбаев Н.С.

Инклюзивті білім беруді дамыту алғышарттары мен бағыттары туралы


Орындаған: Ешімбай Н.С. “ИРК-81”
Тексерген: Зулкарнаева Ж.А.
Көкшетау-2020
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Кең мағынадағы инклюзивті білім беру – кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі. Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді.

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері


Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Кадрлық қамтамасыз ету
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру

Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру

жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып,

инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын

көрсетуге болады:

  • инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
  • ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқуәдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
  • мектепке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;
  • мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті жағдай туғызу;
  • инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргіз

Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері: - инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру; - инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру); - білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау; - «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу; - инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру

  • Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет