1. Күрделі бұзылыстар бар балаларды оқыту, тәрбиелеу



Дата08.02.2022
өлшемі20,1 Kb.
#118387
Байланысты:
сөж 1 курделі ӘБДІРАХМАН Сұлушаш


1.Күрделі бұзылыстар бар балаларды оқыту, тәрбиелеу.
2. Күрделі бұзылысы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзектілігі баяндама дайындау.
Негізінен алып қарасақ күрделі бұзылыстар бар балаларды оқыту, тәрбиелеу оқыту жұмыстары өте ауыр және күрделі болып келеді. Күрделі бұзылыстар бар балаларды оқыту, тәрбиелеуден бұрын қарапайым дені сау балаларды тәрбиелеудің өзі қиын болып табылады, қандай баланы тәрбиелеу болсада педагог мамандар үшін тианақты жұмыс жүргізіліп балалардың психологиясына жақсы әсер етіп дамуына пайда келтіретіндей әдіс-тәсілдер қолданылуы керек.
Балалардың дамуындағы күрделі бұзылыстар- бұл кез-келген жастағы бала дамуындағы әр түрлі қиындықтардың жалпы сипаттамы. Ол қазір «балалардағы даму аномалиясы» терминінің орнына қолданылуда. (Сонымен қатар синоним ретінде қазіргі таңда «психофизикалық дамудағы ауытқу термині де қолданылады. Кең мағынада қарастырсақ бірнеше мүшелерінде үлкенді-кішілі кемістіктері бар барлық балаларды күрделі кемістігі бар психофизикалық даму бұзылысы бар балалар қатарына жатқызуға болады. Күнделікті өмірде бұл термин психофизикалық бұзылыстардың салдарынан арнайы жағдайда оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін балалар тобын белгілеуде қолданылады.
Психофизикалық даму бұзылыстарына естумен,көрумен,сөйлеумен, тірек-қимыл аппаратымен, психикалық дамуы кешеуілдеумен, әмоциялық,интеллектуальды мәселелермен және осы сияқтылармен байланысты әр түрлі қиындықтар жатады.Бірнеше мүшелерінің кемісі бар балаларға сезімдік (сенсор) қызметтерінің дамуындағы ауытқулармен (көру, естуге) қоса ақыл кемістігі бар (ақылы тежелген, олигофрения) балалар жатады.Дефектологиядағы Л.С.Выготский негізін қалаған ғылыми дәстүрде даму бұзылыстарын бастапқы және туынды деп бөліп қарастырады.Бастапқы бұзылыстар бұл –мүшенің немесе жүйенің өзінің табиғаты бойынша биологиялық бұзылысы немесе кемістігі.(Мысалы,есту,көру анализаторының бұзылысы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерінің мекендік немесе жаппай бұзылысы). Бұлар туа бітті немесе жүре пайда болуы мүмкін.Туа біткен бұзылыстардың пайда болуында тұқымқуалаушылық фактор, жүктілік кезінде ұрыққа ықпал ететін зиянды әсерлер (инфекция, интоксикация,жарақаттар), сондай-ақ асфиксия мен босану кезіндегі зақымданулар маңызды рол атқарады.Туынды ауытқушылықтар бастапқы бұзылыстардан пайда болса да ,өздерінің табиғаты жағынан олардан сапалық түрде ерекшеленеді.
Күрделі кемістік (көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін) адамзат жаратылған кезден бері кездесітін кемістік. Алайда ғалымдардың күрделі кемістікке көңіл бөлуі XVIII ғасырдан басталды. XIX ғасырдың ортасына дейін көптеген адамдар көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін адамдар қоғам үшін жүк, керексіз деп түсінген. Олардың ақыл-ой дамуын ескермей, оларды нақүрыс адамдармен бірдей деп түсінген. Мысалы: ағылшындық Джеймса Митчелдің өмірі. Ол XVIII ғасырда өмір сүрген. Оны Консилум мүшелрі нақүрыс деп танып, оны білім алуға қабілетсіз деп тапқан. Күрделі кемістігі бар балалардың ол кезде халі мүшкіл еді, көбіне шіркеуде тәрбиеленетін. Ол балаларға білім беруден гөрі, шіркеуде дүға жасауға үйретті. Ол олардың арғы өмірінде бақытты өмір сүруіне септігін тигізеді деді. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың шіркеуде дұға айтуы, Құдайдың құдіреті деп түсінген. Ондай балаларды жарнама ретінде де пайдаланған. Олардың қоғамдағы өз өмірінің болуы, сол елдің азаматты болуы ешкімді ойландырмаған. Сондықтанда көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды зерттеу кеш қалып отырған.
Күрделі кемістікті оқыту және тәрбиелеу теориялық жағынан алсақта, практикалық жағынан алсақта қиын, күрделі процесс. Аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін оның диагнозы кемістігінің құрылымын білуміз қажет. Сонымен қатар күрелі кемістіктің түрлері толық анықталмады. Бүл кемістіктің түрі жылдар өткен сайын әлі де күрделене түсуде.Қазіргі кезде күрделі кемістікті балалар келесі топтары белгілі:
- Ақылы кем саңырау немесе нашар еститіндер;
- Ақылы кем нашар көретін немесе соқыр (ішінара көретіндер);
- Көрмейтін, естімейтін, сөйлемейтіндер ( соқыр- мылқау, керең), нашар көретін саңыраулар.
Дефектологияның тәжірибесінде басқа да көп мүшелерінде кемістігі бар балалар кездеседі, ақылы кем көрмейтін, естімейтіндер, тірек- қимыл мүшелерінде көру органдары зақымданғандар.
Дефектология мен арнайы педагогика саласындғы ғылыми -практикалык жетістіктер күрделі кемістіктері бар балаларға арналған көптеген арнайы әдістемелер құрастыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы әдістер барлық арнайы мекемелерде толық, нәтижелі қолданылады деп есептеу әлі ертерек. Өйткені, күрделі кемістіктері бар балалардың көпшілігі арнайы мамандардың бақылауына мезгілімен алынбайды, арнайы мекемелерге қабылданбайды, сондықтан, олар қажет көмекті толық көлемде іла алмайды. Осы мәселені шешу үшін соңғы жылдары көптеген арнайы мекемелер, әртүрлі ұйымдарда, конфессиялардың қарамағында ашыла бастады. Осы топтағы балаларды толық зерттеп, олардың кемістіктерінің іүрін және дәрежесін айқындайтын кеңестік орталықтарда да соңғы жылдары жұмыс көлемі сапалы және нәтижелі іске асырылуда. Сондықтан, күрделі кемістіктері бар балаларға көрсетілетін медициналық - педагогикалық және психологиялық қолдау шаралары да жуық арада қажет мөлшерде қолданылады деген сенім туындайды.
«Оқытушы -оқушы» жүйесі шеңберінде соқырмылқау естімейтін балалардың оқытушымен жеке дара қатынасы, оның өз-өзіне қызмет ету әрекеті және түлғалық қасиеті қалыптаса бастайды. Сондықтан да алғашқы кездері тәрбиеге коммунистік бағыт шегінде назар аударылды. Соқырмылқау естімейтін балалардың тәрбиесі қалыпты дамыған балаларға қарағанда өзіндік тәрбиені толықтай қалыптастырып, оны ары қарай дамыта алмайды. Осыған байланысты тәрбие беру кезінде оқытушы қатаңдық танытпауы және де қателік жібермеуі керек. Баланың жағдайын түзету үшін арнайы түзету әрекеттері жасалуы тиіс. Осы ойды И.А.Соколянский қолдаған болатын.Соқырмылқау естімейтін мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінде қатаңдық пен басымдық танытуға болмайды. Тәрбие берудің ең негізгі әдісі - соқырмылқау естімейтін балаларға түсінікті болып табылатын ойын әрекеттері мен іскерлік қарым-қатынас арқылы, өмірінде қолданыс тапқан іс-әрекеттері немесе оның тәжірибесіне таныс болып келетін жағдайлар арқылы ықпал ету болып табылады.Тәрбиенің алғашқы сатысында баланың сезімдік ерекшеліктері, оның жақындарына деген сүйіспеншілігі, қарым- қатынас арқылы дамуға деген мүмкіндігі көрініс береді. Соқырмылқау естімейтін балалардың бойында қалыптасып келе жатқан өрескел мінезіне (ашуланшақтық, қырсықтық, эгоизм, қызғаншақтық, жануарларға қатыгездік таныту) төзімділік таныту да маңызды рөл атқарады.
Соқырмылқау естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінің мүмкіндіктері топтық қызмет көрсету, ортақ қажеттілікті өтеу барысында кеңейе түседі. Осы құбылыстардың барлығы бұл балалардағы топтық сезімді, қатынасқа түскен адамдарға көмектесу сынды, сонымен қатар еңбек барысындағы жауапкершілікті түсіне алу тәрізді іс-әрекеттерге итермелейді. Мектеп жасына дейінгі балалар ортасында олар мейірімділік қасиеттерін өзінің бойына сіңіре бастайды. Бұл қасиет өсіп келе жатқан бала үшін оны танып, дамыту өте маңызды. Содан соң тәрбиенің бұл бағыттарын ескере отырып, одан ары қарай дамыту қажет. Баланы тек тәрбиелеу объектісі ғана емес, сонымен қоса тәрбиеленуші субъект ретінде тану да оның өз-өзін тәрбиелеу, дамыта алушылық қасиетін жоғарылата түспек. Дегенімен, балалардың топтық қамтамасыз ету шаралары кейде баланың тәрбиесіне әсер ете алмауы мүмкін. Себебі, баланың тілдік қызметі дамымаған болып келеді. Осы орайда баланы тәрбиелеу тікелей тәрбиешінің өзінің жеке тәжірибесіне және баланың тәрбиеленіп жатқан жағдайына байланысты болып келеді.Соқырмылқау естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде үлкен рөлді ойындар, әсіресе сюжеттік-рөлдік ойындар алады. Бұл ойындар мекеме ішіндегі соқырмылқау естімейтін балалардың тұлғасының қалыптасуында, оның эмоционалдық және психикалық қалыптасуы кезінде маңызды болып келеді. Мектептік кезеңде ойын арқылы қалыптаспаған жеткіншек, жасөспірімдік кезінде өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түсуді қаламайды. Кейінгі уақытта оның тәрбиесінде қиындықтар туындайды және қиын ортада әлеуметтенуі де соғұрлым қиындай түседі.
Ойын арқылы дамып келе жатқан соқырмылқау естімейтін балаларда әділеттіліктің, қарыз бен достары алдындағы жауапкершіліктің қалыптасуы көрініс береді. Соқырмылқау естімейтін балалардың қарым-қатынасында топпен үш аяқты велосипед тебу тәрізді ойындарының өзі баланың келешекте бұл жағдайды тәжірибе арқылы танығандығын көрсетеді. Балалардың осылай ойнауы кезінде кезекпен ойнау тәрізді ұғымның өзі балаларға әділеттіліктің алғашқы нысаны болмақ. Осылайша велосипед тебуші бала бірнеше рет айналып шыққаннан соң оныкелесі алаға береді. Бала өзінің тарапынан велосипедтің тазалығы ескеріп, оны кезекте түрған балаға ғана беруі тиіс. Осылайша ойнау арқылы бала өзге достарының да қажеттіліктерін ескеруі тиіс.Рөлдік ойынның тәрбиедегі келесі бір маңыздылыгы, бүрынғыны қайта жаңғыртуға өзіндік әсер беріне байланысты. Осы ретте тәрбиеші баланың қабылдаған рөлінің қалай тәрбиелейтіндігін ескере отыруы керек. Ойын - қиындық жағдайларына, тәрбиелік қарама-қайшылықтарға байланысты болып келеді. Бұл жағдайлар баланың қиын өмірінде эртүрлі оқиғаларына байланысты қабылдаған рөлдердің мағынасын қанық меңгеруге үйретеді.
Мектеп жасына дейінгі соқырмылқау естімейтін балалардың тәрбиесінде 3 негізгі аспект айқын байқалады:
Біріншісі - жақын тәрибешінің жекелік қасиегтерінің балаға әсері. Кейде бұл тәрбиеліктің негізгі ұғымы болып та табылады. Осылайша балада қамқоршылықтан жауапкершілікке дейінгі сапалық ерекшеліктері жатады( оған кейде жанды болып көрінетін баланы қоршаған заттары, табиғат объектілері, жан-жануарлар және де баланың үнімі қасынан табылатын тәрбиешісі де енеді.
Екіншісі - үнемі жағымды эсер беретін қарым-қатынасқа түсетін достарының болуы, сонымен қатар оң нәтиже беретін қарым-қатынастарға түсуі.
Үшіншісі - үнемі ортамен және топпен қатынаста болу тәрбиенің негізі нышандары болып табылатын мейірімділік, қомқорлық,ерлік таныту және т.б. жүйелер және де күндізгі жұмыстарды әңгімелеу.
Тәрбие келесі қатынастармен тікелей байланысты: басымдылық танытушылық-достарына,оқытушыларына, жануарларға, өсімдіктерге қамқорлық танытуды қалыптастырушы; танымпаздылық іс-әрекеттің байланысын түсіне алушылық; еңбектік-тәрбиешінің басқаруымен іс-әрекеттің тиімді нәтижесін сезіну мен топтағы эмоционалдық қатынастың қалыптасуы түсіну.
Тәрбиеленушілерге нақты тапсырма беру барысында олардың медициналық көрсеткіштеріне көңіл бөліп отыру қажет: жұмыс көлемін алдын ала нұсқау, тәрбиеленушілерге өз бетімен алдагы жұмысты атқарудың жоспарын құруға, еңбек барысында өз күшін жұмсауды дұрыс бағыттауға ықпал етеді. Ауланы тазарту барысында әрбір топқа арнай участок беріліп, оның тазалығына жауапкершілік жүктеледі. Участоктың тазалық жағдайына қарай әрбір мезгілде тәрбиеленушілер жұмысты қалай ұйымдастыру керек екендігін өзара бірлесіп шешіп, қандай құрал - саймандар қажет екендігін талқылайды. Қоғамға пайдалы еңбек ету өзара көмекпен сайыс арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың ең маңызды тұсы - жұмыстың рационалдық тәсілдерін оқыту. Әрбір соқырмылқау естімейтін бала басынан бастап мамандандырылған еңбекке дағдылану қажет. Оқушы еңбегін зиянды әрекетке немесе дұрыс емес пайдалануға жол беруге тиым салынады. Тотальды соқырмылқау естімейтін балалардың күрекпен жұмыс істеуі олардың құрал - сайманды сезу арқылы жүзеге асырылады. Ол керекті жерді сипалап, күрекпен қажетті жүкті алып байқап көреді. Әсіресе оларға төртбұрышты күрекпен жұмыс істеу өте ауыр. Осы күрекпен жұмыс істегенде олар қажетті нәрсені жанжағына емес, тіке алдыға қарай лақтырады. Ол құм болса артқа қайта шашылып қазған жеріне қайта толып қалады. Бұл кезде тәрбиешінің көмегі мен нұсқауы аса қажет.Соқырмылқау естімейтін балаларды еңбекке баулудың арнайы түрлеріне еңбек ету барысында үйретіп оқытады. Мысалы, тотальды соқырмылқау естімейтін балаларды гүлдерді түзу кесуге, өз жейдесінің түймесін түзу қадауға үйретуе болады. Еңбек - тәрбие құралы ретінде балалардың қоғамдық өмірге көзқарасын қалыптастыру үшін қажет. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баули отырып, тәрбиеші үлгі ретінде балалармен қоян -қолтық жұмыс жасап, өзара көмек көрсетіп отырады. Нашар еститін балалар қасындағы жолдастары мен ұжым жұмысына тез көңіл бөліп отырады. Бұл соқырмылқау естімейтін балалардың еңбек ету қабілеті төмен деген жаңсақ пікір екендігін дәлелдейді.
Сөйлемейтін-көрмейтін-естімейтін баланы дене тәрбиесіне тәрбиелеу- ол баланың гармондық дамуын негізге ала отырып жүргізіледі. Бұл тифлосурдо-педагогиканың басты проблемасы болып табылады.Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың қимыл-қозғалыстары жалпы мектепте оқитын балалармен салыстырғанда 4,7 төмен. Бұның себебі кемістікке байланысты яғни кемістік балалардың қимыл қозғалысын дамытуға арналған ойындарды жүргізуге біршама кедергі келтіреді.Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың қимыл-қозғалыс жасалуына ынталандырмаса, оның оқуға деген қызығушылығы жоғары болмайды. В.А.Сухомлинский бұл жайында: «Көп жылдық зерттеу көрсеткендей бұндай балалардың ойлауы баяу- бұл көп жағдайда көңіл-күйдің нашар болуы, өзін-өзі сезінбеу. Сонымен қатар баланың еңбекке деген зейіні жоғалады». Бұндай жағдайдан шығудың жолы баланың ұзақ уақыт таза ауада дем алуы. Дем алу мен еңбек етуді қатар жүруі баланың осындай жағдайдан шығара аламыз.
Көру қабілетімен естімеушіліктің қатар келуі мектепте дене тәрбиесімен айналысуына кедергі келтіреді. Олар футбол, волейбол, баскетбол, хоккей тағы басқа ойындармен ойнай алмайды. Алайда көп жағдайда ойындарды жүргізу балалардың бұлшық еттерін дамытуға, тепе-теңдігін сақтауға үйретеді. Бұлшық етті дамытуға арналған ойындарды үйрету ұзақ уақытты алғанымен бұл екінші дефектінің пайда болуынан сақтайды.
Күрделі кемістігі бар балаларды дене тәрбиесі оқыту мектепке дейінгі кезеңде басталады. Бұл баланың айналаны сезінуіне, қимыл-қозғалысын дамытуға үйретеді. Баланың үйдегі, сыныптағы, сабақ кезінде, мектепте қалай жүруі керектігін үйретеді. Өзі-өзіне қызмет жасауды үйретеді.
Ал мектепке дайын топтарда көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар күделікті таң ертеңгі жаттығулар жасайды. Сонымен қатар сабақ кезіндегі сергіту уақыттарында өздерін керемет сезінеді. Бастауыш мектепте дене тәрбиесі сабағы жиі өтіледі және емдік гимастика элементтері жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағында орындалатын жаттығулар анық көрсетілуі керек. Ал балалар жүргізіліп жатқан жаттығудын барлығын бірдей жасай алуы керек. Ол үшін есту қабілеті төмен баланың қасына көрмейтін баланы қатар қояды бұл балалардың денелері арқылы бір-бірін сезе отырып жаттығу жасауына мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі - бұл баланың тек бұлшық еттерін дамыту ғана емес сонымен қатар көптеген кемістіктерге коррекциялық жұмыс болып табылады. Әрбір мұғалім, әрбір тәрбиеші әр баланың медициналық нұсқаулығын білу керек. Баланың диагнозын негізге ала отырып дене тәрбиесін жүргізу керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1.Участие общественных организаций людей с инвалидностью в развитии инклюзивного образования. М.: РООИ «Перспектива»
2.Елисеева И.Г. Организация педагогического контроля в специальной (коррекционной) школе. Методическое пособие для учителей
3. Лебединская К.С. Основные вопросы клиники и систематики задержки психического развития
4.Интернет ресурстары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет