Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады


ОН ҮШІНШІ ТАРАУДА «Қызыл бұзау» деп атаса да болар еді



бет16/30
Дата14.07.2020
өлшемі169,81 Kb.
#75209
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Mienin' atym K'ozha - Bierdibiek Sok'pak'baiev

ОН ҮШІНШІ ТАРАУДА

«Қызыл бұзау» деп атаса да болар еді


Оқу жылы басталатын мезгіл жақындап қалды. Би­ыл алтыншыға барамын. Орта мектепті бітіргенге дейін әлі де болса төрт, төрт емес-ау сойылдай бес жыл бар. Ой, қандай ұзақ. Адам болып шығу деген ойлап отырсаң машақат нәрсе екен ғой.

Оқулықтарымның бәрін дайындап қойдым. Мамам Қайыпжан шоферге ақша беріп жіберген екен, Алматыдан ол су жаңа форма әкеліп берді. Амандық болса, бірінші сентябрь күні Қожекең жарқ етіп, көшеге бір-ақ шығады сонымен.

Енді оқу жылының басталуын шыдамсыздана күте­мін. Адам деген қызық қой. Оқып жүргенде, демалысты аңсайсың. Енді міне, демалыста жүріп, оқуды сағына­ бастадым. Жаздыгүні қыс болса екен дейсің, қыста жаз­ды көксейсің. Бұл неліктен, а? Адам баласының бабын қалай табуға болады.

Дегенмен менің оқуды аңсауымда сап-салмақты себеп бар. Оқу басталды деген сөз – Жанармен бірге боламын деген сөз. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін ғой. Бүгін лагерьдің жабылатын күні деген. Олай болса,­ Жанар келеді. Ура, Жанар келеді! Жанар!

– Қожатай, үйдемісің?

– Мүмкін, үйде шығармын. Қарап көріңіз, – деймін қыздардай сызылған үнмен.

– Үйде болсаң, әлгі қызыл бұзауды тауып әкеп, қораға кіргізіп қойшы. Мына ыстықта енді ол жайылар­ деймісің.

– Егер үйде болмасам қайтем?

– Үйде болмасаң да бар, – деп әжем шорт кеседі. Мен оның қитығына тие түсуге құмармын.

– Үйде болмасам, қалай барам? Сіздің жұмсағаныңызды естіген жоқпын ғой?

– Әй, қылжақтамай бар деймін, бар деген соң.

Айталық бармадым, әже. Онда не болады?

– Бармасаң тоқмаш жейсің.

– Піскен тоқмаш па, шикі тоқмаш па?

Менің қылжағым тойғыза бастағандықтан әжем енді үндемейді.

Бұзаулар жайылатын жаққа қарай жайлап басып келе жатырмын. Лүп еткен леп жоқ, қапырық. Күннің бір шоқ ыстығы менің шекеме жабысып қалғандай күй­діріп, тесіп барады. Қызған жерді сипалап, басып-басып­ қоямын. Шошқаның жалындай сояу қайратты шашым алақаныма ып-ыстық болып басылады.

Селоның шетіне шығып қалып едім. Сол кезде қар­сы­ алдымнан шаңды бұрқыратып зырлап келе жатқан жүк машинасы көрінді. Кузовы толған бала. Галстукте­рі желбіреп, шулап өлеңдетіп келеді. Машина жақындап келгенде таныдым – лагерьден қайтып келе жат­қан­ өзіміздің балалар екен. Әне, анау Жанар. Маңдай ша­шы желбіреп, маған қарап жайлап күлімсірейді. Екі қо­лымды бірдей жебелеп, мәз-мейрам болдым да қалдым.

– Сәлем, Қожа!

– Қара Көже!

– Қожа! – деген бірнеше дауыс қатарынан жамырап, ағызып өте шықты.

Жанардың төбесін бір көргенім өлшеусіз бақытқа кенелгенмен пара-пар болды. Машина соңынан далбақтап тұра жүгіруден өзімді өзім әзер ұстап қалдым.

Осы кезде қабақтан маңқиып келе жатқан өзіміздің қызыл бұзауды көрдім. Іс-міс жоқ тырағайлатып қуып ала жөнелдім. Қолды-аяққа тұрмайтын бейне бір құйын тәріздімін, бұзауды басып озып, жосылтып, о жағынан бір шығам, бұл жағынан бір шығам. Не боп қалғанын түсіне алмай сасқалақтаған қызыл бұзау тасырлатып, шеткі бір үйдің қорасына қойып кетті.

Қызыл бұзауды одан жетелеп алып шықтым. Сол арада сап етіп, басыма бір ой келе қалды. Егер де қызыл бұзау адам тілін түсінетін болса, мен оның мойнынан аймалап, алдына тізерлеп отыра қалып, өтініш жасаған болар едім, сүйкімді қызыл бұзауым: мен қазір сені тағы да тұра қуған болайын. Сен ұстатпай қашқан бойда Жа­нар үйінің қорасына кіріп кет. Соңыңнан мен жетейін қи­қулап. Сонан соң абалап ит үреді, үйден Жанар жүгі­ріп шығады. Мен оны бір айдан бері көрген жоқпын ғой. Мен оған бірдеңе айтармын, ол да маған бірдеңе айтар. Жанармен сол арада біраз сөйлесіп, сұхбаттасып қалайын.

Қызыл бұзау бұны қайдан ұқсын. Қоя берсем болды, үйге қарай безгелі тұр. Жоқ, үйді қоя тұр. Сен маған­ әуелі қызмет істе. Мен бұзауды ноқтасынан жетелеп, Жанар үйінің алдына әкелдім. Ешкім қарап тұрған жоқ па­ деп, төңірегіме көз саламын, тым-тырыс. Ашық тұр­ған қақпадан бұзауды қораға қарай айдасам, бөтен аулаға жолағысы келмейді. Сол арадан жіңішке бір шыбық тауып алдым да, сауырға аямастан осып-осып жібердім. Шіркінге жан керек екен, төргі бұрышқа бір-ақ барып жетті. Сүйеулі тұрған легенді құлатып, итті абалатып, ауланың әлек-шәлегін шығарды. Ойлағаным болып, сол кезде үйден Жанар жүгіріп шықты. Адам сас­қанда не айтарын білмей қалады екен ғой.

– Жанар, ана бұзауды бері қуып жіберші! – деп­пін. Бұдан басқа ештеңе айта алмадым. Иттен үркіп, тырағайлап шыққан бұзаудың соңынан қуып кете бардым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет