Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады


ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУДА Бақа мен қаздың шуы, жайлаудан мамамның келуі, әжемнің мені қорғауы сөз болады



бет25/30
Дата14.07.2020
өлшемі169,81 Kb.
#75209
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Mienin' atym K'ozha - Bierdibiek Sok'pak'baiev

ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУДА

Бақа мен қаздың шуы, жайлаудан мамамның келуі, әжемнің мені қорғауы сөз болады


«Бір айналдырғанды құдай шыр айналдырады» деген сөз бар. Соңғы екі-үш күннің ішінде басымнан кешкен оқиғалар мені есімнен тандырды. Майқанованы талдырып түсірген бақаның шуына Әбдібайдың шатағы ұласты. Біз жеген қаз дүкенші Әбдібайдікі екен. Оның көкбет қатыны келіп, біздің үйдің әлегін аспанға шығарды. Шіркіннің айтпаған сөзі, атпаған оғы қалсайшы: «Ұрысың! Қарақшысың! Баскесерсің! Қаршадайыңнан осыны істеп жүрсің, жүре бара кім болам ғой дейсің. Әлі біреудің басын кесіп, сотталасың. Итжеккенге ­айдаласың». Мен өзімді өзім онша біліңкіремей жүреді екем, Әбдібайдың қатынының айтқандарына қарап, төбе шашым тік тұрып кетті. «Япыр-ай, шынымен-ақ осындаймын ба?» деген ойға қалдым.

Әйелінің соңынан түтігіп Әбдібайдың өзі келіпті. Жұрт оны жұмыртқадан жүн қырыққан Әбдібай, қу бастан қуырдақтық ет алған Әбдібай, шық татырмас шығайбай Әбдібай – деп бекер айтады деймісің. – «Қазым – қаз емес еді. Асыл тұқымды қаз еді. Ондай қаз­ды бұл аудан түгіл облыс көлемінен таппайсың» – деп, оның төлемі үшін біздің бағлан қара қозыны алып кетті. Бұнымен де тынбады, мені желкелеп директорға алып барды.

Ахметов қатал адам. Шынымды айтсам, мен оның алдына барған сайын қалтырап тұрам. Сусылдаған қы­зылкүрең шашы желп-желп етіп қабағы түксиіп, шүй­лігіп қарағанда сұп-суық көздері адамның өңменінен өтеді. Майқанованы талдырып түсірген бақаның кесі­рінен мен кеше осы кабинетте бір сағаттан артық болып, жарты өмірімді беріп шығып едім. Енді міне, түн айналмай тағы бір шұрқан арқалап және мөлиіп келіп тұрмын.

Әбдібай қайдағы жоқ пәлені көкітіп, қаздың оқи­ғасын есірте баяндап берді. Ахметов сызданған қалпы, үн­сіз отырып тыңдады. Оқта-текте көзін ғана бұрып, маған қарап қояды. Мен еріксізден жерге қараймын.

Әбдібайды тыңдап боп, Ахметов стол үстіндегі телефонның тұтқасын бұрай бастады. Жайлауды сұрады.­ Одан сатылап сүт фермасы, бірінші бригадамен жалғас­ты.­ Телефонға мамамды шақырып алды.

– Бұл кім. Саламат боларсыз, Миллат апай. Шаруа­ңыз күйлі ме. Бұл Ахметов қой, мектептен. Аманшылық, түгел аман. Миллат апай, сізге айтайын дегенім мынау еді: сіз ертең қалайда ауылға келіп кетсеңіз. Ма­ңызды бір шаруа болып тұр. Қожа жайында. Біз ол жөнінде өзіңізді қатыстыра отырып, педсоветте арнаулы мәселе қарамақшымыз. Балаңыз нағыз бір оңбаған жолға түсіп алған...

Менің өзегіме шыжылдап қайнап тұрған ыстық май­ды қотарып құйып жібергендей болды. Арқа-басым­ шымырлап, терлеп кетті. Тап қазір алдымдағы жер тесік болса, көзімді шарта жұмып, күмп берген болар едім...

Ахметов ұзақ сөйлесті мамаммен. Сонан кейін труб­каны орнына қойды да:

– Жайлаудан шешең келеді, сонан соң сөйлесеміз, бар, – деді маған.

Мектептен құр сүлдерімді сүйретіп шыққандай бол­дым. Байғұс мамам, әлгі әңгімеден кейін қандай күйге түспекші. Ішкені ірің, жегені желім болады ғой. Онсыз­ да көңілі жарым адамды азапқа салып өлтіретін болдым-ау. Қожа өйтіп қойды, Қожа бүйтіп қойды, Қожа бүлдірді деп, былтыр да жыл бойына Майқанова оның құлағын талай сасытып еді. Енді міне, оқу басталғанына бір ай болмай жатып, тағы басталды...

Біздің қораның төбесінде жуырда ғана үйілген жас жоңышқа бар еді. Келген бойда үйге кірместен соның үстіне шықтым да иттің ұясындай шұқырлап алып, ет­петімнен жатып қалдым. Ешкімді көргім, ешкімге кө­рінгім келмейді. Сан-сапалақ ойлар басыма бірі кіріп, бірі шығады. «Педсоветте қарағанда, не айтпақшы? О, тәңірім, осы бір шұрқан-шулағаннан құлағым демалыс алатын, менің де тыныштық табатын күнім бола ма, жоқ па. Осы аурудан жаным қалса, ендігі аурудың алдымен кетер едім, деген екен біреу. Сол айтпақшы, осы жолы бір жайлы болсам, бұдан былай қой аузынан шөп алмайтын момақан болып жүрер едім-ау».

Осындайда сүйеу болудың орнына Сұлтан досым қарасын көрсетпестен тағы да зым-зия жоғалды. Оңбаған өтірікші диірменші Иванның торын әкеліп берем деп алып еді, апарып берген де жоқ. Тор әне, біздің үйдің төбесінде жатыр. Адамшылық дегеннен жұрдайсың-ау, Сұлтан. Енді сенің маңыңа да жолай қоймаспын.

Әрқилы мазасыз ой тепкісінде қалжырап жатып, ұйықтап кеткен екенмін. Тұмсығымның дәл астынан трт-трттрт-трт деген дауыстан селк етіп ояндым. Кө­зімді ашып алсам, төңірек ала көлеңке, кеш батып қа­лыпты. Мен жатқан кез бесін шені еді. Қалай көп ұйықтағанмын.

Есіктің дәл алдына босағаны тірей келіп тоқтаған үш дөңгелекті мотоциклді көрдім. Одан екі адам түсіп жатыр. Бірі еркек, бірі әйел. Мотоциклдің иесін танып, әлгіден бетер селк ете қалдым, Қаратай еді. Қасындағы менің мамам.

Көше жақтан қолына ошақ ұстап, әжем келе жатыр.­

– Миллатпысың. Ат-көлігің аман ба. Мотоциклге мініп келген адамға әжемнің «ат-көлігің аман ба» деуі маған сөкеттеу көрініп кетті.

– Мына ошағыңыз не, – деп сұрады мамам.

– Балалар тиіскен бе, бір сирағын түсіріп тастапты. Соны бағана ұстаға апарып тастап едім.

– Әй, жарықтық-ай, не керегі бар мұның. Пайдаланып жатпаған соң тастамайсыз ба лақтырып.

– Неге тастаймын. Мүлік емес пе. Әкем марқұмнан қалған бір көз ғой. Жайша келдің бе?

– Жұмысты тастап, жайша адам келуші ме еді. Әлгі жер-әлемді шулатып, өрт қойып жүрген бұзақы баланың әлегі.

– Бұзақы болып ол не істепті. Ел тонап, кісі өлтіріп пе, – деді әжем.

– Біреудің қазын ұрлап сойып жеу – ел тонаған емес пе екен. Сабақ үстінде мұғалімді шошытып талды­рып жыққан адам тұра бара кісі өлтіруден де тайынбас.­

– Бақа әкел деген өздері көрінеді ғой. Бір Қожа емес, осында өзге балалар да мұғалім әкел деді, соямыз деп, көлшіктен бақа ұстап алып жүрген. Енді соның бәріне баяғы аты шулы Қожа кінәлі.

– Сонда әкелген бақаны оған мұғалімнің сумкасына салып қой деп пе?

– Әдейі салды деймісің, тарбаңдаған неме өзі кіріп кетті де.

Оңбай кетейін, әжемнің сөзі мені елжіретіп жіберді. Балапанын қорыған мекиендей шыр-шыр етіп, сотқар немересін қамқорына алуын қарашы. Әй, жаным әжем, қайырымды әжем, менің кінәлі екенімді біле тұрып өстесің-ау.

– Балаға қоруыш болғанның жөні осы деп, оның терісін де дұрыс, дұрысын да дұрыс деп, сіз бүлдіріп жүр­сіз. Бір мезгіл жазғырып, қатал ұстасаңыз ол мұндай жолға түспеген болар еді, – деді мамам.

– Менің Қожашым тірі болса, ешкімнен кем болмайды. Өсе келе өзі-ақ түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді шыған­нан шыққан сотанақ еді. Бұл қайта оқу оқып, мұға­лім­дердің айтқанын орындап, кейде әтіншік боп жүр ғой. Ал Сабырбек нағашысы осындай күнінде молданы қақ басқа таяқпен бір салып қашқан болатын. Кейін есейіп, ба­лалы-шағалы бола бастағанда, өзі-ақ түзеліп кетті. Қо­жатай да сөйтеді. Бала күнінде баланың бәрі тентек, – деп әжем шатынап ала жөнелді.

– И-и-и-и, жарықтық-ай, – деп мамам қолын бірақ сілтеді. – Сіздің мына өсиетіңізді тыңдап өскен бала қалай оңсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет