АСАЙ МҮСЕЕВИЧ.Шақыр!.. Шақыр!.. Оған көрсету керек!.. Әдейі... әдейі жасаған ғой!.. Қайда әлгі стопкраны?! /Саудагер әйелге./ Тұр былай жолдан, өңкей мафия!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Стопкраның не, ойбай?! Жұртты қырайын деп пе едің енді?! /билетсіз жолаушыға./ Шық аржағынан?!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Не?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Аржағынан шық дейім! Аяқ-қолын байлап тастау керек!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. /қорқыңқырап./ А, Қалай? Қалай? Зіңгіттей неме екен, шамамыз келмей жүрсе!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Біздің үйдегі сұмырай бұдан да жаман... Сонда да оны бірден жалп еткізетінмін!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қане, қане, былай тұрыңдар!.. Жол беріңдер дереу!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Иә-иә, жақында бермен!.. Жақындай ғой жаным! /Билетсіз жолаушыға/. Әй, жаның бар ма? Еркекпісің өзің? Қимылдасайшы? Ұста аяғынан?..Ах!.. Ох!..
Екеуі екі жақтап Асай Мүсейовичті ұстап, тізерлеп отырғызады.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ай-ай, жіберіңдер дейім!.. Жіберіңдер!.. Мен... мен баяндама! Президенттің алдында! Ертең үлкен жиналыс! Баяндама!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Баяндамада басың қалғыр, қоясың ба, жоқ па?
Қалтасынан орамал алып Асай Мүсеевичтің аузын басады.
Асай Мүсеевичтің үні өшеді.
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Сауап болды!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Түрін қарашы, өле алмай жүріп үкіметтің алдында баяндама жасамақшы!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Сандала береді. Ана жолы біздің ауылға осындай біреу келген... Жазушымын деді ме, ақынмын деді ме – бәрімізді қырып жібере жаздап еді... Сөйтсек, жазушы да емес, сайтан да емес, жұрттан жылу жинап жүрген аферист болып шықты!..
Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек кіреді.
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Бұл – немене? Тағы не болып қалды?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Үйбай, інім-ау, мынау бізді қырайын деп жатыр... Есінен адасты ғой деймін!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Белая горячка! Пойызды тоқтатамын дейді!
Достарыңызбен бөлісу: |