Сұлтанова Бибігүл Мыңбайқызы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы Тойғанбекова Майра Шоданқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ Әдебиеті


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет16/21
Дата29.01.2023
өлшемі0,92 Mb.
#166695
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
қазақ әдебиеті тарихы

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар
1.Ақындар жылдың төрт мезгілін адам өмірінің төрт сатысымен байланыстыра жырлайды
2.Бернияздың табиғат лирикасының Абай шығармаларымен үндесуі
3.І.Жансүгірұлының шығармашылығындағы мезгіл суреттері
4.Сәкен лирикасындағы туған жерге сүйіспеншілік
5.Бейімбет лирикасындағы жарқын жаз тақырыбы


2.4 ХХ ғасыр басындағы ақындардың табиғатты жырлауда қолданған көркемдеу (кейіптеу тәсілі) тәсілдері

Табиғатқа арналған өлеңдерінде ақындар ұлы Абай қалыптастырған жансыз затқа жан бітіре кейіптеулік бейнелеулерді көп қолданады. Табиғат құбылыстарының адамдарға баламаланып бейнеленуі де балалар таным-түсінігіне лайық, балалар үшін қызық тәсіл. Табиғат лирикасын алғаш болып жырлаған Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін жанастыра, салыстыра суреттейді. «Абайдың:


Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әрнені –
деген өлең жолдарын оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес, әлдебір тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс елестеп кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езу тартып, «күлімсіреп тұр». Жер жай жатқан жоқ, Әлгі бір жадырап, жайнап күлген аспанның қылығына елтіп, бір түрлі «ойланып» жатыр. Осының бәрін біз көзімізбен көріп, көкірегімізбен сезінетін секілдіміз[105,81б.]. Осылайша ұлы ғалымның ұлылығының бір сипаты осы табиғат жырларында екендігін тамаша жеткізе білді. Шындығында Абай табиғаттағы, өмірдегі сұлулықты өте терең сезіне білетін. Оны сезіп қана қоймай, шебер суреттеп білетін лирик ақын. Оны табиғат туралы жазылған туындыларынан айқын көреміз. Ақынның жылы жазылған «Жазғытұры» деген өлеңінде:
«Анамыздай жер иіп емізгенде
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер», - деп, жаз мезгілінің елге жайлылығын айта келіп, жерді мейірімді анаға, аспанды қамқор әкеге теңейді. Тек қазақ халқы ғана емес, басқа халықтар да жерді ана бейнесінде алып қарайды. Бұл – өзге елдердің әдебиетіне де тән нәрсе. Солай дегенімізбен, аспанды әке бейнесінде алу, соны теңеу, Абай жаңалығы, кейіптеудің ерекше түрі деп қарауға болады. Сондай-ақ Абайда «атам-анам – қара жер» немесе «ата-анадай елжірер күннің көзі» деген де тіркестер бар.
Абай салған жолды әрі қарай дамыта жырлаушы, лирик ақын М.Жұмабаев болды. Мағжанның «Жазғытұрым» өлеңі кейіптеу тәсілімен ойнақы жазылған. Мағжан күнді – ана, жерді – жас нәресте балаға теңейді:
«Болды міне, дәл алты ай,
Жаттың ұйықтап еркетай
Ұйқың қанды, тұр қозым,
Аш көзіңді, жұлдызым!»
Деп маңдайдан ақырын.
Жұмсақ жылы сәулемен
Сипап жерді Күн күлер.
Аяқтарын көсіліп,
Еркеленіп, есінеп.
Жер – нәресте жас бала
Жаңа оянып жатқанда
Жұмсақ, ыстық бетінен
Тәтті ғана сүйсем деп, Күбірлеп жылы жер жүрер, [58,139 б.], -
деп бейнелеу тәсілінің жаңа бір қыры көрсетіледі. Ақын мұнда ана мен бала арасындағы махаббатты тұтас табиғатқа ауыстырған. Негізі, Жер – Ана деген ұғым ақын-жазушыларда көп қолданылады. Мағжан болса нақты тақырыбы – көктемнің шығуы Күнге байланысты болғандықтан, өмірде анасыз бала туылмайтындықтан Жерді – бала, күнді – Ана етіп алған. Күнді – ана, жерді – бала етіп суреттеу үлгісін Өтебай Тұрманжановтың жаз көрінісін суреттейтін «Қандай қызық жаз дала» (1933) өлеңінен де кездестіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет