Смагулова асемкул дуйсеевна



бет12/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
01-География

Жоғары деңгей. Географиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы жоғары. Оқушының географиялық ұғымдар нәтижесінде меңгерген білімдері нақты. Берген жауаптарын дәлелдей алады. Тәжірибе, бақылау әдістерін білім алу барысында қолдана алады. Олардың нәтижесін қорытып айтуға мүмкіндігі бар. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи білуі, судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда өзіндік белсенділігі жоғары.
Орта деңгей. Географиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы бар. Оқушының географиялық ұғымдары болғанмен, меңгерген білімдері нақты емес. Берген жауаптарын нақты дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен ғана қолданады және оның нәтижесін қорыту деңгейі орташа.
Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді оқу барысында мұғалімнің көмегін қажет етеді. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда мұғалімнің нұсқауы мен көмегін керек етеді.
Төменгі деңгей. Географиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы төмен. Оқушының географиялық ұғымдары төмен. Берген жауаптарын дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен қолданғанмен, оның нәтижесін қорыту деңгейі төмен. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи алмайды. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін және қасиетін ажырата алмайды.
Ұғым қалыптастыру бірден көзге түсе қоятын үрдіс емес.
Орта сынып оқушыларында бұл өте күрделі жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Ал осы түсініктері болашақта дерексіздендіру негізінде ұғымға айналып, абстрактілі оймен жалғасады. Әсіресе орта мектеп жасындағы оқушыларда олардың зейіні, ойы, бір затты талдау үстіндегі танымдық іс-әрекеттері қатар жүре отырып және сол іс-әрекетте өздігінен белсенділік көрсету арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Талдау кезінде оқушылардың басқа пәннен алған ұғымдарымен байланыстыру ғана емес, кіріктіру басым орын алуға тиісті. Мәселен, жыл мезгілдерінің табиғаты туралы олардың ауа райындағы, жалпы табиғаттың өзгерісіндегі ерекшеліктерді талдау барысында оқушылардың ана тілінен жыл мезгілдерін суреттейтін көркем шығармалардан алған ұғымдарын міндетті түрде кіріктіру арқылы әр жыл мезгілінің ең басты көрінісін оқушының есінде мәңгі қалдыруға болады.
3 кестеде орта сынып оқушыларында географиялық ұғым қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі көрсетілген.

(№3 кесте)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет