Мақсаты: Орта сынып оқушыларының «Физикалық география» пәні негізінде географиялық ұғымдарын қолдану
-орта сынып оқушыларыныңтабиғат заттары мен құбылыстарының қасиеті мен себеп-салдарын білуге қызығушылығын арттыру;
-географиялық ұғымдарды сезімдік-бейнелік қабылдауын дамыту;
-бастапқы географиялық білімдерін қалыптастыру;
-табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, тәжірибе жасау, сарамандық құзыреттіліктер арқылы оқу іс-әрекетіне жаттықтыру.
-орта сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
-сабақ, топ саяхат және сыныптан тыс жұмыстардың байланысы;
-білім беру түрлерінің өзара кірігуі.
Нәтижесі: оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі жоғары, білімді сапалы түрде меңгерген, географиялық ұғымдары қалыптасқан орта сынып оқушысы
Тәжірибелік-сынақ жұмыстары барысында педагогикалық іс-тәжірибесіне байланысты географиялық ұғымдарды қалыптастыру үрдісін белсендіруде мұғалімдер тарапынан кездесетін кемшіліктер де анықталды.
Бұл біріншіден, ұғым қалыптастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдың жоқтығы.
Екіншіден, мұғалімдердің ұғым қалыптастыруды жүзеге асыру барысында қолданылатын белсенді әдістерді іріктеп сабақ барысында пайдалану шеберліктерінің төмендігі.
Үшіншіден, география сабақтарының жаратылыстану ғылымдарына сәйкес әдістермен оқытылмай, гуманитарлық пәндерге тән әдістермен оқытылатындығы.
Төртіншіден, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға аз көңіл бөлінетіндігі және оқушының дербес өзіндік әрекетін ұйымдастырудың жеткіліксіздігі.
Бесіншіден, практикалық жұмыстар орындату жағына аз көңіл бөлінетіндігі.
Алтыншыдан, бақылауды ұйымдастырып, оның нәтижесін сабақта пайдалану тұстарының төмендігі.
Қорыта келгенде, орта сынып оқушыларына географиялық ұғым қалыптастыру ісі жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың ізденушілігін дамыта отырып, сабақтарда қолдануға ұсынған әдістеме балалардың географиялық ұғымдарын игерулеріне етер әсері зор болады деп сенеміз.[12.13.14]