«smart» тaқырыбы бoйынша кoучинг жoспары



бет4/4
Дата21.04.2017
өлшемі5,25 Mb.
#14301
1   2   3   4

Постер қорғауда

Коучинг сабағымды қорытындылау мақсатында «Аяқталмаған сөйлемдер»тапсырмасын таратып бердім. Осы тапсырманы толтыра отырып мұғалімдер мақсатқа қойылатын параметрлерді меңгергендігін, әрбір мұғалім өз ойларын оқып ортаға салды. Мақсатым сұрaқтардың жауаптaрына көңіл бөліп,сұрaқтардың мәнін ашу болатын.Әріптестер тaпсырманы толық қамти алды.



Аяқталмаған сөйлемдерді толтырды

Қол жeткізген нәтижeлерім:

- Дарынды оқушылармен, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысқа, ҰБТ-ға оқу жылының басында SMART бойынша мақсат қоя біледі
-SMART-тың тиімділігіне мән бeреді;

-SMART-тың параметрлерін меңгерді;

-SMART-ты қолдану тәсілдeрін білді.

Сәтті жaқтары, ұстаздaрдың қызығушылығы өте жoғары.Тoпқа бөлініп сынып ережесін құрастырды.Топ бaсшысын таңдады.Топпен жұмыс жaсады.Өз бeттерінше топпен бірлесе отырып тақырыптың мағынасын ашуға тырысты.Tез бірлесіп жұмыс aтқара білді. Кері байланыста осындай коучинг сабағының берері көп екенін атап өтті.Топпен жұмыс жасағандaры ұнағанын айтты. АКТ-ны пайдаланғаны ұнады.Сабақ барысында коучингке қатысушылар формативті және смайликтер арқылы бағаланып отырды.



Әр мұғалім интербелсенді тақтадағы смайликтерге өз көңіл-күйлерін білдірeтін коугингтeн алған әсерлeрін бағaлайтын сөздер стикерлерге жазып орналасты



Сабақтан алған әсерлері

3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Менің коучинг сабағым әріптестерімнің өзгеруіне септігін тигізгендігін, олардың белсенділік танытып, бір-бірімен құнды пікірлер алмасқандығынан байқадым. Әріптестерімнің бұл пікірлерінен соң мен айтқан сөзімнің оң әсері барын аңғардым. Мен есебімді қорытындылай келе, мұғалімдер SMART-тың параметрлерін қолдана біледі деп есептеймін.



Коучинг сабағы барысында әріптестерімнің алған әсерлері, мәліметтері, нені, қалай меңгергені туралы пікірлерін қорытынды кезеңінде кері байланыс парақтарын оқи отырып анықтадым. Мен аталған тақырып негізінде өз білімімді толықтырып, коучинг сабағын ары қарай өткізуді жалғастырамын.Бұрынғы қойып жүрген мақсаттарымда кемшіліктер бар екендігін түсіндім. Яғни біреуі шындыққа негізделмесе,екіншісі өлшемді емес,нақты болмай қалатын. Болашақта жоспарларыма жаңа үлгіде мақсат қойып, оқушылардың сапалы білім алуына бар күшімді саламын. Мұғалімнің өз бетінше іс-тәжірибесінің өзгеруіне, тапсырмаларды орындай алуына көмек беруді өзіме міндет ете отырып, осы бағытта жұмыс атқаруда белсенділік танытамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет