Пластинка қүрылымды қабат көбінесе теңіз суында тіршілік ететін балдырларға тән. Олардың қабаты бір қабаттан не екі қабаттан күралған паренхиматозды келеді. Мұндай қабаттар едәуір ірі, шеттері тегіс не қатпарлы болады (порфира). Пластинканың төменгі жағы жіңішкеріп, сабаққа айналады.
Трихальды - жіптесінді құрылымды формалары көбінесе Ваngiopbyceae класының теңізде және тұщы суда кездесетін өкілдеріне тән. Олардың қабаты бірқатар жіптесінді талшықтан, кейбір түрлерінде екі қатар жіптерден тұрады. Жіпшені құрайтын клеткалар морфологиялық жағынан біркелкі, базальды клеткасынан басқасы. Барлық клеткалар бір не екі жазықтықта бөлінуге қабілетті.Күрделену процесінің нәтижесінде клетканың үш жақты бір-біріне перпендикуляр жазықтықта бөлінуіне байланысты бірқатарлы жіптесінді форма көп клеткалы, бірнеше қатарлы жіптесінді формаға айналады (Вangia). Жіптесінді формасының қабаттары құрылысыньң күрделенуіне байланысты төсемікке бекінетін базальды клеткалар - ризоидтарда күрделене түседі. Флоридея класында трихальды форма қарапайым Nemaliales қатарына ғана тән.
Гетеротрихальды - әр түрлі жіптесінді қүрылымдыларға күрделі көптеген бангиялар мен флоридеялар жатады. Бангиялардың гетеротрихальды қабаты бірқатар клеткалардан тік өсетін және төсемікке төселіп жататын тармақтанған жіпшелерден тұрады.
Ал кейбір түрлерінде бұтақты болып келеді. Оның негізгі білігі ірі, түссіз клеткалардан құралады, оны бір не бірнеше тек боялған клеткалардан құралған қабықшалар қоршап жатады. Қабат төсемікке табаны және ризоидты өсінділерімен бекінеді. Бірқатар қабаты әрі қарай күрделенуіне байланысты флоридея класында белгілі бір мөлшерге дейін өсе алатын көптеген бұтақшаларға тармақталған негізгі «сабақтың» клеткаларының бөлінуінен, шоқталған буындарда бүйірлік бұтақшалары өседі. Ал оның негізгі «сабағы» вегетативтік уақытында қанша болса да ұзарып өсе алады. Теңізде тіршілік ететін көптеген қызыл балдырлардың анатомиялық құрылысының күрделі болуы негізгі білікті бойлай өсетін ризоидты гифтерінің болуына байланысты. Ол гифтердің клеткалары жіңішке, қалың қабықты келеді. Флоридея класының көпшілік балдырларының анатомиялық құрылысының күрделі болуындағы негізгі ерекшелігі — бір білікті және фонтанды - көп білікті болуында. Бір білікті қабаттың бүйірлік бұтақшалары бар бірқатар клеткалардан құралған жіпше. Көп білікті кабаттың орталық білігі параллель орналасқан көптеген шашақталып кететін жіпшелерден тұрады. Жалған паренхиматоздылары көпшілік уақытта теңізде тіршілік ететін түрлеріне тән.
Клетка құрылысы. Қызыл балдырлардың клетка пішіні шар, эллипс, цилиндр, күбі, табақ және көп бұрышты келеді. Клетка қабықшасы тұтас ол екі қабаттан ішкі целлюлоза сыртқысы пектин қосылыстарынан тұрады. Кейбіреулерінің кабатында жұқа кутикула қабыты болады (54-сурет). Өзінің құрылысы және құрамы жағынан жоғары сатыдағы өсімдіктердің кутикуласынан айырмашылығы бар. Мысалы, порфирада кутикула қабаты манноза моносахаридінің қоюлануынан болады. Көпшілік қызыл балдырлардың (флоридея класы) пектинді қабықтарының құрамында магний, кальций тұздары, пектин қышқылы және күкірті бар полисахаридтер, күрделі коллоидты қосылыстар болады. Оны фикоколлоидтар деп атайды. Фикоколлоидтар суық суда ерімейді, ыстық суларда жақсы ериді. Бұны агар, полисахарид-каррагенин және агароидтар алуға шаруашылықта кеңінен пайдаланады. Цитоплазмаклетканың қабырғалық қабатына қарай орналасады және қоймалжың, тым жабысқақ келеді, ортаның өзгерісіне сезімтал, сондықтан плазмолиз жағдайына тез ұшырайды. Қарапайым құрылымды қызыл балдырлардың басым көпшілігі бір ядролы. Күрделі құрылымды түрлері көп ядоролы, тек апикальды клеткалары мен қабықтық клеткалары бір ядролы. Репродуктивті органдардың спермация, карпоспора, тетраспора клеткалары бір ядролы. Жұмыртқа клетканы көпшілік уақытта көп ядролы клеткалар қоршап жатады. Ядроның айқын көрінетін ядрошығы болады. Ядролары ұсақ. Хлоропласттардың формалары мен көлемі, саны әр түрлі. Қарапайым құрылымды түрлерінде (Бангияда) хлоропласттары жұлдыз және пластинка тәрізді .
Әр хлоропластында ірі бір не бірнеше пиреноидтары болады, кейде болмайды. Немалион сияқты қарапайым флоридеяда хлоропласттары жұлдыз не қалақ пішіндес, сандары әр түрлі. Күрделі құрылымды флоридея сияқты формаларында хлоропласттары линза және дән тәрізді. Оның пішіні бір организмнің өзінде де біркелкі болмайды, клетканың есеюіне, мөлшерінің өзгеруіне, жарықтың түсуіне байланысты пішіні өзгеріп отыруы мүмкін. Буын аралығындағы ірі клеткаларда хлоропласты лента пішіндес келсе, ал буындардағы ірі қабықты клеткаларында пластинка, астау, қалақ пішіндес келеді. Құрылысы күрделенген сайын хлоропласттарының саны да көбейе түседі. Күрделі құрылымды түрлерінде пиреноидтары болмайды.
Ассимиляция қор заты ретінде көпшілік қызыл балдырларда багрянка крахмалы деп аталатын полисахарид түйіршіктер цитоплазмада не хлоропластта жиналады. Қор затына иодпен әсер еткенде крахмал сияқты көк түске боялмай, алғашқыда қоңыр-сары, кейіннен қызыл түске боялады. Химиялық табиғаты жағынан амилопектин және гликогенге жақын тұрады. Багрянка крахмалы флоридея класының өкілдеріне ғана тән. Бангия класының кейбір түрлерінде гликоген жиналады.
Қызыл балдырлардың бір ерекшелігі - флоридея класының кейбір өкілдеріне түссіз клеткаларда жарық сәулесінің сынуы байқалады. Ол клеткаларды друз без деп атайды. Балдырларда мұндай бездердің химиялық құрамы біркелкі келмейді. Олар қабатының жоғарғы жағындағы клеткаларда орналасады да, йодты не бромды қосылыстармен толы болады. Мұндай клеткалар белгілі бір балдыр тобына ғана тән, сондықтан олар негізгі таксономикалық бірлікті анықтауда ерекше орын алады. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан айырмашылығы талшықты қозғалыс стадиясы болмайды. Қабаттарында бір клеткалы тарамдалмаған не көп клеткалы тарамдалған түссіз түктері болады. Бұл түктер қоршаған ортадан қоректік заттарды сіңіріп алып отырады. Флоридея класының клеткаларында ұсақ клетка саңылаулары болады.
Көбеюі. Қызыл балдырларда көбеюінің көп жақты аса күрделі процесс болуы арқылы басқа балдырлардан айырылады. Әр түрлі вегетативтік, жыныссыз көбеюімен бірге күрделі құрылымды жынысты көбею органдарының және күрделі ұрпақ алмасуымен сипатталады. Қызыл балдырларды класқа, қатарға, тұқымдастарға жіктеу, негізінен, көбею ерекшеліктеріне негізделген.
Бір клеткалы және қауымды формалары клетканың екіге немесе бірнеше тума клеткалардың үзілуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Флоридеялар төселіп өсетін сабақтарынан не сорғыштарынан түзілетін қосымша өркендердің пайда болуы және арнаулы вегетативті сүйел пішінді өсінділер арқылы да вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюлері қозғалмайтын әр түрлі споралардың құрылуы арқылы болады. Қарапайым кұрылымды түрлерінде моноспорангияда амебоидты түрде қозғала алатын қабығы жоқ жалаңаш дене түрінде пайда болатын моноспора арқылы көбейеді. Моноспора түзілетін моноспорангия кез келген вегетативтік клеткадан пайда болады. Ал флоридеяларда моноспорангиялар белгілі бір мөлшерге дейін ғана өсе алатын қысқа бүйірлік бұтақшаларда бірден, кейде бірнешеуге дейін түзіледі. Моноспоралар вегетативтік клеткадан жүмыртқа немесе шар формалы болуымен бірге клеткаішілік затының қою бояуы арқылы айырылады. Пісіп жетілген моноспорангия жоғарғы жағынан тесігі арқылы ашылып, жалаңаш моноспора сыртқа шығып, аз уақыттан кейін қабыққа оранып өсе бастайды.
Көпшілік флоридеялар тетраспорангияда дамитын жалаңаш тетраспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Тетраспорангиялар көпшілік жағдайда вегетативтік клеткадан ірірек келеді және қабықтық қабатқа батып жатады. Тетраспорангия жеке топталып орналасады. Кейбір флоридея класында тетраспорангия қабаттарының бетінде пайда болатын нематеций деп аталатан ерекше денешіктерде түзіледі. Нематеций - тік өскен клетка жіпшелерінен құралған жастықша. Тетраспорангия тетраспоралардың бөлінуіне қарай шаршы, зоналық, тетраэдрлік болып үш типке бөлінеді. Тетраспорангияда шаршы бөлінуде ең алдымен спорангия ішілік заты көлденеңінен тең екіге, одан кейін бойлай бөлінеді, соның нәтижесінде оған бүйір жағынан қарағанда оның үш клеткасы ғана көрінеді. Зоналық бөлінуде үш перде көлденеңінен бір-біріне параллель өтеді, соның нәтижесінде тетраспоралар бірінен кейін бірі «тізбектеліп орналасады. Ал тетраэдрлікте бөліну сызығы қиғаш өтеді. Тетраспорангиялардың қабаттарда орналасулары әр түрлі болады. Кейбір қызыл балдырларда спорангияның бөлінуінен 28-ге дейін полиспоралар түзіледі. Полиспоралар құрылысы жағынан тетраспоралардан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек саны жағынан ғана. Барлық қызыл балдырларда споралар жалаңаш қабықсыз. Спорангиядан шыққаннан кейін қабыққа оранып өсе келе жыныс органы дамитын гаметофит береді.
Жынысты көбею - оогамиялы . Бір клеткалы және қауымды қызыл балдырларда жынысты көбею болмайды. Аналық жыныс органы - карпогон ерекше карпогониалды деп аталатын қысқа бұтақтардан өседі. Карпогон- колба пішінді, ол жалғыз жүмыртқа клеткасы жататын кеңейген қүрсақ бөлімінен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны - трихогинадан тұрады. Карпогонның кеңейген бөлімінде ядро мен хлоропласт, ал трихогинасы түссіз, протоплазмаға толы болады, оның жас кезінде ядросы болып, кейіннен жойылып кетеді. Қарапайым түрлерінде трихогина өспейді десе де болады, себебі өте кішкентай немесе болмайды. Бангияларда карпогон кез келген вегетативтік клеткалардан өседі және вегетативтік клеткадан айырмашылығы болмайды. Аталық жыныс антеридий бүлдірген жемісі сияқты шоғырланған. Әрбір сперматангия клеткасынан 28-32-ге дейін уақ клеткалар түзіледі, оның әрқайсысынан бір-бірден спермация пісіп жетіледі. Спермация - шар немесе жұмыртқа пішінді бір ядролы, түссіз жалаңаш клетка. Антериден босаған спермация судың ағынымен карпогонға келіп, трихогинаға жабысады да, қабықпен қоршалады, одан кейін трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп, жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Ұрықтанған ұрық клеткасы - зигота жеке қабықпен қапталмай, карпогон қабығының ішінде қалады. Ұрыктанғаннан кейін зигота тыныштық күйге көшпей-ақ өсе бастайды. Ұрықтанғанан кейін трихогина жойылып кетеді, карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады, оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды. Көпшілік балдырларда зиготадан жыныссыз көбеюге қызмег ететін спорофит дамитын жаңа өсімдік өседі.
Күрделі құрылысты көпшілік қызыл балдырларда зиготадан жаңа өсімдік спорофит өспей тұрып күрделі өзгеріске ұшырайды. Соның нәтижесінде ерекше спорофиттің, бастамасын беретін түссіз, жалаңаш, талшықсыз клетка - карпоспора өседі. Олар судың ағынымен таралады да, өсе келе балдырлардың жаңа қабатына айналады. Қарапайым бангияларда жыныс процесінің нәтижесінде 4-32 карпоспора одан жаңа өсімдік - спорофит өседі. Қызыл балдырлардың көбісінде карпогоннан бірден цисто- карпия дамымайды.Күрделі құрылымды қызыл балдырларда зиготаның дамуы көп жақты күрделі процесс және бұл процесс әрқайсысында әр түрлі жағдайда өтеді. Оған ұрықтанған карпогон клеткасынан басқа көптеген арнаулы клеткалар қатысады. Қызыл балдырлардың біраз түрлерінде карпогоннан гонимобласта деп аталатын арнаулы тарамдалған өсінділер жиынтығы өседі. Одан карпоспора өсетін карпоснорангия дамиды.Көпшілік күрделі қүрылымды қызыл балдырлардың ұрықтанған құрсақ бөлімінен бірден гонимобласталар дамымайды. Гонимобласталар ерекше қосымша ауксилярлы клеткалардан дамиды.Ауксилярлы клетка ішіндегі заты басқаларға қарағанда қою болады. Мұндай жағдайда ауксилярлы клеткалар карпогоннан алшақ жатады. Ол уақытта ұрықтанған карпогон құрсағынан ообластема немесе байланыстырушы жіпшелер өседі . Ообластема жіпшелерінің түзілер алдында зиготада митотикалық бөліну болады, сондықтан ообластема жіпшелерінің клеткалары диплоидты келеді. Ообластема жішпелері уксилярлы клеткаларға қарай өседі де, клетка қабықшалары еріп, бір-бірімен қосылады,бірақ диплоидты ообластемдік клетканың ядросы мен ауксилярлы клетканың гаплойдты ядролары қосылмайды. Алайда, ауксилярлы клеткалар ообластема жіпшелерінің диплоидтық ядросының бөлінуіне, одан диплойдты ядросы бар гонимобласталардың дамуына,сонымен қатар диплоидты карпоспоралардың түзілуіне жәрдем етеді. Диплоидты карпоспора өеетін өсімдікті карпоспорофит деп атайды. Күрделі құрылымды қызыл балдырлардың бірінде ауксилярлы клеткалар тек ұрықтанудан кейін ғана карпогонге жақын өседі. Мұндай жағдайда ауксилярлы клетка мен карпогонды байланыстыратын ообластема жіпшелерінің қажеті жоқ.
Ауксилярлы клеткалар мен карпогонды қосып прокарний деп атайды Сондықтан ауксилярлы клеткалар тікелей ұрықтанған карпогонмен косылады да, одан гонимобласталар мен карпоспоралар дамиды. Карпоспорангиялар бір-бірімен тығыз орналасып, карноспорофит немесе цистокарпий құрайды. Сонымен карпоспора мен цистокарпий көпшілік уақытта екінші рет бірігу өнімінен түзіледі, сондай-ақ қарапайым құрылымды қызыл балдырларда карпоспорофит құрылмайды.
Мүндай цикл Роrрһуrа балдырында кездеседі. Мұны қысқарған даму кезеңі деп атайды. Зиготадан бірден карпоспора өседі де, одан жаңа дарақ дамиды.
Ірі пластинка пішінді макроскопиялық гаметофит кішкентай төселіп жататын жатаған микроскоптік спорофитпен ауысады. Мұндай гетероморфты ұрпак ауысу Роrрһуrа балдырынsң күрделі құрылымды түрінде болады. Спорофит тармақталған бірқатар клеткадан құралған жіптесінді келеді. Гаметофит жарық жақсы түсіп тұрған жерде өссе, спорофит жарық нашар түсетін әктас төсемікте өседі. Кейбір түрлерінің аталық және аналық жыныс органдары бір өсімдікте өссе, екінші бір түрлерінде әр өсімдікте өседі. Карпоспора бір жағдайда өсе келе пластинка пішінді өсімдікке айналады, одан моноспора дамиды. Екінші бір жағдайда карпоспорадан жіп пішінді тармақталған, бірқатар клеткадан құралған өсімдік өседі. Порфира балдырының үшінші бір түрінде редукциялық бөліну конхоспора түзілер алдында конхоспорангияда болады. Моноспора мұнда диплоидты.
Қарапайым флоридея класының көбеюі бангия класының өкілдеріне қарағанда анағұрлым күрделі келеді. Мысалы, Batrachospermum- нан байқауға болады. Батрахоспермумның дамуында карпоспорадан шантранзия деп аталатын жатаған диплоидты жіпше өседі. Оны спорофит деп атайды. Ал оның апикальды бөлімінде
мейоз процесі жүреді де, одан гаплоидты өсімдік өседі. Сөйтіп, қалыпты жағдайда шантранзия жіпшесінің жоғарғы жақ клеткасынан гаплоидты жаңа батрахоспермум қабаты дамиды.
Күрделі құрылымды флоридея класының дамуында жыныссыз көбею тетраспора құру арқылы жүреді және жыныс процесі кезінде ообластема жіпшелері мен ауксилярлы клеткалар пайда болады. Бұлай Lетапеа, Рlаtота жэне Dитопіtа-лар дамиды.
Polysiphonia мен Согаllіnа сияқты балдырларда ұрпақ ауысып отырады. Балдыр мұнда екі үйлі, гаметофит пен тетраспорофит және карпоспорофиттердің үшеуі де бір- біріне ұқсас, көпшілік жағдайда изоморфты келеді.
Palmiria раlmata сияқты балдырларда спорофитпен аталық гаметофит бірдей ірі болып келсе, аналық гаметофит күшті өзгеріске ұшырауына байланысты одан тек трихогинасы бар карпогон ғана өседі. Ұрықтанған карпогоннан бірден тетраспорофит дамиды, карпоспорофит болмайды. Ал қабықты Rhodophysema elegans- тың даму кезеңінде тетраспорофит ұрпағы болмайды. Қабықты қабаты бір үйлі гаметофит болып есептеледі. Ұрықтанған карпогоннан бірден тетраспорангия, ал оның редукциялық бөлінуінен қабықты қабаты дамитын тетраспора түзіледі.
Флоридея класында көпшілік уақытта бір-біріне байланыссыз екі түрлі даму жолы байқалады. Бірінші бағыттағылардың біреулерінде гаплоидты фазасы басым болса, диплоидты фазасы тек зигота түрінде ғана, ал басқа біреулерінде екі фазаның дамуы да бірдей болады да, изоморфты ұрпақ ауысады. Екінші даму бағытында жыныс процесінде гаметофит, карпоспорофит, тетраспорофит сияқты бірінен кейін бірі келетін үш кезеңнің болатындығы байқалады. Бұл екі бағыттағы жыныс процесінің барлық жағдайында қызыл балдырларда жүмыртқа клетка сыртқа шықпай, аналық гаметангияның қоршауында бол ды жэне сол қоршаудың ішінде ұрықтанады. Бұл жағынан жоғарі сатыдағы өсімдіктердің ұрықт нуына ұқсас келеді. Қызыл балды лар бангиялар мен флоридея класына және 12 қатарға бөлінеді. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі флоридея класына жатса, ал бангиялар класына небәрі 70 шақтыдай түр жатады.
Бангиялар -Вangiophyceae класы
Бұл класқа қарапайым кұрылымды бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы, трихальды, гетеротрихальді пластинкалы, паренхиматозды құрылымдары бар балдырлар жатады. Қабатының өсуі қабаттағы барлық клеткаларының бөлінуі арқылы болады. Клеткалары бір ядролы, хлоропласты біреу не бірнеше жұлдыз табақша, қалақша, пластинка пішінді. Клетканың орталық бөлімінде орналасатын бір пиреноидты болады. Клеткаларының арасында ұсақ саңылаулары болмайды.
Вегетативтік көбеюі клетканың бөлінуі, қауымының ыдырауы, бөшектенуі, акинеталар, ал жыныссыз көбеюлері моноспоралар арқылы болады. Моноспоралары мен кара споралары жалаңаш амебоидты. Жынысты көбеюі күрделі құрылымды өкілдерінде ғана болады. Аналық жыныс органы карпогон трихогинасыз не болмаса қысқа, кішкене өсінді. Зигота тұтас карпоспораға айналады.
Қарапайым өкілдері тұщы суда, жер бетінде тіршілік етеді. Кейбір түрлері теңіз жағалауларында кездеседі. Бұл класс 6 қатарға бөлінеді.
Порфиридиялықтар-Роrphyridiales қатары - бір клеткалы, шар не эллипс пішіндес кілегей жиынтығын құрайтын балдыр. Вегетативтік көбеюі жай екіге бөліну, кейде акинеттер арқылы болады. Моноспора не автоспора арқылы жьныссыз көбейеді. Басым көпшілігі тұщы суда және жер бетінде тіршілік етеді, негізгі өкілі - порфиридиум- Роrphyridiит. Дөңгелек жеке клетка, кейде кілегейлі қауымға жиналады. Клетка қабықшасы жиі болмайды, оның қызметін нашар байқалатын кілегейлі қабат атқарады. Хлоропласты жұлдыз пішінді, біреу. Оның қан қызыл қабықша тәрізді пленкасы топырақ бетіне не дымқыл қабырғаларға, теңіз жиектеріндегі тастарға бекініп тіршілік етеді. Қор заты - багрянка крахмалы дән түрінде хлоропласттың маңында жиналады. Клетканың екіге бөлінуі не акинеттер арқылы көбейеді, кейде моноспора құрулары да байқалады. Жынысты көбеюі болмайды.
Цианидиум-Cyannidium көпшілік жағдайда шар формалы, бір клеткалы, клетка қабықшасы жұка, табақ пішінді бір хлоропласты болады. Кейде кілегейдің ішінде клетка жиынтығын құрайды. Тетраэдрлі эндоспора құру арқылы көбейеді. Дымқыл таста көгілдір жасыл, сирек күңгірт жасыл түсті жұқа кілегейлі қабықша түрінде кездеседі.
Бангиялыктар-Bangiales қатарына көп клеткалы, паренхиматозды, бір не көп қатарлы трихальды, гетеротрихальді, пластинкалы бір не екі қабатты балдырлар жатады. Қабатының өсуі интеркалярлық. Клеткалары бір-бірімен саңылау өсінділері арқылы байланысады. Көпшілігінде жұлдыз не пластинка, не лента тәрізді бір, сирек бірнеше хлоропласты болды. Пиреноидтары біреу, кейде болмайды.
Көбеюі вегетативті, жыныссыз, жынысты. Вегетативтік көбеюі қосымша өркендері арқылы болады.Барлық вегетативтік клеткалардың не оның белгілі бір бөлімінің өзгеруі арқылы жыныссыз көбеюге қызмет ететін жалаңаш моно-, не полиспоралар пайда болады. Жынысты көбеюі оогамиялы. Жыныс органы кез келген вегетативтік клеткадан дамиды. Оогоний вегетативтік клеткадан түзілсе, сперматангия оның екінші рет бөлінуінен түзіледі. Трихогинасы болмайды. Ұрықтанған карпогоннан 4-64 жалаңаш карпоспора кұралады. Гетероморфты ұрпақ алмасуы болады. Басты өкілдері бангия Ваngia мен порфира Роrрһуra. Бангияның ересек түрі көп қатар. клеткалардан құралған тарамдалған жіптесінді, сорғыштары арқылы бекініп тіршілік етеді. Теңіз суларында кездесетіні жоғарғы литеральды, жиектерде таралған, ал тұщы суда кездесетіндері өзен суының эстуария (су басып кететін өзеннің сағасы) зонасында қоңыр және күлгін түсті жіпшелері жиынтығын кұрайды. Порфира- Роrрһуra ірі, нәзік, жапырақ пішінді. Порфираның алғашқы дамуы бірқатар жіптесінді формадан басталады. Клетка жіпшесі бірнеше бағытта бөлінуіне байланысты бір қабатты не екі қабатты жапырақ пішінді пластинка түзеді. Төменгі жағы жіңішкеріп, сабақша тәрізді сорғышы бар ризоидқа ауысады да, бекініп тіршілік етеді. Балдырларда тіршілік ететін порфираның ризоидтары кейде иесінің тініне еніп жатады. Моноспалар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюдегі үрпак алмасуы гетероморфты. Макроскопиялы пластинкалы және жіптесінді қабаттары гаметофит болып есептеледі де, спорофиті микроскопиялық курылымды молюска қабыршағында тіршілік ететін бірқатар жіптесінді қызыл түйін түрінде болады. Оны көп уақыт бойы Conchoselis rose деген атпен басқа балдыр есебінде қарап келді. Хло- ропласты пиреноидсыз. Жыныссыз көбеюі гаметофиттен өсетін моноспора және спорофиттен дамитын конхоспора арқылы жүзеге асырылады. Өкілі Роrрһуra - аса маңызды А, В, С витаминіне бай тамақтық және дәрілік өсімдік.
Флоридеялар -Ғlогіdеорһусеае класы
Флоридеялар - төбе клеткалары арқылы ұшынын өсетін күрделі анатомиялық құрылымды. Қабаттары бір не көп білікті, тармақталған, жалған паренхиматозды. Кейбіреулерінің қабаттарына әктас сіңген. Клеткалары бір ядролы, сирек көп ядролы, пластинка, лента не линза пішіндес хлоропласттары клетканың қабырғалық қабатына қарай орналасқан. Пиреноидтары болмайды, тек қарапайым жұлдыз тәрізді хлоропласттары бар түрлерінде ғана болады. Клетка аралықтарында ұсақ саңылаулары бар. Карпогонның трихогинасы болады. Вегетативтік көбеюі сирек болған жағдайда төселіп жататын қабатынан қосымша өркендер пайда болу арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюлері тетраспора, биоспора, полиспора, тек намелиондықтар қатары ғана моноспоралар арқылы көбейеді. Барлық өкілдері жынысты көбейе алады. Зиготадан гонибласт өседі, одан карпоспора дамиды. Гонимобластаның дамуында арнаулы қоректік клеткалар мен ауксилярлы клеткалары ерекше маңызды қызмет атқарады. Гаметофит пен спорофиттің морфологиялық жағынан ұқсас не ұқсас емес ұрпақ ауысулары болады. Басым көпшілігі теңіз суларында тіршілік етеді. Бұл класс 6 қатарға, 40 шақты тұқымдасқа бөлінеді.
Немалиондықтар-Nemalionales қатарының ауксилярлы клеткалары болмайды. Гонимобласта жіпшелері тікелей ұрықтанған карпогоннан немесе одан төмен жатқан клеткадан ядросы ауысқаннан кейін дамиды. Арнаулы қоректік клеткалары болмайды. Тұщы суларда кездесетін және қарапайым өкілдері осы қатарға тән. Қабаттың құрылымы бір білікті және көп білікті болып келеді. Батроахоспермум - Ваtrасһоsреrтит туысы таза, тұщы суларда сарғыш не көкшіл жасыл түсті, ұзындығы 10- 20 см, кішкене бұта түрінде тараған балдыр. Жалпы пішіні қырықбуынға ұқсайды. Микроскоппен қарағанда орталық «сабақтың» түссіз бір ядролы ұзын үлкен клеткаларынан құрылғандығы көрінеді. Одан жан-жаққа күшті бұтақтанып, шоғырланып келген ұсақ бірқатар клеткалардан құрылған бүйірлік бұтақшалар тарамдалып кетеді. Олар хлорофилге бай, оны ассимилятор клеткалары деп атайды. «Сабақшасы» ұшынан ұзарып өседі.
Жыныссыз моноспора арқылы көбейеді, жынысты көбейгенде карпогон және антеридий бір өсімдікте, негізі біліктің бүйір бұтақтарында дамиды. Ұрықтанған зигота редукциялы жолмен бөлініп, сыртқы түрі бүлдіргеннің жемісіне ұқсас цистокарпийге айналады, одан карпоспора түзеледі. Батрахоспермумның дамуында гаметофит басым, ал спорофиті зиготамен және шантранзиямен шектеледі.
Теңіз жағалауларындағы жартастарда ұзындығы 10-20 см-дей, жуандығы 2-5 мл-дей жұмыр солғын қызғылт түсті Немалион-Nетаlіоп балдыры өседі. Олардан шетке қарай хлоропласты мол тарамдалған жіптер кетеді. Аталық өсімдік аналыққа қарағанда кіші. Ұрықтанғаннан кейін карпогон пердемен екіге бөлінеді. Одан пайда болған 2 клетканың жоғарғысы гонимобласта жіпшесінің құрылуына қатысады. Төменгі клетка карпогон бұтақшаларының клеткасымен қосылады. Тарамдалған гонимобласта клеткаларының ұшынан карпоспоралар өседі. Немалион - спорофитті өте кішкентай жатаған.Карпоспорофит пен карпоспоралы диплоидты.
Криптонемиалықтар-Cryptonemiales қатары ауксилярлы клеткаларының болуымен сипатталады. Олар ерекше косымша бұтақшаларда, карпогон ұрықтанғанға дейін қалыптасып прокарп құрайды. Ауксилярлы клеткалары карпогонмен қосылуынан кейін одан гонимобласта дамиды. Криптонемиалықтардың қабаттарының морфологиялық және анатомиялық құрылымдары әр түрлі. Сыртқы формасы пластинкалы, қабықты және цилиндрлі. Анатомиялық құрылысында бір білікті мен көп білікті типтерді кездестіруге болады. Клеткалары бір ядролы және көп ядролы. Хлоропласты пластинкалы немесе бұршақ пішінді бір не бірнешеу. Пиреноидтары болмайды. Қабаттың өсуі апикальды. Тетраспорангияда тетраспора шаршы,зональды бөлінуден жеке сорустарда, нематецияларда, концептакулаларда кұрылады. Антеридий де тетрспорангиялар сияқты дамиды. Карпогон бұтақшалары жай не тармақталған көп клеткалы.
Достарыңызбен бөлісу: |