Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1


Диктиоталықтар-Dictyotales



бет8/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47

Диктиоталықтар-Dictyotales қатарына дихотомиялы бұтақтануы мен апикальды өсуі арқылы сипатталатын, биіктігі 5-50 см-ге дейін жететін, пластинка пішінді тұтас не бөлшектерге бұтақтанған я болмаса шанышқы тәрізді бір жазықтықта тармақталып келген өсімдіктер жатады. Бұтақтарының ұш жақтары қалақтанып тілімделген пластинкалы. Микроскоппен қараған уақытта көлденең және бойлай бір қатарда жатқан клеткалар көрінеді. Бұлай клеткалардың дұрыс жатуы ірі арнаулы клеткалардың белгілі бір жазықтықта бөлінуіне байланысты. Ондай клеткалар диктиотада бұтактың жоғарғы ұшында орналасады немесе кабаты пластинкалы болып келетін түрлерінде жоғарғы қабаты бір қатар клеткадан құралады.

Диктиоталылардың жыныссыз көбеюі қозғалмайтын 4 ірі тек зонаря сияқты түрлерінде ғана 8 тетраспоралар болады. Басқа қоңыр балдырлар сияқты тетраспорангиядан түзілетін тетраспоры бір үялы спорангияның редукциялық бөлінуінен кейін түзіледі. Тетраспорангиялар қабаттың жоғарғы жағында топталып орналасады. Жынысты көбеюі - оогамиялық. Оогоний мен антеридилер әр дарақтардың жоғарғы қабатында топталып жатады. Оогониден бірден жұмыртқа клетка пісіп жетіледі. Антеридий тік және келденең 150-1500-ге дейін камераға бөлінеді. Әрбір камерадан бірден антерезоид өседі. Басқа қоңыр балдырлардың зооспоралары мсн гаметаларынан антерозоидтың айырмашылығы - бір ғана талшығы болады. Диктиоталарда спорофит пен гаметофиттің құрылысы бірдей, яғни изоморфты ұрпақ алмасуы болады. Диктиота-Dісtуоіа туысы Қара теңізде, Атлант мұхитында көп тараған. Қабаты жалпақ, дихотомиялы бұтақтанған, цилиндр формалы, ризоидтары арқылы төсемікке бекінетін, спорофиті мен гаметофитінің сыртқы пішінінде айырмашылығы болмайтын балдыр. Әрбір бұтаның ұшында бір ірі төбе клеткасы болады, осы клетканың ұзынынан және көлденеңінен бөлінуіне байланысты қабат ұшынан екі жаққа бірдей ұзарып өседі. Диктиотаның жетілген қабаты үш қабатты клеткалардаң тұрады. Ортаңғы бөлімі ірі, түссіз не аздаған хлоропласттары бар, оны жан-жағынан көптеген хлоропласттары бар уақ клеткалар қоршап жатады. Диктиота екі үйлі өсімдік. Спорофитте өсетін тетраспорангиядап редукциялық бөлінудің нәтижесінде пайда болатын қозғалмайтын 4 гаплоидты тетраспора арқылы жыныссыз көбейеді. Тетраспорадан құрылымы жағынан алғашқы өсімдіктен ешқандай айырмашылығы жоқ жаңа гаплоидты аталық жэне аналық өсімдік — гаметофиттер өседі. Бұл өсімдіктерден жыныс органдарының элементтері - гаметалар дамиды. Гаметофиттің бір дарағынан көп мөлшерде сперматозоидтары бар антеридилер, екінші біреулерінен жұмыртқа клеткасы дамитын бір клеткалы оого- нийлер өседі.

Ұрықтанудың нәтижесінде пайда болған зигота тыныштық кезеңін өтпей-ақ тоқтаусыз өсіп, жаңа өсімдікке айналады. Бұл өсімдік тетраспора дамитын спорофит болып есептеледі. Сонымен, диктиотада морфологиялық құрылымы жағынан (бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, тек физиологиялық, цитологиялық айырмашылығы бар жынысты және жыныссыз ұрпақ ауысу байқалады. Жынысты ұрпак гаметофит гаплоидты, ал гаметалардың үрықтануынан пайда болған зигота, одан өскен жаңа өсімдік, яғни жыныссыз ұрпақ спорофит-диплоидты. Спорофитте түзілетін тетраспорангиядан тетраспора, одан өсетін аталық және аналық, гаметофиттер гаплоидты.

Падина-Раdіnа туысы - Қара теңізде жаздың екінші жартысында өсетін желпуіш пішіндес сарғыш-сұрғылт түсті қабаттан тұратын, ұзындығы 20 см-ге дейін баратын, диктиота сияқты ұрпақ алмасуы болатын өсімдік, бірақ диктиотадан айырмашылығы падина бір үйлі, яғни оогоний мен антеридий бір өсімдікте дамиды. Падина таломының бір жақ беті кальций карбонатымен безенген, соған орай ақшылдау келеді.

Падинаның ішкі жағы үш-төрт кабатты түссіз клеткадан тұрады. Оны сырт жағынан бірқатар боялған уақ клеткалар қоршап жатады.



Гетерогенераттылар –Heterogeneratophyceae класы

Бұл кластың даму кезеңінде күрделі құрылысты ірі спорофит, микроскопиялық құрылымы бар кішкентай бірнеше клеткалардан құралған гаметофитпен ауысып отырады. Жыныс процесі - изогамия немесе оогамия. Гетерогенераттылар класы 5 қатарға, 19 тұқымдасқа бөлінеді. Солардың ішінде көп тараған түрі және шаруашылықта аса маңызы бары - ламинариялықтар қатары.



Ламинариялықтар-Laminariales қатары спорофит пен гаметофит ауысып келіп отыратын гетероморфты ұрпақ алмасумен сипатталады. Жетілген сапрофит ірі, биіктігі 0,5-6 м-ге, кейбір түрлерінде 50 метрге дейін жететін көпжылдық өсімдік. Қабатының паренхиматозды болып келуімен ерекшеленеді.

Ламинариялықтардың қабаты жай немесе тармақталған қысқа бағанада орналасқан бір не бірнеше пластинкалы. Бағана мен пластинканың іш жағы меристодерма мен қабықты қабаттан тұрады. Қабықтық қабат боялған клеткалардан түзілсе, ортаңғы өзектік бөлімі біреулерінде кәдімгі қабығы бар қысқа цилиндр формалы клеткалардан, ал екінші біреулерінде бос орналасқан жіпше клеткалардан құралған. Бұл қабатта түтікті жіпшелері мен сүзгілі түтіктер болады. Көпшілік ламинариялықтардың қабығына тақау немесе аралық қабаттарында тор құрайтын кілегейлі каналдары болады. Көбінесе олар- дың бунақталған жерлерінде, құрамында көп мөлшерде диктиосомасы

бар, топталып секреторлы клеткалар орналасады. Бұлардың қызметі әлі толық анықталған жоқ, олар белгілі бір физиологиялық қызмет атқаруы мүмкін. Сапрофиттерінде қабаттарының өсуі интеркалярлық зона арқылы болады. Интеркалярлық зона негізгі пластинка бағанасының ұшында орналасады. Егер бағана тармақталып келіп, оның бірнеше пластинкасы болса, онда интеркалярлық зона әр пластинаның негізінде орналасады.

Фотосинтез процесінің нәтижесінде құралған органикалық заттар пластинаның негізінде жиналады. Бұған қарамастан, фотосинтез процесі қабатының жоғаргы қабатында қарқынды жүреді. Жақсы жетілген өткізгіш элементтері мен өзектік қабатының болуы қор заттарын қабатының кез келген жеріне жеткізуді қамтамасыз етеді.

Барлық ламинариялық балдырлардың спорофитінен бір клеткалы, бір ұялы спорангилер өсетін жыныссыз көбею органдары дамиды. Бұлардың даму кезеңінде спорофит басым. Спорофит болып өсімдіктің өзі есептеледі. Гаметофиттері микроскопиялық құрылымды, көп клеткалы тарамдалған жіптесінді. Кейде аналық гаметофиттер бір клеткалы да болады. Қалыпты жағдайда гаметофиттер бір айдан 4 айға дейін өмір сүреді. Осы уақыт мерзімінде гаметофиттен гаметангиялар толық пісіп жетіледі.

Ламинариялықтарда жынысты көбею процесі - оогамиялық.



Ламинария-Laminaria туысының 30 шақты түрі бар. Көпшілігі 20 м-ге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Ламинария - күрделі кұрылымды, өте ірі, ұзындығы 60 метрге дейін жететін өсімдік. Бұл солтүстіктегі Ақ теңізде және Баренц теңізінде көп тараған.

Ламинарияның қабаты саусақ салалы, лента пішінді, ұзын сағақты жапырақ тақтасы сияқты және цилиндр пішінді қысқа сабақ тәрізді бөліктен тұрады. Қысқа сабақтан көптеп тарамдалып шығатын ризоидтары арқылы төсемікке бекінеді. Ламинария көпжылдық өсімдік, жапырак тақтасы сияқты лента пішінді бөлігі қысқа қарай (солтүстік жақта) жылда түсіп, оның орнын жапырақ пен сабақтың шекарасындағы меристема клеткаларының өсуінен кұралған пластинка тәрізді жаңа жапырақ тақтасы алмасып отырады.

Анатомиялық құрылымында өзектік қабаты бос орналасқан жіпше тәрізді клеткалардан құралған. Түтікті жіпшелері мен сүзгіш түтіктері де болады. Кілегейлі каналдары біреулерінде болса, екінші біреулерінде болмайды.

Жапырақ тақтасының бетінен гаплоидты зооспоралары дамитып бір ұялы зооспорангиялар жетіледі. Зооспорангиялардың арасында парафиздері болады. Әрбір зооспорангияда редукциялық бөлінуден кейін 16-дан 64-ке дейін зооспоралар құралады. Зооспоралар алмұрт пішінді, екі талшықты. Алдыңғы талшығы қауырсынды, артқысы жай, бір хлоропласты болады. Зооспора- ііың қозғалысы тіршілік жағдайына байланысты. Зооспора төсеміктің қатты бетін кездестіріп, талшығын тастап тоқтайды да, қабыққа оранып, эмбриоспораға айналады. Эмбриоспорадан өсу түтігі дамиды. Оған барлық зооспораның тіршілік заттары өтеді де, өсу түтігі бос қалған эмбриоспорадан пердемен

бөлінеді. Осылай алғашқы гаметофит клеткасы түзіледі. Эмбриоспора қабығы көп уақыт сақталады. Ламинарияларда гаметофит дара жынысты. Аналық гаметофит қысқа және жалпақтау, көп клеткалы, сирек бір клеткалы. Көп клеткалы аналық гаметофиттен бірнеше оогоний дамиды, ал бір клеткалы болған жағдайда клетка тегіс оогониге айналады. Әрбір оогониден бірден жүмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы оогоний тесігі арқылы сыртқа шығады, бірақ оогониден ажыраспай, онда жабысып түрады. Осы жағдайда ұрықтану болын, спорофит дами бастайды. Барлық жұмыртқа клеткасы сыртқа шықканнан кейін гаметофит тіршілігін жояды, бірақ оның қабығы спорофиттің төменгі жағында көп уақыт сақталады. Көп клеткалы аналық гаметофиттен бірнеше спорофит дамиды. Спорофит аналық гаметофиттен ешқандай қор затымен қамтамасыз етілмейді, тек спорофиттің бекіну органы болып есептеледі. Мұның балдырлардың тіршілігінде үлкен маңызы бар. Зооспоралар қатты төсемік тапқанша олардың көпшілігі қырылып қалады. Оған себеп қатты төсемік теңіз түбінде аз болады, оның көпшілігіне балдырлар мен жануарлар мекендеп қойган. Аталық гаметофит аналыққа қарағанда көп тармақталған және көлемі кіші, уақ, түссіз клеткалардан түзіледі. Онда сперматозоид түзілетін антеридийлер дамиды. Ұрықтанған жұмыртка клеткасы тыныштық жағдайына көшпей-ақ, өсе келе бірқатар бірнеше клеткалардан қүралған жіпшеге айналады. Кейіннен клеткалардың көлденең перделермен бөлінуіне байланысты одан бір қабатты пластинка дамиды, оның төменгі клеткасынан ризоид түзіледі. Пластинканың біртіндеп өсуіне қарай клеткалардың дифференциялануы болады, соның нәтижесінде бағана және тарамдалған ризоид өсіп жетіледі. Сонымен, ламинарияда папоротниктерге ұқсас ұрпақ ауысу барлығы байқалады. Мүнда ірі диплоидты спорофит (ламинария), микроскопиялық мөлшерлі гаплоидты гаметофитпен ауысып отырады. Жыныссыз генерация жыныстыға қарағанда әлдеқайда үлкен және басым болады. Әрі қарай дамуда спорофиттің күрделене түскенін, ал гаметофиттің біртіндеп жойылып бара жатқанын көруге болады. Қант ламинариясы «теңіз қырыққабаты» деген атпен тамаққа пайдаланылады.



Лессониа- Lessonia бағанасының жоғарғы жағы көп тармақталып, ланцет пішінді «жапырақтармен» аяқталады. Макроцистис - Macrotystis10-20 м тереңдікте өсетін «сабағы» бірнеше рет тармақталып келеді, оның иілгіш жіңішке «сабағының» үзындығы 50-60 метрге дейін жетеді. Сабақтың «жапырақ» тақтасының түбінде ауа толып тұратын кеңістігі болғандықтан, ол судың бетінде қалқып тұрады. Макроцистисті алгинат және басқа химиялық өнімдер алуға пайдаланылады. Алария-Alaria ірі өсімдік, қабаты сабаққа, ризоидқа және жақсы жетілген орталық жапырақ жүйкесі бар «жапырақ» алақанынан тұрады. Аларияның кейбір түрлерін тамаққа пайдаланады.

Циклоспоралылар -Сусlosрогорһусеае класы

Циклоспоралылардың қабаты күрделі құрылымды, макроскопиялық, меристодерма, қабықтық қабат, аралық қабат және өзектік қабат болып тіндерге жіктелген. Даму кезеңі тек диплоидты стадияда өтеді. Жынысты көбеюі - оогамиялы. Бұл класс бір қатардан, 7 тұқымдастан, 36 туыстастан тұрады.

Фукус-Fucales қатарының қабаты күрделі қүрылымды тіндерге жіктелген, қабаттарының ұштарында болатын төбе клеткалары арқылы ұзарып өседі. Жыныссыз көбеюі болмайды, оогамиялық жынысты жолмен ғана көбейеді, сондықтан ұрпақ ауысу болмайды, тек ядро фазаларының алмасуы ғана болады. Өсімдік диплоидты, тек жыныс элементтері гана гаплоидты. Жыныс органдары скафидия деп аталатын қуыстарда түзіледі.



Фукус-Fucus туысы Балтық және басқа солтүстік теңіздерде көп тараған өсімдік. Қабаты жалпақ, дихотомиялы бұтақтанған, ұзындығы 0,5 метрге жететін плас- тинкадан тұрады, қабатының төменгі жағының пішіні сабақ тәрізді жұмырланып келген. Сабақ төменгі ұшындағы жалпақ түбірлерімен су астындағы тастарға жабысып өседі. Жапырық тәрізді қабатының ортасынан жуандау келген орталық жүйке өтеді. Қабатының жапырақ тәрізді жалпақ бөлігі өзара матасып жатқан көп клеткалы жіптерден құралады. Бүл қабаттың ішінде борпылдақ, сыртында хлорпластқа бай тығыз тін орналасады. Қабаты тарамдалған бұтақтың ұшындағы ойықтарда болатын төбе клеткалары арқылы өседі. Фукустардың кейбір түрлерінде орталық жүйкенің бүйір жақтарында ауа көпіршігі деп аталатын ауаға толы қуыстары болады.

Көбеюі - оогамиялы. Ересек қабатының ұшынан ашық қызғылт сары түсті буылтықтар пайда болады, бұлардан сыртқа қарай бір ғана тесік арқылы ашылатын шар пішінді қуыс - скафидия өседі.

Бұл қуыстарда өте жіңішке көп клеткалы парафиздердің арасында аналық, жынысты оогоний мен аталық жынысты антеридилер өсіп жетіледі, бұлар кейде бір қуыста, ал көбінесе әр түрлі қуыстарда немесе жеке дарақтарда дамиды. Оогоний шар пішінді болып қысқа сағағы арқылы скафидияның түбіне бекініп жатады. Әрбір оогониден редукциялық бөлінуден кейін 8-ге дейін жұмыртқа клетка дамиды. Кей жағдайларда редукциялық бөлінудің нәтижесінде түзілген 8 ядроның төртеуі қалып, қалғаны жойылып кетеді. Жұмыртқа клеткалары сперматозоидтан әлдеқайда (30.000 есе) үлкен болады. Антеридилер қысқа бұтақтарда көп мөлшерде дамиды. Пішіні сопақтау, әр антеридиден екі талшықты 64 сперматозоид жетіледі. Антеридий оогоний сияқты скафидия қуысына үзіліп түседі де, кілегейдің ұлғаюына байланысты антеридиді оогоний сияқты скафидия қуысынан сыртқа шығарып тастайды. Кілегейдің көмегімен скафидияның сыртына жабысып, жыныс элеметтерін босатады, барлық қабықтарынан босанған жұмыртка клетканы сперматозоидтар қоршап алады да, оның біреуі жумыртқаны ұрықтандырады. Ұрықтанудан пайда болған зигота қабыққа оранып, тыныштық кезеңін өтпей-ақ өсіп, жаңа фукусқа айналады. Жыныссыз жолмен көбеймегендіктен, ұрпақ ауысу болмайды.

Сонымен, гетерогенератталарда гаплоидтық кезеңнен диплоидтық кезеңнің басым болганын көрсек, мұнда тек диплоидты кезеңнің болатындығын көреміз. Гаплоидтық кезең тек жыныс элементтері түрінде ғана болады.

Қара теңіздегі көп тараған ірі өкілінің бірі - цистозира-Сystoseira. Бұл - тармақтанған бұта сияқты, биіктігі 1 метрге жететін балдыр. Оогониде бір жұмыртқа клеткасы болады, өйткені қалған жеті ядро жойылып кетеді. Жылы теңіздер мен мұхиттарда тараған өкілі саргассум- Sargassum балдырының да оогониінде бір ғана жүмыртқа клетка дамиды. Оның сыртқы пішіні жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге ұқсайды. Моноподиальды бұтақтанғаи сабағында жапырақ тәрізді пластинкалары болады, олардың қойнында жеміске ұқсаған шар пішінді ауа көпіршіктері өседі. Бұл Саргасс теңізінде қалқып жүреді де, 4,4 млн.км2 жерді алып жатады, жалпы массасының салмағы 20 млн. тоннадай. Ғалымдар олардың алғашқы отаны Орталық және Солтүстік Америка мен Африка аралығы болуы мүмкін деп жориды. Ертеде Саргасс теңізіне судың ағынымен келіп, жаңа тіршілік жағдайына бейімделудің нәтижесінде вегетативтік жолмен көбеюге көшкен дейді.

Көпшілік қоңыр балдырлар суық теңіздерде таралған. Олар теңіздер мен мұхиттардағы басқа балдырлармен араласа өсіп, судағы өсімдіктер дүниесін қүрайды. Сөйтіп, суда тіршілік ететін жануарлардың негізгі азығы, сондай-ақ балықтардың уылдырығы мен шабақтарын жасыратын пана болып есептеледі. Ірі балдырлардың көпшілігі мал азығы және калий тұзына бай болғандықтан, тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Кейбір ламинариялар тамаққа пайдаланылады. Бұлар ішкі қарын ауруына және атеросклерозға ем ретінде өте пайдалы. Ламинари балдырларынан альгин алады, оны желімдегіштік қасиеті болғандықтан қағаз, картон өндірісіне қолданылады. Бұрын ламинариядан йод алатын.



Қоңыр балдырлардың филогенезі. Қоңыр балдырлар - өте ертеде пайда болған балдырларды бірі. Ламинария мен фукусты қазба қалдықтары силур және девон дәуірінен табылған. Бұның өзі қоңыр балдырлардың эволюциялық даму жолының ұзақ екендігін байқатады. Оған тағы бір дәлел - хлоропласттарында хлорофилдің в пигментінің болмауы. Қоңыр балдырлар табиғи топ, морфологиялық құрылысы жағынан басқа балдырлардан айырлып тұрады. Алайда, хлоропласттарында хлорофилдің а және с пигменттерінің болуы, в пигментінің болмауы бұларды хризомонадалар, әр түрлі талшықтылар, диатомалылар және криптофитті балдырлар мен ұқсастығын байқатса, сонымен бірге хлоропласт тилакоидтарды орналасуы, қор заттары ретінде ламинаринның, хризоламинариннің жиналуы монада құрылысты кұрылысты клеткаларында гетерокоидты және гетероморфты талшықтарының болуы бұлардың шығу тегінің біртекті екендігін ғана дәлелдеп қоймай, кейбір альгологтарға бұл белгілер жоғарыдағы аттары аталған балдырларды бір топқа біріктіруге дәлел болып отыр. Қоңыр балдырлардың даму кезеңінде монадалы клеткаларының болуы оларды алғашқы талшықты организмнен шыққан деп қарауға негіз жасайды. Алайда, қоңыр балдырлардың алғашқы талшықтылармен байланысы хризомонадалар мен әр түрлі талшықтыларға және диатомдылар мен криптофиттерге қарағанда анағүрлым алшақ. Қоңыр балдырларда басқа кейбір балдырлар сияқты талшықты формадан жіптесінді, одан пластинкалы формаларға қарай біртіндеп даму байқалмайды. Қоңыр балдырлардың көп уақыт эволюциядық даму дәуірінен өтуіне байланысты монада, коккоид және тарамдалған жіптесінді формалы толық жойылған.

Кейбір оқымыстылар қоңыр балдырларды фукоксантин пигменттерінің және зооспораларының болуына байланысты феотамнион - Рһаеоtһатпіоп сияқты тарамдалған жіптесінді хризомонадалылармен байланыстырады, сондықтан бұлардың арасында алшақтық болса да, туыстық қатысы бар дейді.

Биохимиялық қасиеті жағынан қоңыр балдырлар қоңыр түсті бояулары бар балдырлардың ішінде диатомдыларға жақын тұрады. Бұл екі бөлімде де а және с пигменттермен бірге фукоксантин (жылтырауық сары), а және р неофукоксантин болады. Сонымен, қоңыр балдырлардың диатомды, жылтырауық сары балдырлармен бірқатар ұқсастық белгілеріне қарап бір-біріне жақын монада қүрылымды организмдерден шыққан деп жорамалдауға болады.

Қоңыр балдырларда эволюциялық даму интеркалярлық өсуден төбе клеткалары арқылы ұшынан өсуге қарай және қабаттары көлемдерінің ұлғаюына, сонымен бірге изогамиялық жынысты кебеюден гетерогамиялық, одан оогамиялық жынысты көбеюге қарай жүрген.

Эктокарпустар эволюциялық дамуында қабатының негізінен қыстырмалы өсетін ламинарияның тегін берген. Мұнда жыныс процесі изогамиялық (эктокарпус) түрден оогамиялық (ламинария) түрге дейін дамыған. Ламинарияда спорофиттің жақсы дамып, гаметофиттің жойылып бара жатқаны байқалады. Ұшынан өсетін диктиота мен фукус сфацеляриядан шығуы мүмкін, ал көбею органының құрылысына қарағанда, сфацелярия эктокарпустың бір бұтағынан дамуы ықтимал. Қоңыр балдырлардың бұл екі тобының екеуінде де эволюциялық даму бір бағытта жүреді, бұларда спорофиттің күшті дамып, гаметофиттің кішірейе келе, тіпті фукустарда жойылғанын көруге болады.

Қоңыр балдырлардың маңызы.

Қоңыр балдырлардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы ерекше. Теңіз жағалауында құралатын органикалық заттардың қоры болып есептеледі. Кейбір жағалаулардан 1 м2 жерден алынатын биомасса ондаған кг-ға жетеді. Сонымен бірге, теңіз жағалауында тіршілік ететін организмдердің азық қоры, көбейетін және паналайтын орны. Қоңыр балдырлардан шаруашылыққа аса қажетті әр түрлі заттар -альгин қышқылдарының тұздарын алады. Натрий альгинатын аз мөлшерде консервілейтін тағамдарға және т.б. қосса, оның дәмділік қасиеті мен қүндылығы артады. Альгинаттар жасанды талшық, пластмасса өндірісінде, әр түрлі бояулар мен желімдегіш заттарды өндіруде қолданылады. Жоғарғы сапалы жағармайлардың қүрамына кіреді. Қоңыр балдырлар парфюмерия мен фармацевтика өндірісінде қолданылады. Жасанды смола, қағаз, жарылғыш, т.б. заттарға қосуға пайдаланады.

Өте ерте уақыттан бері қоңыр балдырлар медицинада және тамаққа қолданылып келеді. Қазіргі уақытта адамға құятын қанның орнына қолданатын дәрі алуға және қанның ұюын болдырмау бағытында дәрілер алу үшін қолданумен қатар, радиоактивті заттарды организмнен шығару үшін пайдаланылады.

Кейінгі 30 жылдың ішінде балдырдарды аквариумдерде өсіру кеңінен қолданылуда. Норвегия мен Англияда, АҚШ-та, Францияда, Жапонияда ламинарияны және басқа макрофитті балдырларды тек мәдени түрде өсіріп қана қоймай, оларды өсіру технологиясын жетілдіруде.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000

3. Вассер С.П., Кондратьева Н.В. Водоросли. 1991.


Дәріс 7. ҚЫЗЫЛ -RНОDОРНҮТА БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қызыл балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Жасуша құрылысы

3. Қызыл балдырлардың көбеюі

4. Қызыл балдырлардың систематикасы

5. Қызыл балдырлардың филогенезі

Жалпы сипаттамасы. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі көп клеткалы, күрделі қүрылымды теңіздерде, мұхиттарда өсіп, су астында ну орман құрайды. Күрделі морфологиялық және анатомиялық құрылымды болуларымен бірге, өте сирек бір клеткалы және қауымды формалары да бар. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі - ірі өсімдіктер, ұзындығы бірнеше сантиметрден метрге дейін жатады. Тұщы суда кездесетін түрлері көпшілік уақытта уақ, микроскопиялық кұрылымды бір клеткалы, қауымды, бір не көп қатарлы клеткалардан қүралған жіптесінді кейде көп клеткалы бұта пішіндес макроскопиялық қүрылымды болып келеді. Қызыл балдырлардың 4000- дай түрі бар. Бұларды Бангиевалылар және Флоридеялылар деп екі класқа бөледі. Олардың барлығына тән хлоропластында хлорофилдің а және d пигменттерінен басқа қызыл- сары каротин, сары ксантофилл, көк фикоцианин және ерекше кызыл фикоэритин пигменттері болады. Осы пигменттердің орайласып келу қабатқа сарғыш, көкшіл, көбінесе алқызыл не қызыл-қоңыр түс береді. Хлорофилдің й пигменті тек қызыл балдырларға тән.

Балдырлардың қызыл түсті болуы - тіршілік жағдайына биологиялық бейімделуі. Судың терең қабаттарында болатын балдырлардың қызыл түсті хлоропласты тереңге өтетін көк және көгілдір сәулелерді өте жақсы ұстайды. Мұндай сәулелерде фотосинтез құбылысы жақсы жүреді. Қызыл балдырлар теңіз суының тереңінен жиналғандарының түсі барлық уақытта қызыл түсті болса, ал саяз сулардан жиналғандардікі жасыл, кейде қара түсті келеді. Тіршілік ортасына қарай бір түрдің өзі қызыл, жасыл не қара түсті болуы мүмкін. Бұл балдырлардың хроматиялық бейімділіктігі (адаптация), соған орай кейбір қызыл балдырлар фотосинтез құбылысына қажетті күлгін сәулелерін өте тереңдікте қабылдауға қабілетті келгендіктен, басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын 500 метр тереңдікте де өсіп-өне береді.

Қызьл балдырлардың басты бір ерекшелігі - билипротеиндерінің болуында, ол басқа балдырлар бөлімінде болатын пигменттерден өзгешелігі - жарық нашар түссе, ол фото- синтез кызметін күшейтуге әсер етеді.

Қабатының құрылысы. Қызыл балдырлардың сыртқы пішіні әр түрлі, олардың ішінде жіптесінді, пластинкалы «сабақты», «жапырақты», қабықты, көпіршік және маржан пішіндес формалары бар, олардың тармақталуы әрқилы. Қабықты қабаттары бар түрлері тасқа не басқа балдырларға жабысып өседі. Жіптесінді формалары бірқатар клеткалардан құралған қатты, мықты келеді. Цилиндр пішінділері тығыз не іші қуыс кілегейлі, тарамдалмағаи жіптесінді, не болмаса көп тармақталған бұта пішіндес. Пластинка пішінділердің қабаты тұтас не эр түрлі, шеттері қатпарланып, тілімделіп келсе, екінші біреулерініц пластинкасы жапыраққа ұқсас жүйкеленіп келеді (52-сурет). Маржан пішіндес формалардың тініне кальций тұздары сіңген. Сыртқы морфологиялық құрылымдарыны әр түрлі болып келуі олардың бұтақтану формаларына байланысты. Көшпілік қызыл балдырлар моноподиальды бұтақтанады. Бұлай бұтақтануда негізгі бұтақтар өзінің өсуін тоқтатпайды. Бұтақтанудан пайда болған бүйірлік бұтақтар да өсу нүктесін құрайды. Симподиальды және дихотомиялық бұтақтану сирек кездеседі. Симподиальды бұтақтануда негізгі бұтақ өзінің өсуін тоқтатады да, пайда болған бүйірлік бұтақтар жоғары негізгі

бұтаққа қарай өседі. Дихотомиялық бұтақтануда өсу нүктесі екіге бөлініп, жаңа бірдей бұтақ береді. Қызыл балдырлардың бұтақтары екі категорияға бөлінеді. Бірі - негізгі бұтақ,мөлшерсіз өседі, ал екіншісі белгілі

бір мөлшерге дейін ғана өседі. Соған орай ол қысқа болады. Бұтақтар спиральды, қарама-қарсы шоқтанып, жеке ретсіз әркелкі орналасуы мүмкін. Сыртқы пішіні әртүрлілігіне қарамастан, қабаттың негізін клеткалық кұрылысты тарамдалған жіпшелер құрайды. Паренхиматозды құрылымды типтер жоқтың қасы, тек порфира мен бангияда ғана кездеседі. Ең қарапайым құрылымды қызыл балдырлар бангиялылар класына жатады. Бұл класта бір клеткалы, қауымды, пальмеллоидты, пластинкалы, жіптесінді сирек паренхиматозды құрылымды организмдер кездеседі.

Бір клеткалы Рогрһуrіdіит жиі қауымды ретсіз клеткалар жиынтығы түрінде кездеседі, Қауымды формаларының біртіндеп өсуінің нәтижесінде жіптесінді формаға қарай ауысуы байқалады. Жіптесінді қауымды, гонитрихумнан- Gопіоtrісһит байқауға болады. Бұлар қауымдары тарамдалмай не тарамдалған жіп пішінді болып келеді. Көпшілік бангиялылардың қабаттары тік өседі. Соған орай, клеткалары бірнеше бағытқа қарай бөлінудің нәтижесінде пластинка формалы - бір қабатты бангия сияқты түрлер дамиды. Егер клетка үш бағытта бөлінсе, екі қабаты пластинкалы формалар жетіледі. Мұндай қүрылысты порфирадан кездестіруге болады. Эритрокладия-Еrytrocladia сияқты түрі төсемікке төселіп өсіп, белгілі бір формасы жоқ паренхиматозды келеді. Бангиялылардың өсуі диффузиялық, яғни қабатының барлық клеткаларының бөлінуі арқылы жүреді. Флоридеялылардың бангиялыларға қарағанда бұтақтануы да, кұрылымы да күрделі. Паренхиматозды құрылымдылары болмайды. Бұлар күрделі жалған паренхиматозды. Анатомиялық қүрылысы жіпшелерінің бір-бірімен матасуынан және бір біліктілердің не көп біліктілердің бүйірлік бұтақшаларымен жанаса өсуінен түзіледі. Эволюциялық процестің нәтижесінде жіптесінді қүрылымды формалар бірталай өзгерістерден өткен. Соған байланысты күрделі анатомиялық құрылымы бар көпшілік қызыл балдырлар пайда болады. Фурцеллярияның көлденең кесіндісін микроскоппен қараған уақытта оның үш қабаттан тұратынын байқауға болады. Ең сыртында боялған түсті клеткалардан құралған қабықтық қабат, ортаңғы бөлімінің қабаты жіпше клеткалардан құралады, олардың арасында ризоид жіпшелері бар. Ризоид жіпшелері ортаңғы бөлімдегі бос жіпше клеткалармен байланысып, өзектік қабатты құрайды Өзектік қабат пен сыртқы қабықтық қабаттың аралығында ірі клеткалардан құралған ішкі қабықтық қабат орналасады. Флоридеялардың анатомиялық құрылымы бір және көп білікті, негізгі екі типті біліктен (бір және көп білікті) тұратынын ажыратуға болады. Бір білікті типті қабатының негізгі құрылымы белгілі мөлшерге дейін ғана өсе алатын қысқа бүйірлік бүтақшалармен бірқатар жіпшелерден тұратын клеткалардан құралады. Көп білікті типтес қабаттың ортаңғы бөлімі параллель орналасқан жіпшелер жиынтығынан құралады. Бұлардың бойлай өсуіне тек жоғарғы, яғни апикальды клеткалар ғана қатысады. Апикальды клеткалар басқа клеткалардан мөлшерінің үлкен және формасының күмбезді болып келуі арқылы айырылады. Бір білікті түрлерінде апикальды клетка біреу, ал көп біліктілерде бірнешеу. Қызыл балдырлар төсемікке клеткалық құрылысы жоқ не көп клеткалы сорғыштары не ризоидтары арқылы бекінеді. Қызыл балдырлардың морфологиялық құрылысы әр түрлі.

Коккоид құрылымдыларында тұщы суларда кездесетін Бангия класына жататын шар пішінді бір клеткалы Cyanidium coldarum жэне Porphyridium-ның аздаған түрі жатады .

Пальмеллоид қүрылымдыға тұщы суларда таралған, кілегеймен қоршалған Porphyridium жатады. Егер порфиридиумның барлық клеткалары кілегей бөліп шығарса, пальмеллоидты кілегейлі клеткалар жиынтығы құралады, ал жекелеген клетканың белгілі бір бөлімі ғана кілегейленсе, онда бұтақтанған кілегейлі өсінділер пайда болып, онда клеткалар орналасады. Қауымды тұщы су бангияларында көп клеткалы жіптесінді формаға қарай дамуы байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет