Нәтижелерді өңдеу.
Бірінші сұрақтың жауаптарын талдау үшін топтағы тұлғаарлық қатынастар мен серіктестіктің жағдайын айқындайтын социометриялық матрица құрады.
Өзара тандауларының санын білу арқылы микротоптарды анықтайды. Бұл жағдайда тандаудың бірінші, екінші, я болмаса үшінші екендігінде айырмашылық болмайды. Микротопқа бірін-бірін өзара тындаған топ мүшелері кіреді. Соңғы нәтижені кесте түрінде көрсетуге болады.
Сурет 1. Социометриялық зерттеу деректері бойынша құралған топ кестесі.
Шартсыз лидерді анықтау 2-сұрақтың жауаптарындағы таңдау сандарын санау арқылы жүргізіледі. Қосымша фактор ретінде таңдау дәрежесі де орын алады (бірінші, екінші, үшінші).
Достарыңызбен бөлісу: |