Социометрия әдісі Нусқау



бет7/7
Дата13.05.2020
өлшемі19,46 Kb.
#67669
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Социометрия әдістемесі2020

Коммуникативтілік. Бұл термин іскерлік және тұлғааралық байланыстардың құрылымын сипаттауда қолданылады (мысалы, топішілік қарым-қатынас құрылымы).

Коммуникативтілік — топ мүшелерінің бірлескен іс-әрекет барысында пікір, сезім, көңіл-күй, қызығушылықтармен алмасу. Коммуникативтілік көрсеткіші 1-ге жақын болған сайын топты жағымды жағынан көбірек сипаттауға болады. Егер бұл көрсеткіш 0,2-ден төмен, не тең болса, топ мүшелерінің арасындағы қайшылықты қарым-қатынас нәтижесінде коммуникативті кедергінің болу мүмкіндігін көрсетеді.



Психологиялық климат. Топтағы психологиялық құбылыстарды сипаттайтын эмоционалды-бағалаушы және әлеуметтік-бағалаушы тұрғыдағы әлеуметтік-психологиялық түсінік.

Психологиялық климат — адамдардың көңіл-күйі, рухани толғаныстары, бір-біріне, жұмысқа және болып жатқан құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін, топта басым болатын салыстырмалы тұрақты эмоционалды жағдай. Ол қолайлы және қолайсыз, қалыпты және қалыпсыз болуы мүмкін. Егер психологиялық климаттың қолайлылык коэффициенті 0,65-тен жоғары болса, топта өзара түсінушілік, сыйластық, достық атмосферасы, ішкі тәртіп пен жауапкершіліктің, өзіне және басқаға деген талаптың жоғары екенін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет