Социометрия әдістемесі
Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану: Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы маңызды,себебі сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, беделді және көшбасшы оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.Сонымен қатар дәстүрлі социометрия әдісі пәнді оқытуда тиімді пайдалануға болады. Мысалы: қазір сізге үлгі көрсетіліп, түсіндіріледі. Сол үлгі бойынша құрылған топта осыны жасап көреміз.
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалнама үлестіріледі:
Кімді туған күніңе шақырғың келеді, 3 оқушының аты-жөні:
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді, 3 оқушының аты-жөні:
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
Кімді қиын кезде қасыңнан көргің келеді, 3 оқушының аты-жөні:
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
Социограмма
4 шеңберден тұрады:
1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)
2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар
3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)
4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)
«Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей - интернаты»
«Социометрия»
әдістемесі
Дайындаған:
Достарыңызбен бөлісу: |