Соған байланысты кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі маңызды көрсеткіштер мыналар



Дата30.03.2020
өлшемі32,3 Kb.
#61066
Байланысты:
Кәсіпорынның қаржы несие жүйесі

Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, тұрақтылығы капитал көзі жүйесінің оңтайлылығына (өзіндік және қарыз капиталының қатынасы), кәсіпорын активі жүйесінің оңтайлылығына байланысты, соның ішінде негізгі және айналым капиталының қатынасы.

Өзіндік капиталға деген қажеттілік кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру талабынан болады. Ол - кәсіпорынның тәуелсіздігінің және өзін-өзі қаржыландыра алуының негізі. Өзіндік капиталдың ерекшелігі, ұзақ мерзімге салынады және сол себепті ең көп тәуекелге барады. Капиталдағы оның жалпы көлемі көп болған сайын қарыз капиталы аз болады, ал несие берушілерді шығындардан сақтайтын қоржын көлемі аз болады, яғни жоғалту тәуекелі аз.

Кәсіпорын қызметін үнемі өз қаражатынан қаржыландыру көп уақытта тиімді емес, әсіресе, егер өндіріс түрі маусымдық сипатта болса. Ал кейбір мезгілдерде банк шоттарында көп қаржы жинақталады, басқа мезгілдерде жетіспейді. Сонымен бірге егер қаржылық ресурстарға баға онша жоғары болмаса, ал кәсіпорын салынған капиталға қайтарымдылықтың одан да жоғары деңгейін қамтамасыз етсе (біреуден несие алып пайыз төлегенше), онда қарыз ресурстарын тарта отырып, өзінің (акционерлік) капиталының рентабельділігін көтере алады.

Ал егер кәсіпорын қаржылары негізінен қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша құрылса, онда оның қаржылық жағдайы тұрақты болмайды. Себебі қысқа мерзімді қолданылатын капитал үшін әрбір кезде жедел жұмыс қажет, ол капиталдың уақытында қайтарылуын және айналысқа басқа да капиталдың тартылуын талап етеді. Сол себепті өзіндік капитал мен қарыз капиталының қаншалықты тиімді қатынасына кәсіпорын қаржылық жағдайы тәуелді болады, ал бұл жерде дұрыс қаржылық стратегияны жасау, көптеген кәсіпорындарға өз қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Соған байланысты кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі маңызды көрсеткіштер мыналар :


  • өзіндік капиталдың жалпы сомадағы үлес салмағы немесе қаржылық тәуелсіздік коэффициенті;

  • қаржылық тәуелділік коэффициенті (қарыз капиталының жалпы үлесі);

  • қаржылық тұтқа немесе қаржылық тәуекел коэффициенті (қарыз капиталының өзіндікке қатынасы).

Тәуелсiздiк коэффициенттің минималды мәні 0,5 деңгейінде есептеледі. Орташа шектеу :

Кт > 0,5 (1)

Ол кәсіпорынның барлық міндеттемелері өз қаржыларымен жабылатынын көрсетеді. Бұл шектеуді орындау тек кәсіпорынның өзіне ғана емес, оның несие берушілеріне де маңызды.

Тәуелсiздiк коэффициентінің өсуі кәсіпорын қаржылық тәуелсіздігінің өсуін көрсетеді және болашақта қаржылық қиыншылықтар, қауіптің төмендейтінін көрсетеді.

Бұндай үрдіс несие берушілер жағынан кәсіпорынға міндеттемелері бойынша кепілдікті жоғарылатады.

Кт = Өзіндік қаржылар (2)



Барлық активтер

Тәуелсiздiк коэффициенті өзіндік және қарыз қаржыларының (Кз/с) қатынасын толықтырады, ол кәсіпорын міндеттемелерінің (барлық міндеттемелер) көлемінің оның өзіндік қаржыларының қатынасына тең.



Кз/с = Барлық міндеттемелер (3)



Өзіндік қаржылар

Кз/с және Кт коэффициенттерінің қатынасы:

Кз/с = 1 - 1 (4)

Ка

бұдан өзіндік және қарыз құралдарының қатынасының коэффициентінің орташа шектелуі:

К з/с ≤ 1 (5)

Көрсетілген шектеулерді асып кету кәсіпорынның сыртқы көздерден тәуелділігін, қаржылық тұрақтылығының жоғалуын (автономиялы еместiгiн) білдіреді.

Кәсіпорын минималды қаржылық тұрақтылығын сақтаған кезде, өзіндік және қарыз құралдарының қатынасы коэффициенті оның жаңартылған құралдарының құнының қатынасымен шектеледі. Бұл көрсеткіш мобильді және иммобильді құралдардың қатынасы (Км/и) деп аталады және айналым активтерінің иммобильді активтерге қатынасымен есептеледі.

Қаржылық тәуелділік коэффициенті:

Кқ.т = Қарызды алу көздері (6)

Өзіндік капитал

Бұл көрсеткіш фирманың қаржыландырудың сыртқы көздерінен тәуелді екенін сипаттайды. Негізінен қарыздар өзіндік капиталдан аспау қажет, яғни бұл көрсеткіш 1-ден аспау керек. Осы көрсеткіш жоғары болған сайын, соғұрлым фирма несие берушілерден тәуелділігі артады. Себебі алынған несиелері бойынша пайыз төлейді. Коэффициенттің жоғары деңгейі тоқыраудың немесе нақты ақшаның болмауының мүмкіндігін күшейтеді, ал бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нашарлауын көрсетеді. Бұл көрсеткіш сала бойынша орташа деңгеймен және де басқа фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырылады. Фирманың қаржылық тұрақтылығы осы көрсеткіш деңгейі жоғары болған жағдайда басқа қарыз көздерін қолдану пайдаланудан тәуелді болады.

Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын сипатайтын көрсеткіштердің бірі болып оның төлем қабілеттілігі есептеледі, яғни кәсіпорынның өзіндік қаржылық ресурстарымен өзінің төлем міндеттемелерін уақытында өтей алуы. Фирма төлем қабілетті болып саналады, егер оның активтері сыртқы міндеттемелерден асып түссе. Төлем қабілеттілік деңгейі инвесторлар мен несие берушілер талаптарының қорғалған деңгейін сипаттайды, себебі олар өз қаржыларын сол фирма (кәсіпорын) активтеріне салған болатын. Кейде бұл көрсеткіш пайыз түрінде беріледі. Төлем қабілеттілігінің жоғары деңгейі қаржылық тәуекелдің минималды екенін және капиталды сыртқы көздерден тарту мүмкіндігінің жақсы жағдайда екенін көрсетеді.

Төлем қабілеттілігін талдау кәсіпорынға тек қаржылық қызметін болжау немесе бағалау мақсатында емес, сонымен бірге сыртқы көздерге де (банктер, инвесторлар) қажет. Несие беруден бұрын банк қарыз алушының төлем қабілеттілігіне көзі жетуі тиіс. Кез-келген кәсіпорында келіспей тұрып басқа кәсіпорынның төлем қабілеттілігін алдын-ала білуі тиіс, себебі оған кәсіпорынға коммерциялық несие немесе төлемді созу керек болса оның қаржылық жағдайын білуге міндетті.

Кәсіпорын немесе фирма төлем қабілеттілігін бағалауды қаржылық есептемені талдау арқылы жасайды. Қаржылық есептемені талдаудың мақсаты – кәсіпорынның есепті мерзімге немесе ағымдық қаржылық жағдайдың нәтижесіне тиімді де ұтымды баға беру. Қаржылық есептемені талдау мына сұрақтарға жауап береді: кәсіпорын өткен бір жыл бойына өзінің шаруашылық қызметінен пайда тапты ма? кәсіпорын орындауға міндеттенген міндеттемелерді атқаруға мүмкіндігі бар ма? және осыған дейін жасаған қызметі кәсіпорынға тиімді ме, ол ресурстардың жетіспеуі кәсіпорынның жабылуына алып келмей ме?

Сондықтан баланстық есептеме мен пайда және шығындар есептемесі жөніндегі ақпарат келесі мәліметтерді қамтиды:



  • Кәсіпорынның капитал көлемі мен мүліктерінің абсолюттi сандағы көрсеткіштері (баланстық қорытынды);

  • Капитал мен мүлік құрылымы (баланс);

  • Есепті мерзімдегі өзіндік капиталдың өзгерісі;

  • Есепті мерзімдегі кәсіпорынның тапқан пайдасы мен жіберген шығындарының көлемі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет