Қазіргі кезде әлемде орын алып жатқан индустриалдық қоғамның ақпараттық-коммуникативті қоғамға айналуы ақпарат пен коммуникацияның адамдар іс-әрекетінің барлық салаларына енуімен, ақпараттық-коммуникациялық құрылымдар мен үрдістердің жаңа түрлерінің пайда болуы және дамуымен, әлеуметтік өмірдің ақпараттық-коммуникациялық табиғатының, ақпарат пен коммуникацияның орны мен маңызының қоғам дамуында жаңадан ұғынуымен қатарлас.
Соңғы он жыл ішінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жаңа құралдары кәсіби іс-әрекет пен адамдар арасындағы қатынасу тәсілдері түбегейлі өзгертуде. Олардың пайда болуы білім беруде және басқа салаларда орасан зор өзгерістерге әкелді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру сипатын өзгертуге мүмкіндігі бар – білім беру үрдісінің модельдері де, ондағы оқытушы мен студенттердің рольдері де өзгереді.
Ақпараттық қоғамда бейімделу дағдыларын дамыту қажеттілігі өскен кезде ақпарат ағымдары мен пайдаланатын технологиялардың қарқынды алмастырылуы жағдайында оқытушының ақпараттық-коммуникативті құзырлығының дамуы ерекше маңызға ие болып отыр. Мұнда екі қарама-қайшы мәселе туындайды: білім беру үрдісіне қатысушылардың басым бөлігінің (студенттер, оқытушылар) жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға дайын еместігі немесе, керісінше, басқа коммуникация түрлеріне аз көңіл бөліп, ақпараттық технологияларды шектен тыс пайдалану [2].
Ақпараттық технологиялардың жаппай енгізілуі жағдайында оқытушының ақпараттық-коммуникативті құзырлығын компьютерді, бағдарламалық жабдықтауды, Интернетті, кітапханалардың электронды каталогтарын пайдалануды, БАҚ-да ақпарат таба білуі тарапынан қарастыруға болады. Алайда, қазіргі кездегі білім беру саласында ақпараттық мәдениетті дамытумен қатар, оқытушылар арасында ақпаратты жеткізе білу, орынды мысалдар келтіру, тыңдаушылармен қатынас орнату, яғни ақпараттық-коммуникативті құзыреттілікке ие болатын тұлға қасиеттерін көрсету аса маңызды.
Білім беру саласында компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану соңғы онжылдықта аса қызығушылық туғызуда. Ақпараттық‑коммуникативті технологияларды оқыту үрдісіне енгізу тек замануи техникалық құралдардың пайда болуымен ғана емес, сонымен қатар жаңа оқыту формалары мен тәсілдерінің пайда болуымен сипатталады.
Қазіргі замандағы ақпараттық және мәселені шешу құзыреттілігі оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабылетін дапытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай – ақ оқушының танымдық іс - әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, видео, мультимедия, гипертекстік элементтер мен қашықтан компьютерлік оқытудын мүмкіндігі пайда бюолды. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушылырда даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай – ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.
Білім берудегі ақпараттану ролінің күшейе түсуі оқытушыларда ақпараттық-коммуникативті құзыреттіліктің қалыптасуын қажет етеді. Ақпаратты іздеу және жүйелендіру, электронды түрде түрлендіру, бір белгі жүйесінен екіншісіне айналдыру (мәтін, карта, кесте, сызбнұсқа), мәселелерді талқылауға қатысу, талқаланып жатқан мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру, жұмыс нәтижелерін көрсете білу, заманауи коммуникация құралдарын танып білу, ақпараттық-коммуникативті технологияларды кәсіби мәселелерді шешу үшін пайдалану дағдыларын меңгеру тұлғалық бағытталған білім беру қағидасының іске асуына мүмкіндік туғызады. Оқытушылардың ақпараттың-коммуникативті құзыреттіліктерінің стандарттары барлық оқытушыларға көзделген және алты компоненттен тұрады:
- ақпараттық технология саласында жалпы түсініктер;
- оқу үрдісін ақпараттық технолгияларды пайдаланып жоспаралау және оны іс жүзінде қолдану;
- ақпараттық технологиялардың нақты пәндер бағдарламаларына енгізілуі;
- ақпараттық технологияларды білімді бағалау үшін пайдалану;
- ақпараттық технологияларды кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін пайдалану;
- ақпараттық технологияларды пайдаланудың әлеуметтік, этикалық, құқықтық және қоғамдық құндылықтарын түсіну.
Құзыреттілікке бағытталған білім беруге көшу – әлеуметтік тапсырысқа білім беру жүйесінің тиісті реакциясы [3].
Ақпараттық құзыреттіліктердің қалыптасуы мен дамуы келесі іс-әрекеттерді көздейді:
Компьютерді ақпаратпен жұмыс істеу құралы ретінде тану, әртүрлі құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру:
Каталогтарды, іздеу жүйелерінде, иерархиялық құрылымдарда іздеу;
Ақпаратты жүйелендіру, талдау және сұрыптау (сұрыптаудың алуан түрлері, фильтрлер, сұраулар, файлдық жүйенің құрылымы, мәліметтер базасын құрастыру, т.б.).
Ақпаратты түрлендіру (графикалық түрден мәтінге, аналогтық түрден сандық түріне, және т.б.).
Оқытушылық мәселелерді шешу үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Коммуникативті құзыреттілікті айта отырып, бұл бағыттың келесі түрлерін айқындауға болады:
Сөйлеудің түрлерін меңгеру (монолог, диалог, сұрақ қою, мысал келтіру, пікір таластыру).
«Адам» - «техникалық жүйе» диалогын жүргізу (диалогтық терезелермен жұмыс жасау, негізгі кағидаларды түсіну, т.б.).
Мәтінді түрлендірудің тәсілдерін меңгеру (электронды хат алмасу, желідегі әдеп, мәтіндік құжаттарды жасау, т.б.).
Қашықтықтағы әңгімелесушімен қатынасу үшін телекоммуникацияларды меңгеру (коммуникациялар түрлерінің мүмкінліктерін түсіну, оларды пайдалану ерекшеліктерін білу және т.б.).
Байсалдылық, басқа пікірлерді қабылдай білу.
Осыған сәйкес қазіргі замандағы оқытушы мәдениетті, білікті, ақпараттық сауаты мен құзырлығы бар маман болуы тиіс.
Оқытушының ақпараттық-коммуникативті құзырлығын дамыту міндеттері келесідей:
Информатика және ақпараттық‑коммункациялық технологиялар саласында білім мен дағдыларды меңгеру;
Бірегей ақпараттық кеңістікте интерактивті диалог құру.
Достарыңызбен бөлісу: |