Соңғы қонырау әзірлемесі. (Барлығы оқушылар сапқа тұрған) Фанфары



Дата26.08.2017
өлшемі114,82 Kb.
#28604
Соңғы қонырау әзірлемесі.
(Барлығы оқушылар сапқа тұрған)

Фанфары.

1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын көне всалтанат

Дәл осы сәтті біздермен

Тойлайды бар ел шартарап

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен “Соңғы қоңыраудың” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.



2-жүргізуші:

Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық


1.Аудан әкімі- Ахметжанов Ахмедбек Масақбайұлы

2.Аудан әкімінің орынбасары- Бермағамбетов Роман Мақсұтұлы

3.Аудандық маслихат хатшысы-Шинкин Жеңіс Елеусізұлы

4.Аудандық білім беру бөлімінің бастығы –Байқанова Әлия Файзоллақызы

5.Аудан прокуроры-Ерекешев Әділхан Ибрашұлы

6. Аудандық сот төрайымы- Жұмабаева Надежда Қожахметқызы

7. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы- Сатыбалдин Қайырбек Ерназарұлы

8. Аудандық салық комитетінің төрағасы- Сәрсенбаев Қайрат Болатұлы

9. Ауыл округінің әкімі –Транда Владимир Анатольевич

10.Ауыл округі әкімінің орынбасары- Баймағамбетова Бақыт Қаппасқызы

11. Аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы- Горбань Николай Федорович

12. Ауданның бас имамы- Бектұрсын Торғайбайұлы

13. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы- Құлжанова Светлана Темірханқызы

14. Аудан электр станциясын директоры- Ионенко Виктор Николаевич

15. Аудан балабақшасының меңгерушісі- Досмұхамбетова Сипат Есқалиқызы

16.«Дарын» орталығының меңгерушісі Гаппасова Жұлдызай Болатбекқызы

17.Беймбет Майлин атындағы орта мектептің директоры- Валяева Людмила Петровна

18.Түлектердің алғашқы ұстазы- Нұрғалиева Ұлмекен Мақсұтқанқызы



2-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне


Келген қауым, қол соғып,қолда бүкіл


1-жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы -ші жыл түлектерін


Құрметпенен қол соғып қарсы алайық


(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)
2-жүргізуші: 11 сынып жетекшісі Каленова Рашиля Каленқызы

1-жүргізуші: Ахтямов Джанэль Ауляқанұлы

2-жүргізуші: Боранбаев Сырым Балтабайұлы

1-жүргізуші: Джұмағұлов Айдос Танатқанұлы

2-жүргізуші: Жаманғұзов Аслан Болатұлы

1-жүргізуші: Мұқашев Азамат Ердәулетұлы

2-жүргізуші: Сейілханов Бислан Қажмұратұлы

1-жүргізуші: Сержанова Әлия Дариябайқызы

2-жүргізуші: Тохаманова Меруерт Мақсүтқызы

1-жүргізуші: Фазылов Айболат Қасқырбайұлы

2-жүргізуші: Хамитов Руслан Түгелбекұлы
2- жүргізуші:2007-2008 оқу жылының “Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ)

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

(әнұран орындалады, оқушылар қосылады)

2-жүргізуші:

Жолдайды мектеп мүдірі

Түлектерге ақ тілек

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп

Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры Мәдибаев Аслан Ізбасарұлына беріледі.



(құттықтау, жетістіктер, ҰБТ–тілек, 1 сынып)

(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек)

1-жүргізуші:

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,


Түлектерге арналсын тілегіңіз.

1-жүргізуші:

Тілек сөз аудан әкімі Ахметжанов Ахмедбек Масақбайұлына беріледі.



2-жүргізуші: Аудандық білім беру бөлімінің бастығы Байқанова Әлия Файзоллақызына сөз беріледі

1-жүргізуші:Келесі сөз аудан бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлына беріледі

2-жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз Жаманғөзов Асланның әкесі Жаманғөзов Болат ағайға беріледі.

1-жүргізуші.

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып деп

Түлектердің алғашқы ұстазы Нұрғалиева Ұлмекен Мақсұтқанқызына сөз беріледі
2-жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі Каленова Рашиля Каленқызына беріледі
1-жүргізуші: Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген

1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.



(1 сынып сөз сөйлейді)

1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.
Джанэль аға, мен сіздей, (Әсет)

Спортшы боламын.

Барлық сайысқа қатысып,

Облыстан орын аламын.


Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.

Білемін мен, Сырым аға өмірде,

Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.


Айдос аға , мен сізді сыйлаймын,

Өзіңізді қоштасуға қимаймын.

Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,

Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.


Аслан аға, өзі қандай сымбатты,

Ұлы ғой анасының қымбатты.

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.


Азамат аға, (Озат)

Қаржыгер болуды армандайсыз,

Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.

Мектеп берген білімнің арқасында,

Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.
Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.

Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,

Тек биіктен Бислан аға көрініңіз.


Тәртіпті де, тіл алғыш, (Әлия)

Әлия ападай боламын.

Сабақтан себепсіз қалмаймын,

Салт – дәстүрлі сақтаймын.
Өзімнен кішкентайларға, (Әйгерім)

Мейіріммен қараймын.



Меруерт апа мен сіздей,

Әдепті қыз боламын.


Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,

Орыс мектебінің қыздарына жарқылдаған.

Қанат қағып барасыз Айболат аға,

Мақсатыңа жете біл армандаған.


Өзі қандай ұқыпты қарашы,

Ақтөбенің ол сүйкімді баласы.

Барлық іске тиянақты қарайды,

Мақтан етем мен Руслан ағайды.


1 бала – Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.



Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын !


(Балауса әнін орындайды Әбдысалық Жәнерке )

(1 –ші сынып оқушылары сыйлық береді)

1-жүргізуші:

Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.



(11 сынып орындарынан бастайды )

(Айнала - әуені 1-3 секунд ойнау)

Әлия: Енді сіздердің назарлаңызға «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.

Джанэль:

Алда қиын жол әлі

Алда мақсат,тілектер

Әр кеудеде соғады

Қоңырау үні сыңғырлап

Естілді жылы жаныма

Күлкідей әсем сыңғырлап

Бөбекті жиды маңына.


Сырым:

Әр жыл сайын қарулантын біліммен

Алға дәйім мені бастап өсірдің

Нәр аламын,аяулы ұстаз, үніңнен

Ардақтысың мектеп-алтын бесігім

Айдос: Мектепке алғаш келгенде,

Мейірлі жандарды көргенде

Шарықтап биік қиялым,

Шаттанып шексіз сый алдым

Анадай ұстаз мектебім

Алғысым айтар көп менің.



Аслан:

Балапандай бауыр басқан ұяда,

Бірге өскен мектебіе жан қия ма?

Жолдама алып, болашаққа өзіңнен

Білім іздеп самғаймыз әр қияға

Азамат:

Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,

Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық

Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

Ақтық рет мектеп тойын тойладық.

Бислан:

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің

Әлия

Мектеппен бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек

Айтылып жатыр сан тілек

Егіле-берді сан жүрек

Барлығы отыр есіне а,н

Мектепте өткен жылдарды

Мініп алып бір-бірден

Білім деген тұлпарды

Меруерт:

Өтті бізден бабалық

Өтті бізден шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Ұсынғалы адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс,амандық.

Айболат:

Мейірге толы мектебі

Майқара ашқан құшағын

Балапаның боп мен сенің

Өзіңнен түлеп ұшамын

Руслан:

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Зінде өтті балғын бала шақтарым

Қоштасамын қимастықпен мен енді

Бетке алған соң балалақтың бақтарын

Жүргізуші Әлия:

Мектебімнің басшысы да тірегі

Барлығы оны мейірбан деп біледі

Әрқашан да басшы демей ол өзін

Ортамызда күліп, ойнап жүреді

Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі

Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды

Өзінізге бақыт тілеп өмірде

Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.
Аслан Ізбасарұлы “Ен ақылшы директор” номинациясымен марапатталды.

(фанфары ойнайды)

Айдос


Орыс тілі, ағалшын тілі ортақ тіл деп білеміз

Бар ұстазға арналатын жыр егіз

Шәкірттердің сүйіктісі болсын деп

Ұстаздарым, сізге , айтамыз біз лебіз.


Роза Бекенқызы “Ең қамқоршы оқу меңгерушісі” номинациясымен марапатталады.

Роза Ысқаққызы “Ең парасатты мұғалім” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнайды)

Айдос:

Үйретесіз қартадан

Дала,қала жер шарынбарлық бала білсін деп

Бізде қанша ел барын

Еңбегіңіз еленіп

Жүрсін аға,апалар

Қуанышқа кенелтіп

Жүрсін сізді балалар.



Рашиля Каленқызы “Ең білімді сынып жетекшісі” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

Әлия:

Селт етпейтін нық тұлғаң

Шындық мәнін ұқтырған

Түйілгенде қос қабақ

Кімді болсын ықтырған

Түлектерге біздердей

Жол сілтеңіз қашан да

Қалпыңызда тік тұрған.



Разия Жұманиязқызы “Ең байсалды мұғалім” номинациясымен марапатталыд

Сауле Айтуарөызы “Ең инабатты мұғалім” номинациясымен марапатталады.

(фанфары ойнау)

Әлия:

Сырттан құр не десек та

Төселдірген есепке

Мына ән-сыйды түлектің

Алғысы деп есепте.
Сабира Бақытжанқызы “Ең жан-жақты мұғалім” номинациясымен марапатталды

Әсем Сағынбайқызы “Ең сымбатты мұғалім” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

Айдос:

Білсін деп ана тілінде

Құштар боп өссін білімге

Деп әркез бірге жүресіз

Шәкіртпен бірге күлесіз

Еңбегің жансын әрқашан

Білсінші сізді жер үсті.

Жұман Төлегенқызы “Ең әділетті мұғалім” номинациясымен марапатталады.

(фанфары ойнау)
Әлия: Бізге сіздей ұстаз беріп

Сізге біздей шәкірт берген

Еңбегіңіз біздер үшін

Көрінеді биіктен

Тілейміз ашық аспан, жарық ай

Ұстазым менің Марат ағай



Марат Баризжанұлы “Ең көңілді мұғалім” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)
Ән “Достарым” орындайтын Джұмағұлов Айдос, Сержанова Әлия
(Мектеп аманатын тапсыру рәсімі оқиды)

(Азамат пен Әлия бірге шығады, Айгера қасына келеді)
Әлия:Мектеп аманатын тапсыру рәсімі Мұқашев Азамат пен аманат қабылдап алу құрметі 10сыныптың оқушысы Алдамжарова Айгераға беріледі

Азамат:Сіздерге бірінші аманат

Жан азығы адамның –ана тілі,

Тек сонымен ашылған дала гүлі.

Өнер алды –қызыл тіл дейді қазақ,

Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.

Жас ұрпаққа жалынды,

Сөз маржанын дарытқан.

Абай, Пушкин жырымен,

Тіл арқылы табысқан.

Тілдің сырын меңгерген,

Тіл білуді жөн көрген.

Көсегесін көгертіп,


Ғажайып бір өң берген

Ел азаматы болыңдар.



Айгера:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

әдеп –салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.

(фанфары )

(Әлия айтады)

Әлия: Білім кілтін тапсыру салтанаты Сержанова Әлия мен


білім кілтін қабылдап алу құрметі 1 сыныптың оқушысы Жұмағазы Исламбекке беріледі

Әлия:

Білімнің мына өмірде жеңгені көп

Білім қалар халқымның сенгені боп

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп

(Әлия кілтті Исламбекке береді) фанфары 1-2 секунд
Исламбек:

Ұрпаққа кезенімен білім берген,

Алтын ұя мектеп қой елім сенген.

10 жыл бойы білімменен қанаттанып,

Аттанамыз бізде білім керуенімен
Әлия:

Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әнімізбен сәніміз

Әуенімен тербелейік вальспен

Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

(Қоштасу әнін қосу, Джұмағұлов Айдос пен Сержанова Әлия орындайды)

(Түлектер мектеп вальсіне шақырады)

(вальстан кейін, 11 сынып оқушылары шары –надпись,голуби ұшыру)

2-жүргізуші:Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!

2-жүргізуші:

Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ



1-жүргізуші:

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы Ахтямов Джанэль

мен 1 сыныптың оқушысы Қабдулина Әйгерімге беріледі

2-жүргізуші:

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

1-жүргізуші:

Ұшырады мектебің өз қолыңнан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін

Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық

(қол шапалақ, фон “Той” әні)

1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

2-жүргізуші:

Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.



1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!



2-жүргізуші:Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз

1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.

( Қазақстан әнін қосу)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет