СӨЖ – 15 сағат Кеңес-2 сағат. Емтихан – 8-ші семестрде Барлығы: 45 сағат. Орал – 2011



бет2/4
Дата21.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#40567
1   2   3   4

ОЖСӨЖ мазмұны:

Біріңғай спорттық классификация. Спорттық-көпшілік іс шаралар күн тізбесі.



СӨЖ

ҚР Президентінің тұрғындардың дене тәрбиесін дамытуға арналған Президенттік тестілері.



15 апта

15 кредит сағат.

15 дәріс



Тақырып:

Дене шынықтыру – спорттық ұйымдардың қызметін реттейтін негізгі құжаттар.



Дәрістің мазмұны:

1.Қазазстан Республикасының Конституциясы .

2. Қазазстан Республикасының «Дене шынықтыру мен спорт туралы» Заңы.

3. Қазазстан Республикасында көпшілік спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.



Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Конституция, 1993..

2. Указ Президента Републики Казакстан от 4 мая 1995 года № 2266 «О неотложных мерах по развитию массового спорта в РК»

3. Закон «О физической культуре и спорте » от 1.12.1999г

4. Государственная программа развития массового спорта в РК на 1996-2000-2001 гг от 19.12.96. №3276

ОЖСӨЖ мазмұны:

Қазазстан Республикасы туризм және спорт Агенттігінің құқықтық актілері.



СӨЖ

Нарықтық қатынастар жағдайында жолдау ақылары мен типтік жұмыс орындары.


Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституция, 1993..

2. Указ Президента Републики Казакстан от 4 мая 1995 года № 2266 «О неотложных мерах по развитию массового спорта в РК»

3. Закон «О физической культуре и спорте » от 1.12.1999г

4. Государственная программа развития массового спорта в РК на 1996-2000-2001 гг от 19.12.96. №3276

5.Таникеев М. История физической культуры и спорта в Казакстане (Доревалюционный период) –Алматы 1977г.

6.Құралбеков А. Халық педагогикасындағы қазақтың ұлттық ойындары. Оқу құралы.-Алматы: ҚазМСТА, 2000г

7. История физической культуры и спорта. Под. ред. В.В.Столбова. – Изд.2-е, доп., перераб. – М.: Физкультура и спорт, 1984. – 272 с.

8. История и организация физической культуры: Кулинко Н.Ф. «Физ. воспитание». – М.: Просвещение, 1982.- 223 с.

9. История физической культуры. В.В.Столбов, И.Г.Чудинов Изд. «Физкультура и спорт» М.: 1970.


Қосымша әдебиеттер :

1. Конституция Республик СНГ.

2. «Оновные законодательства Российской федерации о физической культуре и спорте». Курьер «Спорт для всех»

3. Кудрявцев В.Н. Право и поведение М.Ю.Л. 1978

4. Абельсон С.Н., Спортивный инвентарь –М ФиС 1956

5. Алабин В.Г. , Скрипко А.Д. Тренажеры и тренеровочные устройства в физической культуре и спорта. –Минск , «Высшая школа », 1979

6. Булгаков А.М. Простейшие плавательные бассейны. –М ФиС, 1977

7. Воловник П. Спорткомплекс «Надежда». –М., Молодая Гваврдия, 1983

8.Гладышев А.А. Многокомплектные гимнастические снаряды. –М., Высшая школа , 1980

9.История физической культуры. В.В.Столбов, И.Г.Чудинов Изд. «Физкультура и спорт» М.: 1970.



3 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі





Жұмыс түрі

Тапсырманың

мақсаты мен мазұны

Ұсыныла

тын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тарсыру уақыты

Балл

Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Студенттерді ғылыми жұмысқа бағыттау мақсатында.

Дәріс тақырыптарына байланысты

5 апта

14 апта



100%

Тақырыпқа байланысты реферат құру

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

Талдау және дене дайындық қабілеттерін арттыру

Дәріс тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша

100%

Берілген тапсырмаларды орындау

3

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Студенттердің дайындығын тексеру

Дәріс тақырыбына байланысты әдебиет

7 апта

100%

Өзіндік жұмыстарын тексеру

4

Емтихан

Білімді тексеру







100%

Тест



4 Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы.

Кафедра дене тәрбиесін оқыту теориясы мен әдістемесі

Оқытушы, магистр С.Ж. Бахтиярова

«Дене шынықтыру құқық негіздері»пәні



кредит саны – 1





Әдебиет атауы




Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрде




1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасының Конституция, 1993.

+

+










2

Указ Президента Републики Казакстан от 4 мая 1995 года № 2266 «О неотложных мерах по развитию массового спорта в РК»



+

+










3

Закон «О физической культуре и спорте » от 1.12.1999г




+










4

Государственная программа развития массового спорта в РК на 1996-2000-2001 гг от 19.12.96. №3276


+













5

Құралбеков А. Халық педагогикасындағы қазақтың ұлттық ойындары. Оқу құралы.-Алматы: ҚазМСТА, 2000г


+













6

kazsports.kz › law/78/










+




7

akimvko.gov.kz › ru/files/sport.doc










+




8

invalid.kz › modules/editor/editor/wysiwygpro/…










+




9

lawforum.kz › contents/4490/129/?L=3










+





5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі.
Дене шынықтыру және спорттағы негізгі ұғымдар туралы түсінік
Дене шынықтыру және спорттағы негізгі ұғымдарға заңға сәйкес мыналарды жатқызуға болады:

1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару мен үйлестiру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

2) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, қоғам адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;

3) спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

4) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және:

1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;

2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;

3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;

4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;

5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану.


Дене шынықтыру мен спортты дамытуды мемлекеттiк қолдау
1. Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi.

2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.



Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар, дене тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар және түрлi топтардың дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.


Азаматтардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;

спорт бағытындағы дене шынықтырумен және спортпен, оның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде де айналысуға;

дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;

мемлекеттiк, коммуналдық және жеке спорттық ғимараттарды және қызметтердi тегiн не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары:

салауатты өмiр салтын насихаттауға;

жергiлiктi, республикалық және халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға;

гигиена негiздерiн зерделеуге және сақтауға мiндеттi.


  1. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар немесе олардың орнындағы адамдар отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың дене бiтiмiн дамытуға және денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.


Дене шынықтыру мен спортты насихаттау
1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттауды жүзеге асырады.

2. Спортта қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.

3. Журналистердiң және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерiнiң спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның iшiнде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсiру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi және басқа оқу орындарындағы дене тәрбиесi

1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына және санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.



Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт
1. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды дамыту үшiн қаражат көздеуге және азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске асыруына жағдай жасауға мiндеттi.

2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен және дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.


Мүгедектерге арналған дене шынықтыру мен спорт
1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедектердi дене бiтiмi және әлеуметтiк жағынан оңалту құралдары болып табылады.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.

3. Ақыл-есi кем және дене кемiстiгi бар мүгедектердi үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк, медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектердiң дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледi.
Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы
1. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы қызметтiк-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.

2. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тәртiппен анықтайды.

3. Әскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң командирлерi мен бастықтары әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

4. Қазақстан Республикасы құрама спорт командаларының мерзiмдi әскери қызметке шақырылған мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуға мүмкiндiк берiледi.


Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысуы
Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:

дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады;

спорт медицинасы мен емдiк дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады;

халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;

Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.
Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау

1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткiзу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының ережелерiне және санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық-гигиеналық нормаларға сай болуға тиiс.

4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк мекемелер
1. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеудi дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен спорт түрлерi бойынша бағдарламаларға сәйкес мемлекеттiк, қоғамдық және мамандандырылған жеке спорт мекемелерi, сондай-ақ азаматтар жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының спортшыларын әзiрлеу келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Спорт қызметi туралы келiсiм-шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңдары негiзiнде жасалады.

Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келiсiм-шартты жасасу мен бұзу талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта Қазақстан Республикасының
Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келiсiм-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар.

2. Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртiбi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келiсiм-шарттар жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi ғалымдарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.

Спорт резервiн әзiрлеу
Спорт резервiн әзiрлеу мақсатында балалар мен жастардың мамандандырылған спорт оқу орындары жүйесi құрылады. Ол балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиадалық резерв спорт мектептерiн, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiн, олимпиадалық резерв әзiрлеу орталықтарын және олимпиадалық әзiрлiк орталықтарын қамтиды.

Балалар спорт мектептерi арнайы бағдарламалар негiзiнде қосымша бiлiм берудi жүзеге асыратын мектептен тыс ұйымдар болып табылады және заңдарға сәйкес олардың қызметiн ұйымдастыратын кәсiподақ ұйымдары, ерiктi спорт қоғамдары, федерациялары, спорт клубтары, жеке адамдар құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет