Сөж -4 Ұжымдық оқыту технологиясындағы ұжымдық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері


Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі



бет4/16
Дата11.05.2022
өлшемі94,67 Kb.
#142440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
СӨЖ

Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі:

  • Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуі. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

  • Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасайды және әркім жауапкершілікті сезінеді.

  • Қалай оқу керектігін үйретудің идеялары осы диолог арқылы оқытумен тығыз байланысты. Яғни мұнда оқушылар өздігінен білім алуға жауапкершілігін түсінеді. Өзара әңгімелесу арқылы өзінің пікірі қалыптасады.

  • Оқытудың маңызды бір бөлшегі – оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өз жұбын бағалауы және өзара топ мүшелерін бағалауы. Мысалы, диалогтік оқыту әдістемесі негізінде жүргізілген алғашқы сабақтарымда оқушылар өздерін, жұбын, тобын бағалаған кезде жаймашуақ бағаласа, келесі сабақтарда балалар бағалау кезеңінде мұғалімнің кеңесі бойынша берілген критерийлерге жүгініп, толық мағыналы және әділ бағалады.

Пікір сұрау, талдау әдістемесі менің сабағымда кеңінен қолданылады. Бұл әдістеме кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған сұрақтар дайындайды. Жұмыс топтарының саны сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады.
Осылайша топта ортақ талқылау өтеді. Cабақтың өн бойында мұғалім оқушыларға қызықтыратын мәселер жөнінде ақпарат бере алады. Сондай-ақ, оқушылардың жұпта, топта жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу дағдылары қалыптасады.
Ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский: «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат», - деп өз замандастарына терең ой салған. Сондықтан қазіргі заманда оқушының білім алуға құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасауы тиіс. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығына тікелей байланысты.Заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына жеткізуші» болуы тиіс.Оқушыларды жалықтырып алмай қызығушылықтарын арттыру мақсатында берілетін тапсырмалар бір сарында емес, әр-түрлі сипатта болуы керек. Қызықтыру мақсатында оқушыларға тапсырмаларды конвертке салып тарату, ұяшықты таңдау немесе бейнероликтер көрсету және т.б. арқылы беруге болады. Мысалы, адамның санасы мен жануарлар психикасындағы айырмашылықтар төңірегінде -жануарларда сана , ойлау бар ма?-деген сұрақтар туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет