СӨЖ № 5
Интеракттивті тақтамен жұмыс жүргізу
Интерактивті тақта сияқты интерактивті жабдықтар білім алушылардың тұрақты мотивациясын тудырады және оқу мәселелерін шығармашылықпен шешуге көмектеседі, сол арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Интерактивті тақтаны қолдана отырып, сіз презентацияларды көрсете аласыз, модельдер құра аласыз, материалды меңгеру үдерісіне оқушыларды белсенді қатыстырып, сабақтың қарқыны мен ағымын жақсарта аласыз.
Мұғалімдерге интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары.
Оқушылар үшін артықшылықтар.
Интерактивті тақтамен жаттығулар орындау барысында оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау қажет.
Оқушылардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс.
«Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетіледі.
Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек.
Жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады.Оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады; әрі өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы керек.
Қазіргі таңда электрондық - есептеу техникаларын кеңінен пайдалану сол немесе өзге елдердің экономикасы мен технологиясын дамыту көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Компьютерлік техниканың үдемелі, қарқынды дамуына байланысты қоғамның ақпараттану процесі дамудың материалдық, энергетикалық қөздеріне қарағанда маңызды факторға айналуда. Сондықтан, мектеп алдына оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің қайта қаралуын талап ететін жаңа міндеттер қойылады: ол өсер ұрпақты қоғамның толық комьютеризациялау шартындағы жұмысқа, өмірге дайындау.
Бастауыш мектептің білім саласындағы комьютеризация мәселесі біріншіден, комьютерлік оқудың тиісті материалдық базасын, яғни техникалық күрделіліктерден хабары жоқ пайдаланушыға қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін сенімді, кеңінен таралған комьютерлерді жасау, екіншіден, оқушыларды информатика мен есептеу техникалары негіздерімен таныстыру, үшіншіден, компьютерді оқу процесінде қолданудың бағдарламалық, оқу-әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етілуін әзірлеу және пайдалану болып табылады.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау үшін интерактивті тақтаны пайдалану бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдарында табылатын көптеген кемшіліктерді жояды. Бұл компьютердің бақылаулық дәстүрлі құралдарының алдында келесі артықшылықтары негізінде мүмкін болып табылады:
1. Ол оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді. Түстерді, графикаларды, мультипликацияларды, дыбысты,бейнетехниканың барлық заманалы құралдарын қолдану қызметтің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.
2. Компьютер оқу мотивациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Дұрыс шешімдерін кеңейтіп, сонымен қатар педагогтардың оқушыға жиі қолданатын насихаты мен сөгіс жариялауын қолданбай отырып, оқу есептерінің ұсыныстарын реттеуге мүмкіндік береді.
3. Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп қана қоймай, оқушылардың жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі;
4. Жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика жүргізу мүмкіндігімен кері байланыстың болуы- оқытудың дәстүрлі түрлерінің негізгі кемшіліктерінің бірі мұғалімнің оқу қызметінің аса маңызды сәттерін бақылауға алуына мүмкіндіктерінің жоқтығынан болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңында «Жастардың жалпы орта білімін одан әрі жетілдіру және жалпы білім беретін мектептің жұмыс жағдайын жақсарту туралы» қаулысында «Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, есептей білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ол оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке адал көзқараспен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тиіс» делінген.
Олардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері көп.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Ұлы Абай: «Адам баласы.... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері- көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттығулар арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді.
Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.
Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.
1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы жөн.
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы қажет.
4. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.
Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.
Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:
1) оқушы өзі танып – білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажыратып алады;
2) оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілермен саналы түрде танысады;
3) оқушы нақты қандай заңдылықты «ашу» қажеттігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.
Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |