СөЖ №1 Оқу процесінде акт-ны қолдану



бет1/6
Дата11.11.2022
өлшемі28,72 Kb.
#157820
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СӨЖ 1-5 БС АКТ


СӨЖ № 1


Оқу процесінде АКТ-ны қолдану

Оқу процесінде АКТ-ны қолдану келесі жағдайларға мүмкіндік береді:



  • Білім беру әсерлерін күшейту;

  • материалды игеру сапасын жақсарту;

  • студенттердің жеке білім беру траекторияларын құру;

  • оқуға дайындығы әр түрлі деңгейдегі оқушыларға сараланған тәсілді жүзеге асыру;

  • әр түрлі қабілеттері мен мүмкіндіктері бар балаларды бір уақытта ұйымдастырыңыз.

АКТ енгізу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:



  • Сабақтарға презентация құру;

  • Интернет ресурстарымен жұмыс;

  • Дайын оқу бағдарламаларын қолдану;

  • Авторлық құқық бағдарламаларын әзірлеу және пайдалану.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдар коммуникациялық желілерге шығу» — деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Қазірг білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (бұданкейін АКТ) пайдалану. АКТ – ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ – ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан — жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуғабағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыраалу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс – әрекеті нынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті жәнетиімді іс – әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видео сабақтар, интернет сабақ, спектакль — сабақ, саяхат — сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл — ойындамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс – әрекеткет әрбиелейді;
Тілбайлығын жетілдіреді;
Жан – жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ – ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылыққа білетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ – ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс – әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарапшығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео – сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалықматериалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео – сабақтар педагогикалық технологияның алға басқантағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В.С.Герушинский, В.М. Левина, Е.И. Машбиц, Г.Н. Нұрғалиеват.б. ғалымдарының еңбектеріндезерттелген. Аталғанеңбектербілім беру процесінде АКТ-ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
АКТ білім мен мәліметтердіәртүрліформада, әртүрлі күрделі деңгейде ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арадақолжеткізуге, қолайлы жылдамдық пен бірнеше реет қайталап отыруға мүмкіндік береді. Білім беру процесінде табиғи және дәстүрлі лабораториялық жағдайда кейде қолжетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, мотивацияны жоғарлататын материалдарды жақсы меңгеруге көмектесе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет