Тәрбие жұмысы- бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына
бағытталған ересектер менбалалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
- Оқытудың сабақтан тыс шығармашылық түрі арқылы: пән апталығы, байқаулар, пәндік олимпиада, турнирлер, марафондар және т.б.
- Клубтық және үйірмелік іс-әрекеттер арқылы: драмалық клуб, дискуссиялық клуб, музыка студиясы, пәндік үйірмелер.
- Кітапханаларға, музейлерге, театрларға, көрмелерге жүйелі және үзбей бару арқылы жүзеге асады.
Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:
1. Сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары.
2. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.
3. Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын жәнежеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерінқалыптастыру.
4. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілікнегіздерді қалыптастыруда адамгершілік сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіруболып табылады.
5. Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру.
Жүйе (лат.systēma, гр.σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы.
И.Кант жүйе ұғымына “бір идеямен біріктірілген, сан алуан білімдер бірлігі”, деген анықтама беріп, оны гносеологиялық мағынада ұсынған. Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі принципіне сүйеніп, жүйе ұғымын онтологиялық мағынада да, гносеологиялық мағынада да қолданады. Ол категориялар жүйесі түріндегі диалектика ілімін негіздеді.
Тәрбиелік жүйе — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет, жеке адамды идеялық, саяси, Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық, рухани-адамгершілік, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық, зияткерлік, ақпараттық мәдениет, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытталған жүйелі тәрбиелеу кешені болып табылады.
Тәрбие жүйесінде кез-келген тұлға төмендегі қамтылған үш жүйе асты бөліктерде отбасында, формальды және формальды емес білім беру жағдайында дамиды.
Тәрбие жүйесі – тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі–тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйе тұрғысынан іске асады.
Тәрбие жүйесін құруда сынып жетекшісінің ескеретін жағдайлары оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі, мектептегі педагогикалық үдерістің мүмкіндігі, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеті, сонымен қатар ата-ананың құзыреттілігі, олардың тұлғаны, әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпалы да негізге алынады.