СөЖ №1 Пәні: Тәрбие жұмысының технологиясы Тақырыбы



бет1/3
Дата10.03.2023
өлшемі191,94 Kb.
#171851
  1   2   3
Байланысты:
СӨЖ 1 Сарымсақ Камила


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Филология институты



СӨЖ №1
Пәні: Тәрбие жұмысының технологиясы
Тақырыбы: И.П.Иванов, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Ю.П.Сокольников және Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелерін салыстыру және талдау.Мектептің тәрбиелік жүйесін мысалға келтіріп, олар үшін не ортақ екендігін анықтау.Базалық мектепке барып, тәрбиелік іс-шараларға қатысыңыз және оған тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мен реттеу тұрғысынан талдау жасаңыз.

Орындаған: Сарымсақ Камила
3-курс, 305-топ
Қабылдаған: Сейдахметов Б

Алматы 2023
Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болыптабылады. Педагогиканыңнегізгі категориялары тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, құзыреттілікті қамтиды.
Мұғалімнің іс-әрекет нысаны –педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерістің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық үдерістің элементарлық бірлігі-бастапқы абстракция болып қалыптасудың қасқағым сәті “педагогикалық жағдаят” болады.
Педагогикалық үдерісте “ұстаз – оқушылар”, “оқушы – оқушы”, “сынып оқушылары – сынып ұстаздары” жүйесі қызмет етеді. Мектептің педагогикалық үдерісі – “мектеп – оқушылар” жүйесінің өмір сүру қызметінен тұрады.
Педагогикалық үдеріс оқушылардың ұстаздармен бірлескен, және олардың басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталып, дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын болуын қамтамасыз етеді.
Тәрбие-біртұтас үдеріс. Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске асырылады. Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Тәрбие үрдісі өзінің жаратылысы жағынан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыста болуына байланысты.
Тәрбие-ұзақ, әрі күрделі үдеріс. Адам туып, есею барысында тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіменжетіледі. Тәрбие мақсатының нәтижесіне дереу қол жеткізуге болмайды. Мектепте әр оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге іштей және сырттай ықпал жасалады.
Тәрбие- көпжақты үдерісМектеп оқушыларын тұлға етіп тәрбиелеу, дамыту,қалыптастыру, оларды қоғамдық өмірге даярлау барлық қоғамазаматтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін бірыңғай бағытта ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыруды жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы.
Тәрбие көп факторлы, екі жақты және белсенді үдеріс. Тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуымен қалыптасуының негізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұқым қуалаушылық пен адамға тән қасиеттер: іс-әрекеттің кез-келген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуімен өзгеру үдерісі оның мінез-құлқына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет