СөЖ №1 Пәні: Тәрбие жұмысының технологиясы Тақырыбы



бет3/3
Дата10.03.2023
өлшемі191,94 Kb.
#171851
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ 1 Сарымсақ Камила
001289f9-523cb354, SIW 4 (2), ИББ Джумазбаева А СӨЖ 3
Мектептегі тәрбие жүйесі – тұлғаның әлеуметтік
сұраныстарын қанағаттандыратын,оқушыны тәрбиелеуге байланысты педагогикалық мақсат пен міндеттерді реттейтін әлеуметтік педагогикалық нысан болып табылады. 
Л.И.Новикованың тұжырымы бойынша кез-келген тәрбие жүйесі төмендегі мүмкіндіктерді қамтиды:
– тәрбие үрдісін ұйымдастырудың мазмұнын айқындайтын тәрбие кешені;
– қойылған міндеттерді орындауға жағдай жасайтын материалдық база;
– тұлғаның жан–жақты дамуына, өмірлік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған тәрбие үрдісі;
– тәрбие субъектісі ( тәрбие үрдісіне қатысатын мұғалім, оқушы және ата-ана).
Қазақтың көрнектi ағартушы-ғалымы М.Жұмабаев тәрбиенi екi бағытта дене тәрбиесi және жан тәрбиесi деп ұсынады. Тән құрылысы биологиялық заңдылықтар, жан тәрбиесi – тәрбиелiк тәлiмнен нәр алады. Адам тәнiнiң физиологиялық өсу кезеңдерi оның тәрбие жүйесiнiң негiздерiн жасайды. Адамның өсу жолындағы әрбiр кезеңнiң өзiне тән тәрбие әдiстерi бар.
Тәрбие төрт түрлi: дене тәрбиесi, ақыл тәрбиесi, сұлулық тәрбиесi һәм құлық тәрбиесi. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны.
«Тәрбие жүйесі-адамның сағат сайынғы дамуына жағдай жасайтын қарым -қатынастар мен әрекеттердің жиынтығы, мектеп ұжымының жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгертіп дамытады. Қазақстандық патриотизмді қалыптастырады. Тәрбие жұмысының құрылымы күрделі, оған өзара бір- бірімен байланысты тәрбие жүйесі (қызықты іс шаралар, акциялар) барабар қойылған мақсат, сол арқылы білім саласындағы дидактикалық жүйені, білім мазмұнын, оқу үрдісін, оны ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері кіреді», - деп атап көрсетеді. Тәрбие жүйесі авторлар ұсынғандай тек Қазақстандық патриотизмді ғана қалыптастырып қоймайды, жүйе тұлғаның құндылықтарын дамытуға және қалыптастыруға бағытталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет