Тақырыбы:Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі
Мақсаты:1.Адам өміріндегі есту қабілетінің маңызы, есту анализаторының қызметі,есту гигиенасы туралы түсінік беру;
2.Оқулықтағы мәтінмен суретпен,тірек-сызбалармен жұмыс жасауды дамыту;
3.Гигиена ережелерін сақтап жүруге үйрету;
4.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Караев технологиясы
Сабақтың түрі:Аралас сипатта
Сабақтың көрнекілігі:Презентация,сызбанұсқалар,құлақтың нақпішіні,деңгейлік тапсырмалар,нақыл сөздер,суреттер
Сабақтың барысы: 2-слайд 1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,сабақта жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
Көңілді жұмбақ
Қос шауып келі бар, Тоқсан жол торабы бар,
Екі алып келі бар, Шешеді бұл жұмбақты
Қос жол көргіші бар, Талпынған талабы бар
Екі үн сезгіші бар, Бұл кім? ............
Жалғыз мол асары бар,
Кеуде қағары бар
Ауа соғары бар,
Қорек қорабы бар
Тағы,тағы.....