СөЖ №2 Тақырыбы: «Мәдениеттану пәні, зерттеу пәні, құрылымы, қоғамдағы орны, өз ойыңыз?» Орындаған: мм-21-6 студенті Аманжолова А. Б. Тексерген: Кудайбергенов С. Е. Алматы, 2022ж



Дата24.02.2022
өлшемі65,58 Kb.
#133242
Байланысты:
Мадениеттану эссе


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті: «Механика-математика»
Кафедрасы :«Математика»

СӨЖ №2
Тақырыбы: «Мәдениеттану пәні, зерттеу пәні, құрылымы, қоғамдағы орны, өз ойыңыз?»

Орындаған: ММ-21-6 студенті
Аманжолова А.Б.
Тексерген: Кудайбергенов С. Е.
Алматы, 2022ж
«Мәдениеттану пәні, зерттеу пәні, құрылымы, қоғамдағы орны, өз ойыңыз?»
Адамзат баласының пайда болып, өмір сүрген уақыты мәдениет сөзімен үндесіп жатыр. Олардың тамақтанғаны, қоғамда белгілі бір іспен шұғылданғаны, адамдарға деген қарым - қатынасы, материядан өзіне қажеттіліктерін алудың барлығы - мәдениеттілікпен көрінетін құбылыстар. Адамзат баласының адамдық қасиеттерден айырылмауы - рухани мәдениеттіліктің қай деңгейде тұратындығын көрсетеді. Осы айтылған құбылыстардың барлығы – «Мәдениеттану» шекарасында жатыр. Ал зерттелу мақсаты – бізді қоршаған ортадағы адамдардың мәдениеттілігінің қандай деңгейде екендігін көрсету. Бұл орайда, «Қоғамымыздағы мәдениеттіліктің атқарар қызметі қандай?» және «қазіргі өркениетіміздің дамыған заманында бүгінгі мәдениетті жас тұлға болудың маңыздылығы қандай?». деген сұрақтардың санамызда туындары анық. Менің ойымша, қазақ елінің жас буындары тек елін сүйіп,адами қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп,өз елінің мәдениетін құрмет тұтқанда ғана сауатты,көзі ашық,мәденитті жас тұлға деп аталып, еліміздің өркендеуіне, одан әрімен дамуына өз үлесін қосады.
Кешегі әр қазақтың «мен» деген алып тұлғасы келер өмірдің жастарына сеніммен қараған. Ал сол келер өмірдің жастары – әрине бізбіз! Осы тұрғыда, «еліміздің жас тұлғасы ретінде не нәрсе атқарып жүрміз?» деген сауалдың көкейімізде туындары анық.Ащы болса да шындығы-қазіргі таңда өз мәдениетімізді бойға сіңірмей жатып,батыстың мәдениетіне қызығамыз.Солардай болуға тырысып,рухани құндылықтарымыздан аттап жатамыз. Осындай сəтте, қазақ үшін шырылдаған Ə.Бөкейхановтың: «Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ»,-деген осы бір сөзі көзімізді ашатындай.Қазіргі жағдайымыз «Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының» кебі. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ы.Алтынсарин тəрізді азаматтарды тарих тудырып, көпшілікке мəлім еткенін білеміз. Ал олар өз ұлты үшін не қызмет атқарды? Оны біз жасай аламыз ба? Бірі тұңғыш мектеп ашып, бірі қазақ балалары үшін оқулықтар шығарды. Бірегейі қазақты ояту үшін «Оян Алаш!» деп ұран тастады. Міне, бүгінгі күні олардың барлығы «Ұлт ұстазы» деген есімге әбден лайық тұлғалар екендігіне ешкім күмән келтіре алмас. Сол ұстаздарымыздың жазып қалдырған еңбектері арқылы біз өз мемлекетіміздің көзі ашық жастары болып келеміз. Шынында – ақ, білім алу, ілім үйрену арқылы жаңарған заманымызда елімізге қызмет етіп, қоғамның бір мүшесі бола аламыз. Бұл тұрғыда, «Қазақстан – 2030» Стратегиясын өзінде де Тұңғыш президенттіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің жарқын болашағы – білімді жастар екендігін айтып, ХХІ – ғасырдың әр қонағын білімді болуға шақырды.
Жас тұлға алдындағы мәдени борыш – мемлекетіміздің рухани құндылықтарын ұмытпай, елге қызмет ету. Бұл тұрғыда, жас тұлғаның бір болмысы ретінде – жас кезінде ерлік жасап қазақ елінің атын шығарған Бекзат Саттархановты тілге тиек ете аламыз. Қазақ көгінде шырқалған әрұранымыз, көк туымыз бар қазақ азаматының патриоттық сезімін тудыртып, жанын тебірентетіндігі анық. Дәл осылай, Бекзат Саттарханов атты чемпионымыз Сиднейдегі жарыста жеңіске жетіп, қазақтың көк туын барша әлем жұртының алдына көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатқанда елдің көзінен ыстық жас шығып, Отанына деген ерекше махаббаттарын көрсеткен болатын. «Менің Қазақстаным» деп әнұранымыз шырқалғанда, өмірде қазақ болып туылғанымызға мақтанып, бойымызда аққан қанымызбен ұлтымызды жан тәнімізбен сүйетінімізді сезінеміз. Міне, рухты,мәдениетті,елін сүйген жас тұлғаның биік бір көрінісі осы болар!
Одан кейінгі, жаңарған заманымызда «ұлттың рухани мәдениетін» қозғағанда, Абай атамыздың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деп айтқан сөзі санамызға түсері хақ. Неге десеңіз, адам баласының қай кезеңде де рухани мәдениеті, ұлттық санасы осы айтылған дүниелер арқылы заманнан заманға жетіп, жаңғырып отырғандығы шындық. Осы орайда, ұлттық рухани мәденитемізге елдің жеке азаматтарының білімді болуында жатқыза аламыз. Бұған, «Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды»,-деген Ғабит Мүсіреповтың айтқан сөзі дәлел бола алады. Өйткені, өз еліміздің кешегі тарихына тек білімді болу арқылы ғана шолу жасай аламыз. Ал өткен тарихымызда еліміздің мәдениеті жатыр.
Сөзімізді қорытындылай келе, бостандығымыз, өткеніміз, тарихымыз – өткен тарихтың бізге қалдырған аманаты, ертеңгі болашағымыздың бейнесі. Кешегі мен ертеңгі күнді сабақтастырып тұрған бүгінгі күннің айнасы. Біз үшін аса бір құдіретті нәрсе ол – қазақ еліміздің құндылықтарында. Сол нәрсені біз ұмытқан күні елден, жерден, мәдениеттен, тұрмыстан айырыламыз. Сол себептен де, өз елімізде ұлтын сүйер мәдениетті жас тұлға болу арқылы жанымызды, қанымызды,мәдениетімзді сақтай аламыз. Біз қанымызды сақтаған жерде қазақ деген ел еш уақытта да өшпейтін, өлмейтін болады!!! Әлем тарихында дәл қазақ сияқты ежелден-ақ берік қалыптасқан біртұтас ұлт некен – саяқ, тіпті жоқ та шығар. Түркі жұртының қарашаңырағы – бізбіз! Алтын орданың жұртында біз отырмыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет