Қазақ даласындағы саяси ойлардың тарихы оған идеялық-саяси ықпалын тигіген түркі және араб саяси философиясына барып тіреледі. Мұсылман Шығыс ойшылдарының әдет-ғұрыпта рын қабылдап және оны жалғастырғанымен, қазақ саяси ойларының өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өзіндік ерекшелік идеалды мемлекеттің теориялық үлгісін құрған араб тілді саяси ойшылдарға қарағанда, қазақ даласында саяси өмірдегі мәселені практикалық жағынан шешу және нақтылық байқалады. Қазақ сахарасындағы идеялар тек саяси шындықты ғана көрсетіп қоймайды, керісінше онда мол фактілік материалдар жинақталған және оқиғаларды түсіндіруде үрдістік сипат басымдыққа ие болады.
Ғұламалардың жазған еңбектерінен біз олардың өзінің жеке бақылағандарына негізделген айқын қойылған мақсаттар мен міндеттерді табуымызға болады. Авторлардың шығармаларының мұндай өзіндік ерекшеліктеріне қарап, оларды тек қазақтардың ХV–ХVІІ ғасырлардағы саяси тарихы ғана суреттелген тарихи-саяси ескерткішке жатқызуға болмайды, неге десеңіз бұл дерек көздерінде қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, басқару саясаты мен нысандары туралы мол фактілік материалдар бар.
Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың бас кезі) мемлекет қайраткері, би, ойшыл, жырау. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Асан Қайғы ұсақ хандықтардың басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Жәнібек пен Керей хандарды жақтайды. Ал қазақ хандығының негізі қаланған кезде, Асан Қайғы жаңа мемлекеттің жаршысы, басты идеологына айналды. Билік басындағылардың асау мінезін сынап, Асан Қайғы оларды сабырлыққа шақырады. Сабырлық парасат пен ізгіліктен тұрады. Билеуші ең алдымен – ізгілік иесі деп көрсетеді. Жырау емес, ол би, ол қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған саяси қайраткер. Сонымен қатар, ол елді бірлікке шақырып, ел тұтастығын үндеген. Асан Қайғы әлеуметтік мәселелерге де араласып, қоғамда билеушілерді әділеттілікке шақырып отырған.
Қазақ топырағында артында өшпес із қалдырған тұлға – Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жж.). Мұхаммед Хайдар Дулати тарихшы-ғұлама, мемлекет қайраткері және де «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің авторы. Кітап сол заманның мәдени-тарихи, саяси өмірін сипаттаған жазба мәдениеттің үлгісі.
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасындағы парасаттылық пен ізгілік мәселелері одан кейінгі ойшылдарға да үлкен азық болды.
Қазақ қоғамындағы бізге жеткен аса маңызды алғашқы саяси-құқықтық құжат – «Жеті Жарғы» (ХVІІ–ХVIII ғғ.) саналады. «Жеті Жарғыда» нормалар тізбесі, қазақ қоғамындағы діннің рөлі, әлеуметтік топтар мен саяси ұйымның саяси-құқықтық белгілерінің сипаты беріледі. Ең ықпалды саяси күш – ақсүйектер тұқымы (төрелер) болып табылды. «Жеті Жарғыда» көрсетілгендей, сұлтан– жоғары билікті, үкіметті білдіреді, ал X ғасырдан бастап ол билікке ие дербес тұлғаны білдіреді. Ақсүйектерге жатпайтын халықтың қалған бөлігі «қара-сүйек» деп аталып, рулар мен тайпаларға бөлінді.
Назарларыңызға рахмет