Сабақтың тақырыбы «Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы»



Дата23.08.2017
өлшемі197,83 Kb.
#25386
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы

«Ақ Орданың, Моғолстанның,Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы»



Мақсаты

Қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттердің әлеуметтік құрылысы, жерге меншік қатынастар,салықтар мен міндеткерліктер, мемлекеттік-әкімшілік құрылысы жөнінде түсінік беру;

Күтілетін нәтижелер


Қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттердің әлеуметтік құрылысы, жерге меншік қатынастар, салықтар мен міндеткерліктер, мемлекеттік-әкімшілік құрылысы туралы айта алады; жаңа сөздердің мағынасын біледі;

Тарихтағы алатын орны туралы айта алады,өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра біледі.

Керекті жабдықтар


Қазақстан картасы, интерактивті тақта,түрлі тапсырмалар,суреттер,ноутбук,планшет, тірек кесте.


Қолданылатын әдістер

Үй тапсырмасын тексеру, картамен жұмыс, тест,жаңа тақырыпты меңгеруде «Жеке ойлану-жұпта бөлісу-топта жинақтау-ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша «Жарнама» жасау, бекітуде терминологиялық диктант, тарихи сынақ хат, схема бойынша сипаттама беру тапсырмалары

Сабақ барысы:

Сабақ кезең-дері

Уақы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


2 мин

10 мин


Сыныппен амандасу Топтарға бөлу (3 топ)

Үй тапсырмасы: Әбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы)

А) Картамен жұмыс:

Әбілқайыр хандығының шекарасын анықта және астанасын көрсет.

Б) Тест жұмысы.Өзін-өзі тексеру.

1. Әбілқайыр хан кімнің ұрпағы болған?

А. Шайбани. Б. Шағатай. В. Бату. Г. Орда – Ежен. Д. Темір.

2. Әбілқайыр хан билік жасаған жылдар:

А. 1418-1438 жж. Б. 1428-1458 жж. В. 1438-1478 жж.

Г. 1428-1468 жж. Д. 1438-1468 жж.

3. Әбілқайыр мемлекетінің алғашқы орталығы болған қала:

А. Түмен. Б. Тура. В. Алмалық. Г. Сарайшық. Д. Сарай

4.1446 жылдан кейін орталық болған қала:

А. Сығанақ. Б. Сайрам. В. Созақ. Г. Аққорған. Д. Үзгенд.

5.Екі рет Әбілқайыр – хан Тоқа–Темір ұрпақтарына қарсы шайқасқа шыққан жыл:

А. 1430 ж. Б. 1431 ж. В. 1432 ж. Г. 1433 ж. Д. 1435 ж.

6.1446 ж. Әбілқайыр басып алған қала:

А. Бухара. Б. Ташкент. В. Самарқанд. Г. Түркістан. Д. Сығанақ.

7.1456-1457 жж Әбілқайыр .... күйрете соққы алып, жеңілді.

А. ноғайлардан Б. монғолдардан В. ойраттардан

Г. қазақтардан Д. қарақалпақтардан

8. Жәнібек ен Керейдің орналасқан мемлекеті:

А. Ақ Орда. Б. Ноғай Ордасы. В. Өзбек хандығы. Г. Сібір хандығы.

Д. Моғолстан.

9.Әбілқайыр Моғолстанға жорығын мына мақсатпен орындады:

А. Жәнібек пен Керейді жазалау Б. Ойраттар билеушісі Үз-тайшыдан өшін алу В. Есен-Бұғадан кегін алу үшін Г. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алу Д.Моғолстанды өз билігіне қарату


Топтарға бөлініп отырады.

Топтық ережені еске түсіреді.

Оқушылар жауап береді.

Оқушылар жауап береді.




Тұсаукесер

2 мин

Қызығушылығын ояту.

«Қазақ елі» фильміненүзінді көрсету.

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айтады.


Сабақ критерийлері:

1.Әбілқайыр хандығының құрылуы,жер аумағы.

2.Халқының этникалық құрамы.Әбілқайыр хандығының нығаюы.

3.Хандықтың ілсіреуі.



Негізгі бөлім


17

мин



Оқулықпен жұмыс. Өз-өзін оқыту.

Көпір тапсырмасы


Кестемен жұмыс

Мемлекет атауы

Тарихи шеңбері

Мекендеген жері

Астанасы

Жоғары билеуші




Ақ Орда













Моғолстан













Ноғай Ордасы













Әбілқайыр хандығы
















Теориясы: «Білу» (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істейді?)



Сұрақтар

Жауабы

1

Кімнің ұрпақтары билік иелері болды?

Шыңғыстың

2

Хаңдық биліктің ең жоғарғы өкілдері кімдер?

Хандар, сұлтандар, оғландар

3

Мемлекет билігі кімнің қолында болды?

Ұлы хан қолында

4

Хандық билік қандай жолмен беріледі?

Мұрагерлік жолмен атадан балаға беріледі.

5

Мемлекеттік істер қайда қаралды?

Хан кеңесінде

6

Ханның кеңесшісі кімдер болды?

Уәзірлер

7

Құрылтай дегеніміз не?

Хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны

Семантикалық картамен жұмыс.

Теорияс0ы: «Түсіну» (Неліктен?

Себебі?

Неүшін?

Неге?)



Анықтамасы

Сұрақтар



Мырза

бек

қараша

Әмір

Ноян,

Баха


дур,

батыр


Ноян,

баһадүр,

батыр


Ақ Орда Әбілқайыр, Моғолстан хандықтарында түрік тайпаларының басшыларын қалай атады?



















Ноғай Ордасында қалай атады?



















Өкімет басқару жүйесінде қандай атау жие қолданды?



















Әділ үкім шығарушы қызметті кім атқарды?



















Бай – шонжар билеушіге байланысты айтылған сөздер



















Қарапайым халық





















Теориясы: «Талдау» (Салыстыр, талқыла ерекшелігі неде?)

«Яссы» туралы мәлімет айту (Қосымша мәліметпен жұмыс)

1368 жылға дейінгі монғол ұлыстарында сол уақытта қабылданған Шыңғысханның «Ұлы Ясса» заңдар жинағы ережелері қолданылған. Шыңғысханның Ясса заңдарында қаржы туралы екі бап және сауданы реттеуші екі бап қарастырылған.

Мемлекеттік қазына және салық жүйесі туралы алғашқы заң 1229 жылы Қарақорымда Үгедей қағанның жарлығымен қабылданды. Осы Жарлыққа сәйкес қаған ордасы қасында қаражаттар қоры құрылды және қор ережелері қабылданды. Бұл қаражаттар қоры мынадай қаражаттардан құралды:



1. Халықтан алынатын алым-салық;

2. Әр түрлі сыйға тартылған мүліктер;

3. Әскери олжалар.

Орталық қорды реттеу міндеті Әділет министрлігіне бекітілсе, ал алтын, күміс және бағалы заттар қорын реттеу және олардың сақталуын қаған ордасының кеңсесі өз міндетіне алды.

Жергілікті халыққа салық салудың бір өзіндік жүйесі бекітілді. Халықтан алынатын салық «қалан», егіншілерден, көшпелі малшылардан алынатын салық түрі «қашпауыр» деп аталды, 100 бастан 1 бас мал беру деген сөз. Саудагерлерден «баж» салығы, сонымен қатар халық - көпір салу, құдық қазу, қорғаныс бекіністер салуға міндетті болды. Мұсылман әдет ғұрыптарына сәйкес халықтан жиналатын зекет және садақа сияқты алымдар мемлекеттік қазынаның құрамына кірмейтін болған, ол мемлекеттік қазынадан бөлек бір жүйені құрайтын болған.

Мемлекеттік қазынаның, оның ішіндегі салық жөніндегі кірістері мен шығыстарын тексеру үшін империя ішінде халық санағы жүргізілген болатын, ол кейіннен мүліктің тізімін жүргізумен жалғасты. Ең алғашқы халық санағы Орталық Монғолияда 1230 жылы жүргізілген, ал кейіннен Берке хан басқарып отырған Жошы ұлысында 1257жылы жүргізілді. Бұндай санақтар салықтардың дифференциалдық жүйесін құруға көмегін тигізді.




Картамен жұмыс. Інжулік иеліктер

«Түсіну»

(Неліктен?



Себебі?

Не үшін?



Неге?)






Жерге меншіктік қатынастар

сәйкестіндіру



«Талдау» (салыстыру, ерекшелігі неде?)



Жер меншіктің түрлері

Сәйкестігі

Иемденушілер



1

Мемлекеттік жерлер







Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері

1

2

Інжу







Дін иелерінің жерлері

2

3

Вакфтық жерлер







Тікелей хандардың қарамағындағы жерлер

3

4

Шаруалардың мүліктік







Ханға адал қызмет істегендерге берілетін жерлер

4

5

Сойырғал, иқта







Отаршылық аудандардағы егіншілік жерлер

5

Бекіту:

І тапсырма. Салық түрлері Терминологиялық диктант

«Талдау» (мәнін аш, ерекшелігі неде?)

Тағар

Қалап

Құшыр

Зекет

Харадж, баж


ІІ тапсырма. Тарихи сынақ хат


Теориясы: «Талдау»

(салыстыр,

ерекшелігі неде? Ең бастысын бөліп шығар )


Көшпелі аудандардағы ........ .......... шаруалар да .........., ........, .......... сияқты төлемдер төлеп, ......................жұмыстар атқарған. Сонымен қатар ..................адамдар әскери қызметкерлік жұмыстарын өз аттарымен, .............- .................

атқаруға тиіс болған. Бұл жағдай олардың өз тіршіліктерімен ........ ........., шаруашылықтарына ........... келтірген.Сонымен .........қатынастардың дамуына байланысты ................. , .....................

теңсіздік өсіп, ........ ............. ............., малшы халықтың халі ......................... .. бастады.



ІІІ тапсырма. Схема бойынша сипаттама беру:





Өздеріне берілген тапсырманы орындап таныстырады.

Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша» бағалайды.



Қоры

тынды

2 мин

1 мин


1 мин

Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды бағалаймын , бағаға түсініктеме беремін.

Үйге тапсырма: §29

Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасыныңмемлекеттік-әкімшілік құрылысы


  • Әлеуметтік жүйесін сипаттайтын ұғымдар мен терминдерді дәптеріңе көшіріп жазыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріңдер.

Сабақ рефлексиясы.



Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сен үшін ең қызықтысы, маңыздысы не болды? Бұл сабақтан қандай қорытынды шығаруға болады?

Бүгінгі сабақта мен кім болдым?

«тыңдаушы»

«ойлаушы»

«қатысушы»

Бәйтерек парағы

Сабақ бойынша өз сезімдерімен бөліседі.



Сабақтың өзіндік талдауы



Сабақ бойынша өзгертулер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет