Спорттық жүріс Спорттық жүріс – жеңіл атлетиканың олимпиядалық дисциплинасы. Оның негізгі ережесі – әрбір аттаған сайын аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Олимпияда бағдарламасында ерлер арасындағы жарыстар стадионнан тыс жерде өткізіледі, ара қашықтығы 20км және 50км, ал әйелдер арасында 20км.
Ережелер Спорттық жұмыс – жүрушінің аяғы үнемі жермен ұштастыру арқылы кезектестіріп қадамдау болып табылады. Осыны ескере отырып, келесі екі ереже ескерілуі қажет:
- әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды, демек, спортшының екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл фазаны төрешілер мұқият қадағалайды;
- ең алғашқы сэттен бастап, алдыға қойылған аяқтың тізесіаяқты көтермегенше бүгілмеуі қажет.
Ережені бұзбау үшін төрешілер сары түсті карточка арқылы ескерту жариялауы мүмкін. Карточканың бір жағында көлбеу толқынды сызық бейнеленген, екінші жағында 150 градус бұрышында қосылған екі кесінді бейнеленген.
Егер ереже бұзылса және жүрушіге ескерту берілсе, онда төреші қызыл карточканы үлкен төрешіге жібереді. Егер қызыл карточка ара қашықтықтағы әртүрлі үш төрешіден үлкен төрешіге жіберілсе, онда спортшыны дисквалификациялайды. Бұл жағдайда спортшыға қызыл карточканы көрсету арқылы дисквалификацияланғанын хабарлайды.