Техникалық түрлері:
Көпсайыс:
Ерлер арасындағы он сайыс (жазғы маусым): 100 м. қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, 400 м. жүгіру, кедергілермен 110 м. қашықтыққа жүгіру, диск лақтыру, сырықпен секіру, найза лақтыру, 1500 м. жүгіру.
Әйелдер арасындағы жеті сайыс (жазғы маусым): кедергілермен 100 м. қашықтыққа жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, 200 м. жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру, 800 м. қашықтыққа жүгіру.
Ерлер арасындағы жеті сайыс (қысқы маусым): 60 м. қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, кедергілермен 60 м. қашықтыққа жүгіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, сырықпен секіру, 1000 м. жүгіру.
Әйелдер арасындағы бессайыс (қысқы маусым): кедергілермен 60 м. қашықтыққа жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, 800 м. қашықтыққа жүгіру.
Спорттық жүріс:
Спорттық жүру – бұл жеңіл атлетиканың түрі, оның жүгіру түрлерінен айырмашылығы, аяқ жермен үнемі байланыста болуы қажет. Ол олимпиадалық бағдарламада ерлер үшін жарыс стадионның сыртында, 20 км. мен 50 км. қашықтықта, әйелдер үшін 20 км. қашықтықта өтеді.
Жүгіру түрлері
Жеңіл атлетиканың жүгіру түрлері келесі стадиондық дисциплиналарды бірлестіреді: спринт (100м, 200м және 400м), орта қашықтықтарға жүгіру (800м-ден 3000м-ге дейін және де кедергілер арқылы жүгіру 3000м), алсы қашықтықтарға жүгіру (классикалық ара қашықтық 5000м және 10000м), кедергілер арқылы жүгіру (110м, 400м) және эстафета (4*100м, 4*400м). Барлығы стадион жолдарында өткізіледі.
Ережелер
Спортшылар бұрынғы жарыстар кезеңдерінде алған орындарына немесе жеребеге байланысты өз позицияларына тұрады. «Дайындал!» бұйрығы бойынша сөре сызығында немесе спринтте өз орындарына тұрады. «Көңіл бөл!» бұйрығы бойынша сөреге дайындалып, әрбір артық қозғалысты доғарулары керек (бұйрық спринтта ғана қолданылады). «Алға!» бұйрығын сөреші үлкен жарыстарда электрондық таймерді біріктіретін сөре тапаншасынан атып береді.
Мәре сызығын асып өткен спортшы жеңеді. Егер даулы жағдай болып жатса, онда сурет мәресі қолданылады және де қай жеңілатлеттің денесі мәре сызығын кесіп өтсе, сол бірінші болып есептеледі.
Көлемді жарыстарда қатысушылардың саны көп болған жағдайда сөрелер електен өткен ұтылғандармен бірнеше шеңберде өткізіледі (немесе алған орындарына байланысты, немесе келген нашар уақыттарына байланысты).
-100м және 800м 1-4 шеңбер өткізіледі (жүгіру-ширек финал-жарты финал-финал);
-1500м-ден 5000м-ге дейін 1-3 шеңбер (жүгіру-жарты финал-финал);
-1000м 1-2 шеңбер (жүгіру-финал);
Соңғы жүгірістерге қатысатындар:
-100м-ден 800м-ге дейін, эстафеталар-8 спортшы/8 команда
-1500м-ден 10000м-ге дейін – 12 спортшы және одан да көп.
Жүгіру дисциплинасының қорытындысы стадионда тура 1/100сек дейін өлшенеді, тас төсем жүгірісте тура 1/10сек дейін өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |