Атлант мұхиты алабының Балтық, Қара, Азов теңіздері ТМД аумағының батыс бөлігінде орналасқан. Оларға келесідей ұқсастық тəн: бұл теңіздердің Атлант мұхитымен өте алыс жатыр жəне бір-бірімен теңіздер, таяз сулы бұғаздар арқылы байланысқан; олар негізгі ағынды Шығыс Еуропа жазығынан алады; батыстан келетін ауа массалары теңіз климатының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Балтық теңізінің қазаншұңқыры Шығыс Еуропа платформа шегіндегі Балтық қалқаны мен Орыс плитасында орналасқан. Қара жəне Азов теңіздерінің қазаншұңқырлары альпі қатпарлығы белдеуінің сыртқы жағы зонасы мен Скиф плитасының оңтүстік бөлігінде қалыптасқан. Қара теңіз қазаншұңқыры қайраңдарынан, материктік беткейдің кертпештерінен жəне қазаншұңқыр түбіндегі аккумулятивтік жазықтардан тұрады. Атлант мұхитының барлық теңіздерінің үлкен көліктік маңызы бар. Теңіздер кəсіптік маңызы бар жануарлар мен өсімдік түрлеріне бай. Климат жағдайы мен аккумулятивтік жағалаулар рекреацияның кең дамуына жағдай жасайды: мыңдаған сауықтыру орындары, курортты қалалар теңіз жағалауындағы аудандарда орналасқан.