Арнайы функциональды немесе жай кереуеттерде орындалуы мүмкін. Бұл қалып алдымен ішпен және бүйірмен жатуының арасында болады. Науқас тек біраз бөлігінде жәрдемдесе алады, екі медбикемен орындалады. КӨРСЕТКІШТЕРІ: мәжбүрлі орналасу, пассивті орналасу, ойықтарды пайда болдырмау.
Процедураға дайындық:
Науқасқа орналастырудың мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіру және келісім алу.
Керек заттарды дайындау: жастық, валиктер, аяқ тірегіштер (құм толтырылған мөшек).
Науқастың жағдайын тексеру, төсектің тірегіштерін бекіту.
Процедураның орындалуы:
Процедураның орындалуы:
Медбике тұрған жақтан бүйір поручиндерді түсіру, науқастың арқасында, кереует ортасында жатқанына көз жеткізіп, жастықтарды алып тастау.
Кереуеттің бас жағын горизонталь қылу.
Науқасты кереует жиегіне орналастыру.
Науқасты ептеп бүйірінен, одан біраз ішіне жатқызу.
Науқастың бас жағына жастық салу.
Жоғарыда орналасқан, бүгілген қол астына жастық қойып, екінші қолын жайлыққа қояды.
Жоғарғы бүгілген аяқтың астына құм толтырылған қапшықты қою.
Процедураның аяқталуы:
Мейірбике жақтағы жүктемені шешу.
Науқастың төсектің дәл ортасында арқасымен жатқанына көз жеткізу және жастықты алып тастау.
Төсектің бас жағын горизонтальді қалыпқа қою.
Науқасты төсектің шетіне орналастыру.
Науқасты бір жағынан ішімен жататындай қалыпқа келтіру.
Науқастың басына жастық төсеу.
Қолын иық қалпымен бірдей қылып жастық төсеу. Ал бір жақ қолын бос төсекке орналастыру.
Науқастың бір жақ аяғын жамбасымен бірдей қалыпта қылып жастық қою керек.
Аяқ төсегішке құм салынған мөшек қою керек
Науқастың жайлы жатқанына көз жеткізу, төсек жапқышты жөндеу керек.