Жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады, (ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе бәсеңсиді. Жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады, (ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе бәсеңсиді. Іші қатты ауырған (аппендицит, жедел перитонит) жағдайында науқас адам аяқтарын тізеден бүгіп, шалқасынан қозғалыссыз жатуға мәжбүр болады. Ойық жара сырқаты кезінде науқас ішінің ауыратын жерін алақанымен басып, тізесі мен шынтағына сүйеніп, немесе төмен еңкейіп тұрады. Менингитпен сырқаттанған адамның қалпы осы ауруға тән: науқас тізеден бүгілген аяқтарын ішіне тартып, бір жақ қырымен жатады, желке еттерінің қатаюы нәтижесінде басын кейін қайырып ұстайды. Тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде науқас қолдарын тізесіне қойып, немесе орындықтың арқасын құшақтап отырады. Осындай қалыпта тыныс бұлшық еттері көмектесіп, тыныс алуы аздап та болса, жеңілдейді. Ылғалды плевритпен, өкпенің крупозды қабынуымен, пневмоторакспен сырқаттанған жағдайда адам ауыратын қырына қарай жатады, себебі ол сау өкпеге терең дем алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа да көптеген өкпе ауруларымен (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі, гангренасы) ауыратын науқастар бір қырымен жатады, өйткені сау өкпе жағына бұрылғанда көп мөлшерде қақырық түсіп, жөтел қатты қысады. Тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде науқас қолдарын тізесіне қойып, немесе орындықтың арқасын құшақтап отырады. Осындай қалыпта тыныс бұлшық еттері көмектесіп, тыныс алуы аздап та болса, жеңілдейді. Ылғалды плевритпен, өкпенің крупозды қабынуымен, пневмоторакспен сырқаттанған жағдайда адам ауыратын қырына қарай жатады, себебі ол сау өкпеге терең дем алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа да көптеген өкпе ауруларымен (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі, гангренасы) ауыратын науқастар бір қырымен жатады, өйткені сау өкпе жағына бұрылғанда көп мөлшерде қақырық түсіп, жөтел қатты қысады.
Достарыңызбен бөлісу: |