Нейроревматизм Нейроревматизм – кең таралымды ревматизм үрдісінің көріністерінің бірі. Мұнда буындар және жүрек зақымдануымен қатар, патологиялық үрдіс нерв жүйесін де қамтиды. Этиологиясы мен патогенезі. Ревматизм инфекциялы-аллергиялық аурулар қатарына жатады. Негізгі этиологиялық фактор – А тобындағы антигемолитикалық стептококк. Оның организмге енуі баспа немесе тонзиллит түрінде жиі байқалып, иммундық жүйенің бұзылуына ықпал жасайды. Нерв жүйесіндегі өзгерістер дәнекер тканьдік құрылымдардың тікелей зақымдауынан, сонымен бірге жүрек қызметі мен жалпы гемодинамикалық бұзылыстардан да болуы мүмкін. Клиникасы. В.В. Михеев жіктемесі бойынша нейроревматизмнің 3 түрі бар: І. Ми қан тамырының зақымдануы. ІІ. Ревматизмдік энцефалиттер мен менингоэнцефалиттер ІІІ. Невроз тәрізді синдром психикалық бұзылымдар Диагностикасы. Науқастардың көпшілігінде солға жылжыған лейкоцитоз, сулема мен тимол сынақтарының көтерілуі, формолдық, С-реактивті белок, Такатта-Ара реакцияларының нақтылығы, әсіресе α2- глобулин фракциясының көбеюі арқылы білінетін ірі дисперсиялы белоктар мөлшерінің шамадан тыс артуы байқалады. Ревматизм үрдісінің белсенділігін стептококктық антиденелер мен антистептолизин (АСЛО), антистрептогиалуронидаза (АСГ) және антистрептокиназа (АСК) титрлерінің үдеуінен байқауға болады.
Нейроревматизм емі. Ревматизм мен оның неврологиялық көріністерін емдеуде антибиотиктер, аспирин күніне 2,0-3,0, кортикостероидтар күніне 0,03-тен 0,05-ке дейін бір ай бойы преднизолон арқылы жүргізілетін комплекстік терапия қолданылады. Аурудың созылмалы түрлері үздіксіз ұзақ (3-6-7 ай бойы) антибиотиктер, гормондар, анальгин, аскорбин қышқылы, витаминдер (Е,Р,В тобы), ал кейде иммунодепрессанттармен (циклофосфамид, докан, меркаптопурин) алмастыра емдеуді талап етеді.
ВИЧ-инфекциясы. ВИЧ-инфекциясы. Этиологиясы. ВИЧ-инфекцияның – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромының қоздырғышы ретровирустар тұқымдастығына жататын вирус. Вирус жыныстық қатынас арқылы, нашақорлар стерильденбеген шприцтерді пайдаланғанда және асептика ережелері сақталмайтын басқа да аурулардан, сонымен қатар вирус жұққан адамдар қанын немесе одан жасалатын препараттарды емдік шара ретінде қолданғанда таралады. Неврологиялық көріністер аурудың кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін. Шұғыл инфекция басталысымен неврологиялық белгілер байқалмайды, бірақ олар кейде аурудың алғашқы көрінісі болуыда мүмкін. Олар: 1) есеңгіреумен,тесте сақтау қабілеті төмендеуімен және афференттік бүліністермен көрінетін қайтымды энцефалопатия; 2) бас ауруы, шүйде бұлшық еттерінің құрысуы, көз қарығуы және артралгия, кейде папуломакулездік бөртпелер арқылы білінетін шұғыл асептикалық менингит; 3) жекелеген бас сүйек-ми нервтерінің, оның ішінде бет нервісі нейропатиясы, сонымен қатар шұғыл жоғары немесе көлденең миелит.
Достарыңызбен бөлісу: |