Диагностикасы. Серологиялық зерттеулер иммунды-ферменттік анализ арқылы антиденелерді анықтау. Сонымен қатар ми КТ-сы және МРТ жасалады.
Емдеу. Зидовудин 200 мг-нан тәуләгәне 6 рет немесе 4-8 сағ венаға 1,5 мг/кг жіберіледі. Қан өндіру кемігенде препараттың дозасын азайтамыз. Бұл препараттар науқастың салмағын қарай тағайындалады.
Қорытынды
Қорыта келе, нейроинфекция — бұл нерв жүйесін зақымдайтын инфекциялық ауру. Оның негізгі қоздырғыштары вирус,бактерия, протей және саңырауқұлақтар. Нейроинфекциялар 2 түрге бөлінеді:
Біріншілік нейроинфекциялар.
Екіншілік нейроинфекциялар.
Емі. Комплекстік ем жүргізіледі. Оларға антибиотиктер және иодты препараттар жатады.