Нейроинфекция — бұл нерв жүйесін зақымдайтын инфекциялық ауру. Оның негізгі қоздырғыштары вирус,бактерия, протей және саңырауқұлақтар болып табылады. Нейроинфекциялар 2 түрлі : 1. Біріншілік нейроинфекциялар - микроорганизмдер ең алдымен нерв жүйесін зақымдайды. Олар көбінесе вирустық инфекциялар болып келеді 2. Екіншілік нейроинфекциялар— микроорганизмдердің басқа инфекция ошағынан нерв жүйесіне өтуінен пайда болады. Бұл ауруға нейросифилис, нейроревматизм, ВИЧ-инфекция,нейробруцеллез жатады.
Нейросифилис
Сифилиспен сырқаттанғандарда нерв жүйесінің зақымдануы 15-25%-ын құрайды. Сифилистен болатын қосымша неврологиялық асқынулар әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, медициналық қызмет көрсету ерекшеліктеріне және халықтың мәдени деңгейіне байланысты. ДДҰ мәліметтері бойынша жылына бұл аурумен 20 млн адам ауырады екен.
Нейросифилистің алғашқы(мезодермалық) және кешеуілдеген (эктодермалық) көріністері ажыратылады.
Алғашқы мезодермалық асқынулар біріншілік (бас ауруы, радикулалгия, неврит) және жиірек екіншілік (менингит, миелит, менингорадикулоневрит және менингомиелит, цереброжұлындық васкулит) кезеңдерінде, яғни инфекция жұққаннан бірнеше айдан 2-3 жылға дейінгі мерзімде дамиды.
Кешеуілдеген эктодермалық асқынулар (созылмалы миненгит және менингомиелит, гумма, пахиминенгит, эндоартериит) сифилистің үшінші кезеңінде, яғни ауру басталғаннан 3-6 жыл кейін өрбиді.
Алғашқы симптомдарға 10-15 жыл өткенге дейін созылатын сифилистің эктодермалық көріністері – жұлын семуі, үдемелі салдану, амиотрофиялық жұлындық сифилис және Эрба сіреспелі салдануы жатады.