Атеросклероз (atherosclerosіs; гр.athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді.. Оның пайда болу себебіне гиперлипопротеинемия, холестерин көп болуы болып табылады. Дамыған елдерде өте көп тараған ауруларға жатып, миллиондаған адамдардың өліміне себепші болып тұр.
Атеросклероз және оның асқынуларының (ЖИА, инсульт, стенокардия және т. б.) алдын алу және емдеу үшін қолданылатын препараттардың ең бір маңызды компонеттері гиполипидемиялық заттар. Негізгі әсері қан сарысуында мөлшері жоғарлаған атерогенді липопротеиндерді төмендету, антиатерогенді липопротеиндерді жоғарлату.