- Тобы. Статиндер
- Әсер ету механизмі. Коэнзим А редуктаза ферментін тежеу арқылы бауырда хс синтезделуін басады. Оның есесіне бауырда ТТЛП рецепторларының саны артады, бұл қан сарысуында АТЛП және ТТЛП мөлшерінің төмендеуіне әкеледі, себебі эндоцитозы мен катаболизмі жоғарлайды; тағамдық хс сіңуін азайтады; бауырда ӨТТЛП синтезін басады; ЖТЛП мөлшері аз дәрежеде көтеріледі.
- Фармакологиялық әсері. Гиполипидемиялық.
- Қолданылуы. Гиперхолестеринемияда, ІІ,ІІІ тип гиперлипопротеинемия.
- Жанама әсері. Диспепсиялық бұзылыстар, бастың ауыруы, тері бөртпелері, бұлшық еттің ауыруы, миопатия.
Тобы.
Әсер ету механизмі.
Фармакологиялық әсері.
Қолданылуы.
Жанама әсері.
Холестирамин - Тобы. Өт қышқылдарының секвестранттары
- Әсер ету механизмі. Хс-нің ішектен сіңуі азаяды. Бауырда хс синтезінің компенсаторлы жоғарлауымен жүреді. Бірақ қан сарысуында хс мөлшері азаяды, себебі синтезіне қарағанда шығарылуы басым.
- Фармакологиялық әсері. гиполипидемиялық
- Қолданылуы. Гиперхолестеринемия, өт тас ауруы, ІІ тип гиперлипопротеинемияда.
- Жанама әсері. Құсу, лоқсу, іш өту. Протромбин деңгейін анықтай отырып ем жүргізеді.
Пробукол - Тобы. Гиполипидемиялық препарат.
- Әсер ету механизмі. Қан сарысуында ТТЛП мөлшерін азайтады, бауырмен ТТЛП мөлшерін ұсталуын ынталандырады (рецептордың қатысуынсыз).
- Фармакологиялық әсері. Гипогликемиялық, антиоксиданттық.
- Қолданылуы. ІІ типінде, гиперхолестеринемияда.
- Жанама әсері. Лоқсу, іш өту, іш аймағындағы ауру сезімі.
Клофибрат - Тобы. Фибраттар.
- Әсер ету механизмі. Липопротеинлипазаның белсенділігін, ЛП-рецепторлардың санын жоғарлатады, ӨТТЛП бауырда синтезделуін және қанға өтуін азайтады, бауырда хс синтезін синтезделуін аз дәрежеде тежейді.
- Фармакологиялық әсері. Гиполипидемиялық, антиагреганттық, фибринолитикалық.
- Қолданылуы. ІІ,ІІІ типті гиперлипопротеинемияда.
- Жанама әсері. Лоқсу, диарея, ұйқышылдық, тері бөртпелері, холецистит, лейкопения, өт тас түзілуі, аритмия және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |