СөЖ ұйымдастыру


Рефератты дайындау барысында мына ережелер басшылыққа алынуы тиіс



бет7/13
Дата05.12.2022
өлшемі130,74 Kb.
#161270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
СӨЖ ұйымдастыру 2

Рефератты дайындау барысында мына ережелер басшылыққа алынуы тиіс: 

  • реферат идеясы мен міндетін анықтау;
  • тақырыпты немесе мәселені анық және нақты тұжырымдау. Ол тым жалпылама болмауы керек;
  • таңдалған тақырып бойынша қажетті әдебиеттерді табу. Міндетті түрде оқылуы тиіс әдебиеттер тізімін құру;
  • рефератты кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі деп бөлімдерге бөлу қажет.
  • Рефераттарды жазудың мақсаты: студенттердің әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оларды талдау және сараптай алуы.

Конспект жазу

  •  Конспектілеу ақпараттарға қысқаша шолу жасау бойынша студенттің аудиториядан тыс орындайтын өзіндік жұмысының түрі болып табылады. Конспект дереккөздің деректемелерін (автордың аты-жөні, жұмыстың толық атауы, шығарылған орны мен жылы) көрсетумен басталуы тиіс. Жұмыс жазбаша түрде орындалады. Студенттің міндеттері:
  • -конспект жазатын материалды оқып шығу;
  • -негізгі керекті жерлерін жазып алу;
  • -кілттік сөздер мен ұғымдарды түртіп алу;
  • -мәтіннің қысқаша мазмұнын дұрыс жаза білу және т.б.

Эссе жазу

Эссенің тақырыбы пәнді оқыту саласының заманауи мәселелерін қозғаушы, өзекті тақырып болуы тиіс. Студент мәселенің мәнін ашып, өзге көзқарастарды көрсетіп қана қоймай, оған өз көзқарасын да білдіруі керек. Жұмыстың бұл түрі студенттен өз ойын жазбаша түрде, сондай-ақ логикалық пайымдаулар арқылы анық білдіруді, өз көзқарасын анық білдіруді талап етеді.

Студенттің міндеттері: 

Студенттің міндеттері: 

  • -тапсырманы мұқият оқып, тақырыптың өзектілігін ғана емес, мазмұны бойынша ерекше және қызықты жақтарын көрсету;
  • -тақырып бойынша ақпарат көздерін таңдау және зерттеу;
  • -негізгі және қосымша әдебиеттерді бөлу;
  • -эссенің жоспарын құру;
  • -мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, бірақ толық ашу;
  • -эссені белгіленген уақытта тапсыру.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет