Ішкі валидтілікті төмендетуші факторлардың қатарында: Фон факторы («hіstory») – тарихи даму. Бұл сыналушы тұлғасына бірінші және екінші зерттеу арасында болатын нақты оқиғалардың әсері.
Тест эффектісі. 2 рет өткізілетін зерттеу нәтижесінде алдыңғы зерттеулердің әсер етуі.
Инструменталды қателік, өлшеу құралдарының өзгеруі. Бұл сыналушының зерттеу құралдарына қатысты сезімталдығымен анықталады.
Статистикалық регрессия. Сыналушы топтар шеткі көрсеткіштер мен бағалаулар негізінде іріктелініп алынған жағдайларда көрінеді.
Сыналушылардың құрамы жағынан эквивалентті болмау факторы. Бұл зерттеу тобы мен бақылау тобындағы сыналушылар санының тең болмауымен, нәтижесінде құбылыстың кездесу жиілігінің сандық немесе пайыздық теңсіздігімен сипатталады.
Эксперимент барысында сыналушының шығып қалуы. Бұл зерттеу барысында қандай да бір себептермен топтан бір немесе бірнеше адамдардың шығуымен сипатталады.
Факторлардың өзара әрекеттесуі. Жоғарыдағы факторлардың бірігуінің әсерінен жаңа факторлардың тууы.
Бұл 8 фактор ішкі валидтілікті төмендететін факторлар (қосымша айнымалылар).
Сыртқы валидтілікті төмендететін мынандай 4 фактор бар: Реактивті эффект немесе тест жүргізудің өзара әрекеттесу эффектісі. Яғни сыналушының алдын ала жүргізген тестке байланысты эксперименттік әсерге деген сезімталдығының артуы немесе азаюы.
Іріктеу факторы мен эксперименттік жағдайларының өзара әрекеттесуі. Бұл әр топтағы іріктеу факторларының әр тектілігі салдарынан болады.
Экспериментті ұйымдастыру шарттарының түрліше болуы. Бұл зерттеу және бақылау тобында ұйымдастырылатын эксперименттік шаралардың түрліше ұйымдастырылуы.
Эксперименттік әсерлердің өзара интерференциясы. Кейде бір ғана сыналушы бірнеше эксперименттік әсерлерге ұшырасуы мүмкін. Осындай жағдайда сыналушының алдыңғы эксперименттік әсерлерінің кейінгі зерттеу қорытындыларына ықпал етуі.