Валидтілік түрлері – бұл нақты жүргізілетін эксперименттерді ойша бейнелермен салыстыру бағыттары. Валидтілікті бағалау эксперименттік бақылаудың таңдалған формаларын жүзеге асыруды бағалаумен де, зерттеуді эксперименттік қорытынды нормативтеріне сүйену тұрғысынан ұйымдастырудағы ой тұжырымдау жүйесін бағалаумен де байланысты. Психологиялық эксперименттердің мүмкін тұжырымдауларымен байланысты нормативтер валидтіліктің алуан түрлерін таратуды болжамдайды.
Ішкі және сыртқы валидтілік – ғылыми немесе тәжірибелік мақсаттағы эксперименттер болса да, дұрыс эксперименттің міндетті талқыланатын аспектісі. Осы эксперименттердің қорытындыларындағы айырмашылықтар тұжырымдаулар қалай тұрғызылатынына: өзге адамдарға, өзге жағдайларға, әрекет түр леріне немесе теориялық моделге ауыстырылатынына деген мәселеге қатысты.
Эксперименттің ішкі валидтілігі тек зерттелінетін тәуелділік туралы, яғни тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатынас туралы ғана қорытындыны қамтамасыз етеді, бірақ оның дәл осы эксперименттік жағдайдан тыс таралу мүмкіндігі туралы ештеңе хабарламайды. Егер алынған мәліметтер сенімділікпен немесе араласулармен (жүйелі, жүйеленбеген, ілеспелі) сипатталса, онда эксперименттік болжамда тұжырымдалатын ұстанымды, оған сай келетін эксперименттік әсер алынса да, негізделген деп есептеуге болмайды.
Егер жүргізілген эксперименттің ішкі валидтілігі жоғары бағаланса, онда экспериментті орнатылған тәуелділік нақтылықтағы қандайда бір затқа сай келмейді.
Сәйкестік (тәуелді, тәуелсіз, қосымша айнымалылардың) мәселесін шешуді болжамдайтын сыртқы валидтілікэксперименттік түрде бақыланатын айнымалылар сай келетін қандайда бір жағдай түріне немесе әрекет түріне тұжырымдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Егер әңгіме теориялық тұжырымдаулар туралы болатын болса, онда сыртқы валидтілік конструктті валидтілікбағасына орын береді. Конструкті және сыртқы валидтілік туралы мәселені шешу зерттеушіні эксперимент түрін: табиғи («нақты әлемді қайталайтын»), жасанды (нақты әлемді жақсартатын) немесе зертханалықты таңдап алуға алып келеді.
Конструктілі валидтілік түсінігі эксперименттің дұрыс орындалуын бағалау аспектісін: теориялық болжамдағы (гипотезадағы) түсініктерден – психологиялық конструкттерден тәуелді, тәуелсіз, қосымша айнымалылар ретіндегі эмпирикалық репрезентацияға өтуі қаншалықты негізделгендігін, сондай-ақ анықталған тәуелділікті түсіндіру автор ұсынған теориядан шындығында қаншалықты шығатынын қамтиды. Нақты әдістемелерді таңдағанға дейін немесе оларды негіздеп болған кезде эксперимент жүргізуші теориядан эмпирияға өтудегі тұжырымдаулардың сол «жарып өтуін» жүзеге асырады. Осы жағдай орындалған болса, айнымалының эксперименттік және қарсы болжамдағы орны нақтыланған болады.
Сонымен, теориялық жағдайлар деңгейінен эксперименттік және қарсы болжамдық деңгейге ауысудағы негіздемені бағалау – эксперименттің конструктілі валидтілігінің мәселелері. Айнымалыларды өлшеудің әдістемелік процедураларындағы олардың операцияналандырылу мәселесін шешу – операционаландырулық валидтілік мәселелері. Егер тәуелділіктің жалпылануы нақты жағдайдағы адам әрекетіне және жағдай түрлеріне ауыстырылса – бұл айнымалылардың сыртқы, яғни экологиялық валидтілікке сәйкестік мәселесінің шешімі.
Өз дипломдық зерттеуі бойынша айнымалыларды (тәуелді, тәуелсіз, дискретті, үзіліссіз т.б.) анықтау Тәуелді айнымалы: Толық және толық емес отбасындағы жасөспірімдердің стресстік жағдайлары
Тәуелсіз айнымалы: Толық емес отбасындағы жасөспірімдердің психоэмоционалды жағдайы
Дискретті: зерттеуге қатысушылардың саны - 100 адам
Үзіліссіз: Мектеп оқушылары (жасөспірімдер), жас мөлшері: 12-17 жас, тапсырма уақыты – 30-50мин