«Меркаптандар» - тиолдардың ескіше атауы (латынша mercurius captsns – сынапты ұстаушы) қазіргі кезде ИЮПАК номенклатурасынан шығарылған. Бірақ құрылымы қарапайым тиолдарды атағанда «меркаптан» атауы қолданыла береді. Мысалы, этилмеркаптан C2H3SH. Қазіргі радикалды – функционалды номенклатура бойынша тиолдарды – гидросульфидтер деп атайды, бірақ номенклатураның бұл түрі көп қолданылмайды. Тиолдардың тұздарының меркаптидтер деген атауы да ИЮПАК ережелерінен шығарылған. Бірақ меркапто – префиксі SH тобын орынбасушы ретінде атағанда қолданылады.
Тиоспирттерді және тиоэфирлерді галоген туындылардан және спирттерден алады:
Тиоэфирлерді галогеналкандардың тиоляттармен әрекеттесуінен алуға да болады: