Сөж пән: Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік күтім Тақырып



бет2/9
Дата20.03.2022
өлшемі2,24 Mb.
#136455
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жукти айелди курациялау

Неврастения

  • Невроздың бұл тобының клиникалық көрінісіне барлық психикалық үрдістердің айқын қажуы тән. Науқастар тез шаршайды, көңіл-күйі тұрақсыз, жиі аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары жеңіл пайда болады.Ұйқы бұзылысы байқалады, өте нашар ұйықтайды немесе ұйқысы беткей, жиі оянады, ұйқыдан кейін демалғандық сезімі болмайды. Жалпы психикалық қолайсыздық жағдайы соматовегетативтік бұзылыстармен бірге жүріп отырады.
  • Неврастенияның клиникалық көрінісіндегі психопатологиялық бұзылыстар неврастенияда үш сатыны немесе форманы ажыратуға мүмкіндік берді: гиперстениялық, тітіркенген әлсіздік (өтпелі) және гипостениялық. Классикалық жағдайларда ауру гиперстениялық көріністерден басталады, содан кейін тітіркенген әлсіздік және гипостения байқалады. Гиперстениялық сатысындағы науқастарда жоғары тітіркенгіштік, ұстамсыздық, шыдамсыздық, зейін бұзылысы байқалады. Невроздың әрі қарай дамуында симпатикасы бірте - бірте өзгереді. Ең бастысы тітіркенген әлсіздік белгісі болып табылады. Тітіркену көріністері айқын әлсіздікпен бірге жүреді, жиі науқастың гиперактивтілігімен алмасып отыратын апатия, ұйқышылдылық эпизодтары пайда болады. Науқастар бастаған ісін жылдам қажу әсерінен соңына дейін аяқтамайды.
  • Кейінірек интеллектуальды қажу, физикалық жұмыстарды орындау қиындығы, жоғары ұйқышылдық, әлсіздік, кейде күнделікті жұмыстағы белсенділіктің күрт төмендеуімен көрінетін психикалық және физикалық астения симптомдары басым бола түседі. Суреттелген күй неврастенияның гипостениялық сатысына тән.
  • Неврастенияның күрделі клиникалық көрінісінің хабаршы белгілері өткінші астениялық реакциялар болып табылады. Кейінірек неврастенияның өзі дамиды. Неврастенияның ұзақтығы әртүрлі және бірнеше айлардан бірнеше жылға созылуы мүмкін, ол психогенияның айқындылығы мен әсер ету ұзақтығына, тұлға құрылымына, органикалық зақымның бар-жоғына, қосалқы соматикалық ауруларға және т.б. көптеген факторларға байланысты. Әдетте психожарақаттық жағдайларды жойғаннан кейін немесе оған деген науқастың көзқарасын өзгерткенде және сәйкес ем қолданғанда науқас айығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет