- Жабысқақтық невроз дегеніміз- бұл науқастарда еркінен тыс жабысқақ ойлар, қорқыныштар, қимылдар пайда болуымен жүретін невроз формасы, олар науқас үшін жат, бірақ олардан арыла алмайды.
- Психопатологиялық көріністердің қайсысының басым болуына байланысты жабысқақ невроздың 3 түрін ажыратады: обсессивті, фобиялық және жабысқақ - компульсивті.
- Невроздың обсессивті түрінде науқастар жабысқақ естеліктерге (фамилияларды, жағымсыз ситуацияларды естеріне алады), елестерге (өз басынан өткен жағымсыз оқиғалар, кітаптардан немесе өзге көздерден алынған өзіне таныс оқиғалар) шағымданады. Ауру осы психикалық құбылыстардың бөтендігін түсінеді, бірақ олардан арылуға дәрменсіз. Олар қандай-да бір әрекетті толық орындауға кедергі жасайды, қажытады.Жабысқақтықтар үнемі күмәнданулармен де көрініс береді. Науқастар орындаған істерінің шындығына сенімсіз, есікті жапты ма, жарықты сөндірді ме, үйден шыққанда газды сөндірді ме және т.с.с. қайталап көп рет тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |