Сөж пәні: Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы Мамандық


Сөзжасамдық тізбек. Нақты мысалдар бойынша талдау жасап, өз ғылыми пікіріңізді жазыңыз



бет4/5
Дата15.12.2021
өлшемі126,62 Kb.
#101088
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бердіхан Бахаргүл

4. Сөзжасамдық тізбек. Нақты мысалдар бойынша талдау жасап, өз ғылыми пікіріңізді жазыңыз.

Сөзжасамдық тізбек - мағыналас, түбірлес сөздердің уәжділік қатыстағы тобынан құралатын сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі. Сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық тұлғадан таралып, бірнеше жаңа туынды атаулардан тұрады. Мысалы:

Мұра - мұрагер, мұрагерлік, мұрагерсіз, мұрагерсіздік, т.б.

Ора - орам, орам, орамды, орамдылық, т.б.

Ора - орам, орамсыз, орамсыздау, орамсыздық, т.б.

Шап - шапқы, шапқын, шапқыншы, т.б.

Шап - шапқы, шапқыла, шапқылат, шапқылатқыз, т.б.

Сөзжасамдық ұя бір негіз сөзден өрбіген түбірлес туынды сөздердің жиынтығы десек, сөзжасамдық ұядағы әр түбірлес туынды сөз сөзжасамдық тізбекте орналасады. Ұядағы түбірлес туынды сөздер қалай болса, солай жүйесіз орналаса салмайды. Олардың жасалуында да, өзіндік жүйе бар, осы, жүйе бойынша тізіліп келіп, сөзжасамдық тізбек жасайды. Бір ұядағы түбірлес туынды сөздердің орнын туынды сөздің қай сөзбен жасалуы шешеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет