Бұл қай сәт? “Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”
Бұл қай сәт?
“Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”
Бұл қай сәт? “Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”
Бұл кім?
“ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”
Бұл кім?
“Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.”
“Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай,жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
Бұл кім?
“ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”
Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”
Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бойынша фильм 1963 жылдың наурызында түсіріле бастап, 1964 жылы экранға шығарылды. Фильмді, тек Қытай мен Албаниядан басқа, әлемнің түгел елі дерлік сатып алды.
Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бойынша фильм 1963 жылдың наурызында түсіріле бастап, 1964 жылы экранға шығарылды. Фильмді, тек Қытай мен Албаниядан басқа, әлемнің түгел елі дерлік сатып алды.
Бұл фильм Кан фестивалында “Режиссерлігі үшін” деген арнайы сыйлық алды. Фильмді түсірген режиссер – Абдулла Қарсақбаев.
Нұрлан Сегізбаев қазіргі кезде “Қазақфильмде” шығармашылық бірлестікте жұмыс істейді, сценарийлер, кітаптар жазады.
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын
салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген,
үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан
екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді
талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы,
Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен,
Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала.
Кейіпкер туралы әңгімеле?
Бұл қай жерде болып еді?
Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз?
Қашан,кіммен кездесті?
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме ?